НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет204/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   264
Бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту. 
Халықтық IPO. Жекешелендірудің жаңа кезеңі
2010-шы жылдардың басында мемлекет азаматтарды бизнес-бастау-
ларға және іскерлік белсенділікке барынша тарта бастады, ал 2012 жылы 
енді 30%-тен астам қазақстандық шағын және орта бизнеспен айналы-
сатын болды. Бүкіләлемдік банктің Doing Business – 2013 рейтингінде Қа-
зақстан 185 елдің арасында 49-шы орын алып, көш басындағы 50 елдің 
қатарынан көрінді. Дегенмен 2010-шы жылдардың басында Қазақстанның 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
383
ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 20% болды, ал бұл көрсеткіш 
дамыған елдерде 60-70%-ке жетеді. Мұның өзі шағын және орта бизнесте 
қай жаққа ұмтылуымыз қажет екенін айқындап тұр.
2013 жылы қыркүйекте «Атамекен» одағы» Ұлттық экономикалық па-
латасы базасында Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы құрылды. Оның басты 
міндеті – бизнес өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. 
2014–2015 жылдардағы дағдарыс шағын және орта бизнеске өте ауыр 
тиді, онда тіркелген субъектілердің үлесі төмендеп кетті. Сондықтан 2014 
жылғы Жолдауымда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жұмыста-
рын жалғастыру қажет екенін ерекше атап көрсеттім. Несие берудің тең-
дессіз, қолайлы ахуалы орнықты – 10 жылға 6%-пен беріле бастады. Мұн-
дай жағдай біздің елімізде бұған дейін болмаған. 
Бұқаралық кәсіпкерлікті қолдауға байланысты 2010–2017 жылдары 
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 350 миллиард 
теңге бөлінді. Ал бағдарламаға қатысушылардың өніміне 8,5 триллион 
теңгеге өніп өндіріп, миллионның үштен біріндей жұмыс орнын сақтап 
қалуға көмектесті. 2016 жылы шағын және орта бизнес еліміздің ІЖӨ-сінің 
төрттен бірін қамтамасыз етті. Бұл секторға 1,1 миллион адам тартылды, 
ал жалпы бұл салада 3 миллионнан астам адам жұмыс істеді. Осылайша 
жаппай кәсіпкерлікті қолдау саясаты өзін-өзі толық ақтады. 
Кәсіпкерлерге қызмет және қолдау көрсету орталықтары оларға қаржы-
лай емес көмек көрсетуді қамтамасыз етті. 2013 жылмен салыстырғанда 
шағын және орта бизнесті тексерістер екі есеге жуық қысқарды.
Жоспар бойынша шағын және орта бизнесті қолдау нәтижесінде 
2050 жылға қарай оның үлесі ІЖӨ-нің 50 процентіне жету керек. Бұл үшін 
2015–2017 жылдары шағын және орта бизнес үшін жетекші қаржы инсти-
туттарында – Азия даму банкінде, Еуропалық қайта құру және даму банкін-
де, Дүниежүзілік банкте ашылған несиелік желілерді тиімді пайдалану ке-
рек болды.
2015 жылы Global Entrepreneurship Monitor бүкіләлемдік рейтингінің са-
рапшылары қазақстандықтардың кәсіпкерлік белсенділігін жоғары бағала-
ды. Еңбекке жарамды халықтың 11%-і өзінің жұмысын жандандырғысы ке-
леді. Бұл – рейтингтің 29 позициясы. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, 
Испаниядағы, Нидерландыдағы, Малайзиядағы кәсіпкерлік белсенділіктің 
деңгейі 7%-тен аспайды. 
Қазақстанда қоғамдық санаға орныққан кәсіпкерліктің жағымсыз обра-
зын жоюға қол жету үлкен позитив рөл атқарды. Қазақстандықтар биз-
несмендерді елдің дамуына үлес қосып жүрген табысты жандар ретінде 


384
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
қабылдайды, ал жастар болса, кәсіпкерлікті көбінесе мансапқа жетудің 
лайықты нұсқасы ретінде қарастырады.
Бұқаралық кәсіпкерлікпен шұғылданудың маңызды шарты – экономи-
кадағы мемлекеттік үлесті азайту. 2000-шы жылдардың аяғында әлемдік 
дағдарыс дендеген тұста, мемлекеттің позициясы күшейтіле түсті – ол кез-
де экономиканы «қол режимінде» басқару қажет болды. 
Енді 2010-шы жылдары экономикалық дамудың жаңа сатысында же-
кешелендірудің жаңа кезеңін бастау қажеттілігі туындады. Осының бәрін 
кесіп-пішіп, бұл үдерісті іске қосуды жөн көрдім. Бұл ретте жекешелендіруге 
жатпайтын стратегиялық кәсіпорындардың шегін нақты белгілеп бердім. 
Бұл позиция мемлекеттің бақылауында қала береді, ол сатуға акциялар-
дың шектеулі пакетін ғана ұсынады. 
«Халықтық IРО» – компания акцияларын сату үшін көпшілікке жасалған 
ұсыныс – сенімді және ұдайы өсу үстіндегі активтері бар меншік иелерінің 
табын кеңейтудің тиімді тәсілі болды. «Халықтық» деген сөздің мәні – баға-
лы қағаздар нарық құнынан төмен белгіленген бағамен тек Қазақстан 
азаматтарына ғана сатылады дегенді білдіреді. Азаматтарға аса ірі ұлттық 
компания акцияларының иесі болуға мүмкіндік беретін бағдарлама туралы 
мен алғаш рет 2011 жылы ақпан айында өткен «Нұр Отан» партиясының XIII 
съезінде жарияладым. 
Халықтық IPO әр жылдары Ұлыбритания, Германия, Польша, Сауд Ара-
биясы және өзге де елдерде тәжірибеден өтті. Қазақстандағы бағдарлама-
ның ерекшелігі инвесторлар үшін тәуекелдің төмендетілуіне байланысты 
еді. Егер жекешелендіру кезінде кәсіпорындар әртүрлі дәрежедегі тәуекел-
дермен сатылған болса, «халықтық» бағдарлама аясында сенімді мемле-
кеттік компаниялардың, соның ішінде инфрақұрылым мен көлік компания-
ларының акциялары ұсынылды. 
Үкімет нарыққа акцияларды кезең-кезеңімен шығарды: 2012 жылы – 
«ҚазТрансОйл» акциялары, 2014 жылы «KEGOC» акциялары ұсынылды. 
Бұл компаниялардың алғашқы акционерлерінің саны 80 мың адамдай 
болды. Акцияларды қаржы қорында сату басталды. «Халықтық IPO» шең-
берінде өзге де компаниялардың акцияларын орналастыру көзделуде. 
Олар – «Самұрық-Энерго», «Қазақстан темір жолы», «Казатомпром». 
Осындай барлық шаралардың арқасында «Миноритарлы инвесторлар-
ды қорғау» (яғни ұсақ акционерлерді қорғау) көрсеткіші бойынша Қазақстан 
Doing Business рейтингісінде 2016 жылы әлемде үшінші орынды иеленді.
2015 жылы 30 желтоқсанда Үкімет 2016–2020 жылдарға арналған жеке-
шелендіру жоспарын бекітті. ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып, 
мемлекеттің үлесін ІЖӨ-ден 15%-ке дейін төмендету көзделуде. 2017 жылғы 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
385
Жолдауымда Министрлер кабинетіне жоспарға енген ұйымдарды жекеше-
лендіруді 2018 жылдың аяғына дейін аяқтауды тапсырдым. 
2017 жылы «Химиялық компаниялар бірлестігі», «Қазақстан инжини-
ринг», «Казатомпром» активтерінің бірқатар бөліктері сатылды. Жекеше-
лендіруге шығарылатын «Самұрық-Қазына» активтерін бағалау үшін тәуел-
сіз кеңесшілер шақырылады. Бұл компаниялар активтерінің бір бөлігі IPO 
арқылы сатылатын болады. Ұлттық компаниялардың құнды қағаздарын 
орналастыру «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында жүр-
гізіледі деп жоспарлануда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет