66
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
байланысты заңдылықтар және одан туындаған қиындықтар қалатын.
Одан ешкім де айналып өте алмайтын. Ондай жағдайда алтын уақытты
жоғалтып, бір орында тұрып қалар едік, ахуал ушыға түсер еді.
Мемлекеттік шығындарды қысқарту есебінен бюджетті теңестіруге қол
жеткізу – өте батыл, бірақ тәуекелі мол шара еді. Әрі ол қоғамды билікке
қарсы қоюға ниетті баспасөз бен оппозицияның қатаң сынына ұшырады.
Алайда бізге қысымға төтеп беріп, белгіленген бағыттан айнымаудың сәті
түсті. Қаржы жүйесін тұрақтандыру мен экономиканы сауықтыру дәл осы
Президент меморандумынан басталды.
Достарыңызбен бөлісу: