264
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Жүз мыңдаған қазақстандық азамат өздерінің тұрғын жайын жақсар-
тып, тұрмысын түзеуге, киім-кешегін жаңалауға, автомобиль сатып алуға
мүмкіндік алды, жиған-тергенін банкте жинап, шетелдерде демала баста-
ды. Жеке адамдардың жалпы сомасы 1 миллиард долларға тең депозиті
әл-ауқаттың артқанын күмәнсіз айшықтады. Елдегі орта таптың өсіп, қанат
жайып келе жатқаны айқын еді.
Жерорта теңізінің жағалауы, түрік шипажайлары, Біріккен Араб Әмір-
ліктері, Оңтүстік-Шығыс Азияның аралдары еліміздің ондаған мың азаматы
барып демалатын танымал демалыс орнына айналды. Еуропа қалалары
бойынша мәдени туризм де кеңейе түсті.
Қазақстан деген ел атауы шетелдердің барлығында оң пікір тудыра
бастады. Шетке шығып, ел жайлы жоғары баға естіген қазақстандықтар өз
Отаны үшін мақтаныш сезіміне бөленді.
Елде адамдар өз демалысын рақаттана өткізетін көптеген ойын-сауық
орталықтары, жаттығу залдары, демалыс бақтары, кафе, мейрамханалар,
кинотеатрлар ашылды. Ішкі туризм дамыды. Бурабай, Балқаш, Қапшағай,
Алтай, Баянауыл, Каспий теңізінің жағалауы сияқты демалыс орындары
ерекше танымалдыққа ие болды. 2000–2007 жылдар аралығында шипа-
жайлар, қонақүйлер, мотельдер саны үш есе өсті.
Әлемнің әр еліндегі қоғамдық пікірді зерттей отырып, «Еуробарометр»
ұйымы 2006 жылы Қазақстандағы өмірге ризашылық көрсеткіші – ТМД-
дағы ең жоғары және Еуроодақ көрсеткіштеріне жақын екенін атап өтті.
Ғасыр басында қазақстандықтардың әлеуметтік-психологиялық
жағдайы, өздерін бақытты сезінуі бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақса-
ра түсті.
Достарыңызбен бөлісу: