Дағдарыстан кейінгі даму ұстанымдары
2007–2009 жылдардағы әлемдік дағдарыс Қазақстанның ұдайы алға ба-
суын біршама тежеді. Тежеді, бірақ тоқтатқан жоқ. Кері кетіре де алмады. Қа-
зақстан дағдарысқа қарсы екі жоспарды жүйелі түрде іске асырды. Сол кезде
ІЖӨ-нің 14 процентіне тең болған 20 миллиард доллар жаһандық дағдарыс-
тың зардаптарын жоюға жұмсалды. Мемлекет өрлеу жылдарында жинаған
беріктік қоры және биліктің барлық деңгейінің бірлігі дағдарыстың кері ықпа-
лын жеңілдетуге және бейтараптандыруға мүмкіндік берді.
2008 жылдың қазанында кейбір елдер банкрот болуға сәл қалғанда,
ҚХА сессиясында мен Қазақстанның экономикалық өсім мен әл-ауқатты
арттырудың жаңа кеңістігіне шығатынына сенімді екенімді мәлімдедім.
Тұрақты мемлекеттік саясат Қазақстанның дағдарыс салдарын жоя ала-
тынын, одан құнды қорытынды мен өсу жолындағы оң энергия ала алаты-
нын көрсетті.
2007–2009 жылдардағы әлемдік дағдарыс қиындығы жағынан өте ерек-
ше болды, демек, одан шығу жолы да таптаурын болмауға тиіс. Жекелеген
елдердің күш-жігері жеткіліксіз болатыны айқын еді.
Әлемдік дағдарыс шырқау шегіне жеткенде, мен әлемдік қаржы рефор-
масы бастамасын ұсындым. 2009 жылдың 2 ақпанында «Дағдарыстан шығу
кілті» деп аталатын мақалам жарық көрді. Онда мен жаһандық дағдарысты
еңсеру мәселесіне өз ұстанымымды айттым және жаңа есеп айырысу бір-
лігін енгізу қажет екенін негіздедім.
Менің ойымша, бүгінде елдер мен құрлықтарды тітіретіп тұрған жаһан-
дық әлемдік дағдарыс – бұрын-соңды адамзат баласы көріп-білмеген ерек-
ше құбылыс. Ол әлем тарихында баламасы жоқ, әлемдік тәртіп пен барлық
экономикалық тіректерді толықтай өзгертетін құбылыстар тобына жататы-
ны анық. Сондықтан оны сараптау, ой елегінен өткізу және артта қалдыру
үшін барлық ескі догмалар мен стереотиптерді қайта қарастыратын ерек-
ше тәсіл керек. Қазір кінәлілерді іздеу дің қажеті жоқ. Осынша күшті әлемдік
катаклизмді тудырған жүйенің негізгі ақауын анықтауға, ең бастысы, оны то-
252
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
лық жоқ қылудың жолын іздеуге күш салу маңыздырақ. Ол үшін біз әлемдік
экономиканың, саясаттың және жаһандық қауіпсіздіктің басқаша жасалған,
мүлде соны үлгісін құрастыру шебінде тұрғанымызды мойындауға батылы-
мыз жеткені дұрыс. Ескі әлемнің олқылықтарын еңсеріп, Жаңа әлем құру
үшін туындап тұрған тамаша мүмкіндікті тиімді пайдалануға, шынында да,
бет бұрсақ, басқаша болуы мүмкін емес.
Әлемдегі ақылы кемел жандар дағдарыстан шығудың тәсілдерін іздеуге
және тұжырымдауға тырысады. Пікірлердің екі түрі – үстірт және түбегей-
лі пікірлер ерекшеленіп шыққан секілді. Біріншісі, үстірті – әлемдік валю-
та-қаржы жүйесін косметикалық жөндеу үлгісін ұсынатын шешімдер мен
рецептілер. Екіншісі, түбегейлісі – біздің әлеміміздің «генетикалық» ақаула-
рын тереңнен түзету және радикалды тәсілмен емдеу рецептілері.
Мен ұсынған толықтай жаңару жоспары да – дәл осы әлемдік ақаулар-
ды радикалды емдеудің жаһандық рецептісі. Бұл жоспар дағдарыстан кейін
жаңарудың жаһандық кілті болуы да өте ықтимал.
2006 жылы Қазақстанның ұлттық экономикасы әлемдік қаржы-эконо-
микалық дағдарыстың салдарын еңсеріп шыққаны анық көріне бастады.
2009 жылдың мамыр айында Standard&Poor’s халықаралық агенттігі Қа-
зақстан рейтингіне қатысты болжамды «тұрақты» дегенге ауыстырды. Бірік-
кен еуразиялық сарапшылар желісі (Joint Eurasian Expert Network) біздің
елімізді дағдарысқа қарсы қайрат көрсету рейтингінің алдына шығарды.
World Competitiveness Yearbook-тың экономикалық бәсекеге қабілеттілік
рейтингінде Қазақстан орташа дамыған көп елді, сондай-ақ ТМД-ның бар-
лық мемлекетін артқа тастап, 36-орынға тұрақтады.
Қазақстан, көптеген жаңа тәуелсіз мемлекеттерге қарағанда, «минусқа»
кеткен жоқ: 2009 жылдың қорытындысында ұлттық экономикада ІЖӨ оң
нәтижесін – 1,2 процентті көрсетті, ал инфляция мен жұмыссыздық басқа
көп елге қарағанда төмен болып шықты – тиісінше 6,3 және 6,4 процент.
Қазақстан жаңа ғасырдың алғашқы онжылдығына жоспарланған бар-
лық міндетті шеше алды, ең маңыздысы осы.
Дағдарыстан кейінгі ІЖӨ өсімі Қазақстанда 2010 жылы байқалды
– 7,3 процент болды, жұмыссыздық деңгейі 5,5 процентке төмендеді.
2011 жылы да еліміз ІЖӨ-нің орнықты өсімін көрсетті – 7,5 процент.
Мемлекет алғашқы кезде мүмкін емес секілді көрінген нәрсені орында-
ды: дағдарысқа қарсы жоспарды іске асыру арқылы рецессияға жол бер-
ген жоқ, елді турбуленттілік иіріміне салып жібермеді, дағдарыстан кейінгі
кезеңде өсімді жалғастыруды қамтамасыз етті.
ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
253
Дәл осы мақсат жаңа онжылдыққа есік ашқан 2010 жылдың 29 қаңта-
рындағы Жолдауда көрсетілді. Екі күннен кейін, 1 ақпанда Қазақстанның
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары бекітілді.
Достарыңызбен бөлісу: |