НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет228/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   264
Масс-медианы дамыту
2010-шы жылдардың алғашқы жартысында бұқаралық медиа сфе-
расы қарқынды түрде жаңғырды. 2011 жылы Астанада алдыңғы қатарлы 
мультимедиалық «Қазмедиа орталығы» телерадио кешені ашылды. Оның 
студиялары ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес жаңалықтар 
дайындау, ток-шоу, сериалдар түсіру, дыбыс жазу, радио хабарларын та-
ратуға арналған заманауи құралдармен жабдықталған.
2012 жылы тәулік бойы жұмыс істейтін «24.KZ» жаңалықтар арнасы және 
«Бiлiм» телеарнасы жұмысын бастады. «Балапан» арнасының және «Мәде-


422
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
ниет», сондай-ақ жаһандық «Kazakh TV» (2012 жылға дейін – «Caspionet») 
арналарының хабар тарату сапасы артты. 2013 жылдың шілде айында 
жанкүйерлердің ұзақ күткен алғашқы спорт арнасы «Kazsport» іске қосыл-
ды, ол дереу ең басты әлемдік және қазақстандық спорт оқиғаларын тікелей 
көрсете бастады. 2016 жылы Kazakh TV мен «Білім және Мәдениет» бірік-
тіріліп, эфирге «Kazakh TV» деген атпен қайта шықты. Мерзімді баспасөз де 
өз позициясын нығайта бастады: 2017 жылы тіркелген БАҚ саны 3 мыңға 
жетті. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары жаңғыртылды, жетекші 
газеттер мен журналдар өз келбеттерін өзгертіп, жаңа дамуға ие болды. 
Қоғамдық сананы жаңғырту үдерісінде ақпараттық міндеттердің күрделе-
не түскенін ескере отырып, 2016 жылы мамыр айында мен Қазақстан Ре-
спубликасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігін құру туралы 
шешім қабылдадым. 
Шетелдік аудитория үшін Қазақстанның тұсаукесерін өткізудегі 
маңызды қызметті «Kazakh TV» телеарнасы өз мойнына алды. 1,2 мил-
лионнан астам отбасы отандық спутниктік OTAU TV операторының 
абоненттері болды. Жаңа «Ел арна» телеарнасы қазақстандық фильм-
дерді көрсетуге мамандандырылды.
Интернет жылдам дамыды. 2010-шы жылдардың ортасына таман kz до-
меніне 110 мыңнан астам адам тіркелді, ал жыл сайынғы өсім 25–30 про-
центті құрады. Қазақстанның әдебиеті мен тарихы бойынша Әдебиет пор-
талы ашылды. 
Электронды үкіметтің мүмкіндіктері кеңейді. Тек 2016 жылы ғана egov.
kz порталы арқылы 40 миллионнан астам, ал «Азаматтарға арналған 
үкімет» офистерінде 36 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. 
Қазақстан мобильді телефон байланысын тарату бойынша көш басында 
тұрған елдердің алғашқы ондығына енді. 4G стандарты 50 мыңнан астам 
адам тұратын қалалар мен елді мекендерге, аудан орталықтарына қолжетімді 
болды. Талшықты-оптикалық желілер құрылысы басталды, ол 2 миллионнан 
астам ауыл тұрғындарын жылдам интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік 
береді, Қазақстан сияқты алып аймақты ел үшін бұл түйінді мәселе болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет