Қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізу.
Ұлттық валюта – теңгенің дүниеге келуі
Тәуелсіздік алғаннан кейін, мен бірден ұлттық валюта жасау туралы ой-
ландым. Кез келген мемлекет үшін төл валюта – тек экономикалық катего-
рия ғана емес, сондай-ақ символдық тұрғыда «ақша түріндегі тәуелсіздік»
болатын.
Бұл қиындықтың Қазақстан дербес жүзеге асырған мемлекет құрылы-
сынан бір ерекшелігі – қаржы нарығындағы ахуал тек бізге ғана байла-
нысты емес еді.
Басында жаңа тәуелсіз мемлекеттер ортақ валюталы аумақта қалу ние-
тін декларациялаған болатын. Кәсіпорындардың көпшілігі төлемді кеңестік
рубльмен жасады. Төл валютаға күрт көшудің бәріміз үшін де кінәратты
зардабы болуы мүмкін еді.
Ол кезде посткеңестік «рубль» аумағында әртүрлі келіспеушіліктер мен
түсініспеушіліктер болып жататын. Қолма-қол ақша жетіспейтін және Қа-
зақстан үкіметінің өкілдері жалақы мен зейнетақы төлеуге қажетті ақша алу
үшін Мәскеуге сабылуға мәжбүр болатын.
Ресейлік атышулы баға либерализациясынан соң, менің де баға ре-
формасының ізінше Ресейдің ақша реформасын да бастайтыны туралы
болжам жасауым заңды еді. Қазақстанға оның зардабы тимес үшін 1992
жылдың көктемінде ұлттық валютаға көшуге әзірлік жөніндегі құпия комис-
сия құрылды, комиссияның құрылғаны туралы мені қосқанда жеті-ақ адам
білетінбіз. Бізбен қатар Т. Сүлейменовтің басшылығымен бір топ суретші
банкнот пен монеталардың дизайнын жасап жатты.
Мен әр кеш сайын біздің тобымыз жұмыс істеп жатқан қала сыртын-
дағы саяжайға келетінмін. Топта ақшаның атауына байланысты үлкен
дау болды. Біреулер оны «сом», енді біреулер «ақша» немесе «теңге»
деп атауды ұсынды. Менің өзіме «алтын» деген атау ұнайтын. Ең соңын-
да орта ғасырларда қыпшақ даласында айналымда болған, «тәңга» деп
аталған ақша атауына орай, «теңге» деген сөзге тоқтадық. Оның үстіне
«деньги» мен «теңге» сөзі, тегі бір болғандықтан, бір-біріне ұқсас еді.
Достастық мүшелері өз төл валюталарын енгізгенше, рубль аймағын
сақтау туралы келісімге қарамастан, 1993 жылдың 26 шілдесінде Ресей ай-
налымға өзінің ұлттық банкноттарын шығарды. Одақтас республикалардың
ішінде Қазақстанға бұрынғыша ескі үлгідегі рубль жеткізіліп, ол ақша мас-
сасын ұлғайтумен қоса, инфляцияны да күшейтті. Оның қандай әлеумет-
тік зардаптарға ұшырататынын түсінгендіктен, мен ұлттық валютаны жыл-
дам қарқынмен басып шығаруға тапсырма бердім. Теңгені Ұлыбританияда
64
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
басты. Біздің елімізде ол кезде қағаз ақша фабрикасы болған жоқ. Басып
шығарылған теңге өте құпия жағдайда Қазақстанға жеткізіліп отырды.
Әлі күнге анық есімде, біз қажетті қаржы тауып, теңгенің қалған бөлігін
басып шығаруға кеткен шығынды өтедік. Төрт «ИЛ-76» ұшағын жалдап, ба-
сылған барлық валютаның 60 пайызын алып келдік. Ол арнайы операция
болды. Құжаттарда бағалы жүк Мемлекет басшысының салынып жатқан
резиденциясына қажетті жабдық түрінде көрсетілді.
Комиссия мен жұмыс тобының мүшелері теңгенің енгізілуімен қоса,
айналымға енуінің принципі мен шарттарын жасауға тиісті еді. Әртүрлі
нұсқалар қарастырылды. Украина мен Белоруссиядағыдай, ұлттық валюта
тұрақтанғанға дейін, бір-екі жылдық кезең белгілеу туралы да ұсыныс ай-
тылды. Толыққанды ұлттық валюта тек содан кейін ғана енгізілетін немесе
ұлттық валюта айналымда Ресей рублімен бірге жүретін.
Біз бұл нұсқалардан бас тарттық. Мен теңгені батыл түрде тікелей енгізу
керегін түсіндім. Алдымен – кезеңдік, сосын бір жылдан кейін түпкілікті ва-
люта енгізу арқылы халықты екі рет күйзеліске түсіріп, психологиялық қы-
сым жасауға болмайтын. Сондықтан талқылаудан соң жұмыс тобы теңгені
бірден айналымға енгізуге бірауыздан дауыс берді.
Оның дұрыстығы айдан анық еді. Республика тәуелсіз ақша-несие
саясатын жүргізе алатын. Жаңа банкноттағы бірнеше қорғаныс дең-
гейі оны қолдан жасау мүмкіндігін қысқартатын. Ұлттық валютаның тіке-
лей айналымға енгізілуі тұрғындардың қолдағы ақшасын бір мәрте ғана
айырбастауына мүмкіндік берді. Оның үстіне соның алдында 1990 жыл-
дың желтоқсан айындағы кеңестік 50 және 100 рубльді айырбастау бары-
сындағы алаяқтық адамдардың есінде болатын.
1993 жылдың 1 қарашасында біз алғаш рет елдің алтын валюта қоры ту-
ралы ақпаратты жарияладық, ал келесі күні ресми түрде рубль аймағынан
шығатынымызды мәлімдедік. 12 қараша күні мен «Қазақстан Республикасы-
ның ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлыққа қол қойдым. Осы тарихи
оқиғаға байланысты отандастарыма тастаған үндеуімде осы сәттен бастап
шынайы тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуының өтпелі
сәті болған кезеңнен өтіп, жаңа уақыт басталғанын айттым. Оқиға біз үшін тек
қана экономикалық емес, сондай-ақ саяси мәнге де ие еді. Қазір Қазақстан-
ды ешкім осы стратегиялық бағыттан айныды деп жазғыра да алмайды.
Жаңа банкноттар айырбастауға қажетті мөлшерде елдің аудандары
мен банктеріне небәрі 8 күннің ішінде жеткізілді. 15 қараша күні таңғы
8-ден басталған айырбас кешкі 20:00 сағатта аяқталды. Ойластырылған,
салқынқанды әрекеттер нәтижесінде Қазақстан Республикасы өзінің төл
валютасына ие болды.
65
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
Достарыңызбен бөлісу: |