НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Әлеуметтік ахуал, демография және



Pdf көрінісі
бет147/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   264
Әлеуметтік ахуал, демография және 
отандастардың оралуы
Қазақстан халқының қоғамдық келісімі мен бірлігі әлеуметтік көңіл күй-
дің жақсаруында маңызды рөл атқарды. Адамдардың санасында Қазақстан 
халқының құрамына кіретін этностарды сыртқы «диаспоралар» деп санай-
тын бұрынғы таным-түсінік өзгере бастады. 2006 жылдың қазан айында 
Корея Республикасының премьер-министрі Хан Мён Сукпен арадағы әң-
гімеміз мені ерекше сезімге бөледі. Кездесу кезінде премьер-министр Қа-
зақстандағы корейлерді қолдағанымыз үшін маған алғыс айтты. Бұған мен: 
«Алғыс айтудың қажеті жоқ, өйткені олар – «біздің қандас бауырларымыз», 
– деп жауап бердім.


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
265
Осы сөзді мен барлық жерде – Ресейде, Германияда, Израильде жоға-
ры деңгейлі кездесулер барысында қайталадым. Өйткені барша қазақстан-
дықтар – отандастар, өз азаматтарының өмірі мен өркендеуіне тең мүмкін-
дік беретін ортақ Отанның – Қазақстан Республикасының азаматтары.
Қазақстандағы өмірдің едәуір жақсарғанын демографиялық және миг-
рациялық үдерістер де айқындады. Әл-ауқаттың артуы және денсаулық 
сақтау саласындағы оң өзгерістер бала туу мен тұрғындар санының артуы-
на да тікелей әсер етті. Бала туу көрсеткіші Қазақстанда жақсы өсім байқат-
ты: 1998 жылмен салыстырғанда елде 2010 жылы сәбилердің дүниеге келу 
көрсеткіші 63 процентке өсті.
2005 жылы халықтың табиғи өсімі (өлім-жітіммен салыстырғанда бала 
туудың көп болуы) 121 мың адамға жетті. 1998 жылы табиғи өсім мың адамға 
шаққанда 4 адам болса, 2010 жылы 13 адамға жетті. Осылайша халықтың 
әл-ауқатының негізгі демографиялық көрсеткіші – тұрғындардың табиғи 
өсімі – 2000 жылдарда үш еседен артық ұлғайды. 2003 жылы Қазақстанда 
өте маңызды демографиялық ілгерілеу болды: тұрғындар санының көбеюі 
басталды.
2009 жылдың ақпан-наурыз айларында екінші ұлттық халық санағы 
өткізілді. Қазақстан халқының саны 16 миллион адам болды. 1999 жылғы 
санақпен салыстырғанда халық санының өсімі миллион адамға жетті. Қала-
лықтар үлесі – 54 процент, ауыл тұрғындарынікі 46 процент болды. 
Қазақ ұлты заңды түрде көбейе бастады: 2005 жылы республикада 
оның үлесі 57 процент болса, 2010 жылы 63 процентке жетті. Өсімнің оң 
динамикасы кейінгі жылдары да жалғасты. 2010 жылы Қазақстанда 10 мил-
лионыншы қазақ дүние есігін ашты.
Қазақстанның көші-қон мәселесінде тартымды елге айналуы өте маңыз-
ды. Халықтың келуі кетуінен артық бола бастады. 2004 жылы алғаш рет 
келген адамдардың саны кеткендер санынан асып түсті.
Қазақстанға қоныс аударудың оң балансы одан кейін де сақталды. Бұл 
ішкі тұрақтылыққа, этносаралық келісімге, экономикалық өсімге және өмір 
сүру деңгейінің көтерілуіне байланысты екені даусыз.
2008–2009 жылдардағы дағдарыс кезінде де көші-қон теңгерімі оң бо-
лып қала берді. Мұның себебі әлеуметтік-психологиялық жағдайдың 1990 
жылдардағыдан мүлде бөлек болуынан екені даусыз. Қазақстанда халық 
біздің елді жасампаздықпен дамыту стратегиямыздың айналасына шынайы 
топтасқаны байқалды.
Жаңа онжылдықта шетелдерде тұратын сан мың қазақтың үмітін үкіле-
ген көші-қон саясаты белсенді түрде жалғаса берді. Біз отандастарымыз-
дың оралуына бұрынғыдан да көп көңіл бөле бастадық.


266
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2007 жылы Шымкент, Қарағанды, Ақтау қалаларында және Оңтүстік 
Қазақстан облысындағы Ақсукент ауылында Бейімдеу және кіріктіру орта-
лықтары ашылды. Қандастарымыздың тез бейімделуін және ішкі көші-қон-
ды реттеу үшін 2008 жылы Үкімет 2009–2011 жылдарға арналған «Нұрлы 
көш» бағдарламасын бекітті.
2012 жылға қарай Қазақстанға, тарихи Отанына 860 мыңнан астам 
қазақ қоныс аударды. Олардың басым бөлігі Өзбекстаннан, Моңғолиядан, 
Қытайдан және Түрікменстаннан келді.
Сондай-ақ Қазақстанға бұрын Ресейге, Украинаға, Германияға тұрақты 
түрде қоныс аударған отандастарымыз да орала бастады. 2011 жылы ҚХА-
ның XVII сессиясында мен Қазақстанның табыстары шетелдердегі отан-
дастарымыздың назарында жүретінін айтып: «Өзін әлі күнге қазақстан-
дықпын деп сезініп жүрген адамдар мыңдап саналады. Олар үшін біздің 
жолымыз бен есігіміз әрқашан ашық» дедім.
Осы сөздер Қазақстанның – ашық, өз күшіне сенімді мемлекет екенін 
нықтай түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет