НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет203/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   264
Өңірлер: жан-жақты даму саясаты 
2010 жылғы Жолдауда өңірлердің теңдей дамуы мен бүкіл елдің да-
муы арасына теңдік белгісін қойдым. Менің ойымша, индустриаландыру 
мен әртараптандыру экономикалық өсудің жаңа орталықтары құрылған 
кезде ғана мүмкін болмақ. Қазақстанның батысында – мұнай-газ және 
химиялық секторды, көлік қуатын, орталықта, солтүстікте, оңтүстік пен 
шығыста тау-кен металлургиялық кешені, атом, химия өнеркәсібін, 
аграрлық саланы дамытқан жөн деп санаймын. Шикізаттық емес сектор-
ды солтүстік және оңтүстік өңірлерде шоғырландырып, ал болашақтың 
экономикасын Астана мен Алматыда дамыту ақылға қонымды.
2011 жылғы Жолдауымда мен өңірлік саясаттың жаңа парадигмасы 
қажет екенін тағы да нақтыладым. Бұл көзқарас елдің 2020 жылға дейінгі 
Болжалды өңірлік-кеңістіктік дамуының сызбасында, өңірлер дамуының 
бесжылдық бағдарламаларында, индустриалды-инновациялық және 
әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларында нақты шешімін 
тапты. Жергілікті мәселелерді облыстар мен елдің мүмкіндіктерін ескере 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
381
отырып, жүйелі түрде шешуге бағытталған жаңа өңірлік саясаттың негізі 
осылар болды. 
Болжамды сызбаның негізінде Үкімет «Өңірлік даму» бағдарламасын 
қабылдады. Мұнда мынадай міндеттер қойылды: өңірлік және әлемдік на-
рыққа интеграцияланған экономикалық өсудің ұзақ мерзімді орталықтарын 
қалыптастыру; қалалық агломерациялардың Астана, Алматы, Шымкент, 
Ақтөбе, Ақтауда басымдықпен дамуы; ауылдық аймақтарды дамыту; өндір-
гіш күштерді, инфрақұрылымды және тұрғындарды үйлесімді орналастыру. 
2011 жылдың қаңтарынан бастап өңірлерді, сондай-ақ аймақтарды 
дамытудың бесжылдық бағдарламалары жасалды. Олар өңірдегі өзекті 
әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге, өмір сүру деңгейін 
жоғарылатуға және тұрғындарды жұмыспен қамтуға, өндірістік, еңбек 
және зияткерлік әлеуетті арттыруға бағытталды.
Теміртауда үлкен еңбек мектебінен өткен мен үшін өндірістік қалалар-
дың өткір проблемалары жаңалық емес. 2012 жылғы қаңтардағы Жолда-
уымда кіші қалаларды дамыту мәселелерін алға қойдым. Бұларда өндірістік 
өнеркәсіптердің және еңбек ресурстарының негізгі бөлігі әдеттегідей бір 
профильді кәсіпорындарға бөлінген еді. Соның нәтижесінде мамыр ай-
ында Үкімет кіші қалаларды дамытудың 2020 жылға дейінгі Бағдарлама-
сын қабылдады. Бұл Бағдарламаға енген қазақстандық 27 қаланың ішінде 
– Теміртау, Степногор, Шахтинск, Жезқазған, Жаңаөзен, Арқалық, Кентау, 
Қаратау, Абай, Рудный, Серебрянск және басқалары бар. 
2012 жылы желтоқсан айында, «Қазақстан-2050» стратегиясында мен 
барлық өңірлер бір-бірімен ажырамас байланыста жұмыс істеуі тиіс 
екенін атап көрсеттім.
Осы арқылы шағын қалалар мен өңірлерді дамытуға бағытталған барлық 
мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіруді, әсіресе көші-қон 
және жұмыспен қамтуда тепе-теңдікті сақтауды, тұрғындардың тұрмыстық 
жағдайларын жақсартуға деген ұмтылысты қолдауды қажет деп санадым. 
Үкімет өңірлік бағдарламаларға түзету енгізді және толықтырды, содан 
соң 2014 жылғы маусымда өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі біртұтас 
бағдарламасын бекітті. Оның негізіне бес бағдарлама алынды: шағын қа-
лалар мен өңірлерді дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарды 
жаңғырту, «Ақ бұлақ», «Қол жетімді баспана», сондай-ақ шағын қалалар мен 
шекаралық аймақтарды дамытуға байланысты шаралар. Дәл осы біртұтас 
бағдарлама көптеген қазақстандықтардың жекеменшік баспана туралы ар-
мандарының жүзеге асуына көмектескені анық.
2015 жылғы қарашадағы Жолдауымда белгіленген Өңірлік стратегия 
алты шағын аймақтың – Оңтүстік, Солтүстік, Орталық-Шығыс, Батыс, Ал-


382
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
маты және Астана – бағдарламаларын дайындауды нұсқады. Менің ойым-
ша, ірі өңірлік жобалардың айналасында кіші және орта бизнесті дамыту 
керек, инвестиция тарту керек. Одан өзге, әлеуметтік ілкімділікті – жұмыс 
күші артық өңірден жұмыс күші тапшы өңірге бағыттау қажет. Қазақстандық 
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша үлкен өңірлер бір-бірімен жалпы 
көліктік, логистикалық және байланыс құралдары архитектурасы арқылы 
бірігуі өте маңызды. 
2010-шы жылдардың ортасында аңғарғанымыздай, Индустриаландыру 
бағдарламасы сәтті жүзеге асып жатқан өңірлерде және нақты диверси-
фикация жүріп жатқан өңірлерде қиын кезеңдердің өзінде өсім байқал-
ды. Сондай-ақ күрделі экономикалық жағдайда облысаралық кооперация 
және тауар алмасу үлкен маңызға ие болды. Жергілікті маңызы бар жоба-
лар үшін 2015 жылдың соңына қарай өңірлерде Инвестиция тарту бойын-
ша кеңестер құрыла бастады. 
Елдің дамуына қажетті шынайы бәсекелестікті дамыту үшін 2016 жылы 
наурыз айында Қазақстан қосарлы-ұлттық «Doing Business» рейтингін – 
бизнесті жүргізудің шарттары рейтингін мәреге шығарды. Атап өткен жөн, 
әлемдік «Doing Business» рейтингінде Қазақстан 2015 жылы 189 елдің ара-
сында жоғары 41-орынды иеленді. Бұдан соң Үкіметтің рейтинг шартта-
рын аймақтарға таратуды қолға алғаны түсінікті болса керек. Бұл жоба биз-
нес-климатты жақсартуға, қалалар мен облыстар арасында бәсекелестікті 
дамытуға ықпал ететін болады. Алғашқы қосарлы-ұлттық бизнес жүргізу 
рей тингінде 2017 жылы бірінші орындарға Алматы және Актөбе облысы 
шықты. 
Өңірлік саясат – Қазақстанды біртұтас, жан-жақты дамыту саясаты. Ол 
халық пен капитал шоғырланған, өсімнің алға сүйреу «орталықтарын» да-
мыту бағытында мемлекеттің бүкіл аймағына – Астанадан шекаралық ау-
дандарға дейін ұласып жатуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет