ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
431
колледждер базасында кәсіби мамандарды дайындаудың ресурстық орта-
лықтары құрылуда.
Колледждер санын үштен бір есеге арттыру көзделген білім берудің
дуальды жүйесінің «Жол картасы» бекітілді. 2015 жылы қазақстандық кол-
ледждердің студенттері Бразилиядағы WorldSkills халықаралық байқауында
алғаш рет кәсіби дағдылары бойынша бақ сынасып, жақсы көрсеткіштерге
ие болды.
2014 жылдан бастап «Серпін-2050» бірегей көші-қон оқу бағдарламасы
іске қосылды. Оңтүстіктің басы артық жұмыс күші мол өңірлерінен келген
студенттер кадр тапшылығы сезілетін Солтүстік, Шығыс және Орталық Қа-
зақстанның техникалық колледждері мен жоғары оқу орындарында оқиды.
«Нұр Отан» партиясының бастамасымен 2016 жылы жастардың
«Nurintech» инновациялық жобалар байқауы бастау алды.
2017 жылы «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдар-
ламасы басталды. Бұл бағдарлама бойынша жоғары оқу орнына түсе ал-
маған мектеп бітірушілер, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған жас
қазақстандықтар алғашқы мамандыққа ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: