НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет95/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   264
Әлеуметтік жаңғыру: 
2011 және 2012 жылғы Жолдаулар
2011 және 2012 жылғы Жолдаулар дүниеге келген кезеңде дамыған ел-
дердің экономикасы жаһандық дағдарыс зардаптарынан әлі толығымен 
айығып бітпеген болатын. Ал біз қолда бар қорды жұмсап, бар күшті жұ-
мылдырып, шама-шарқымыз келгенше жағымсыз үрдістерді жеңіп, өсу-өр-
кендеу жолына қайта түсе алдық. Мұның өзі 2011 және 2012 жылғы Жол-
дауларымда экономикалық және әлеуметтік жаңғырудың міндеттерін жаңа 
биікке көтеруіме мүмкіндік берген нәтиже еді.
2011 жылдың 28 қаңтарында «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты 
Жолдауымда басты басымдықтар ретінде жеделдетілген индустриаланды-
ру, әлеуметтік жаңғыру, бизнесті дамыту, жұмыспен қамтудың жаңа стра-
тегиясы, тұрғын үй-коммуналдық саланың жаңғыруы, құқық қорғау орган-
дарын реформалау және жемқорлықпен күресу сияқты мәселелерді атап 
көрсеттім. 
Сонымен қатар, әдеттегідей, алдағы жылға жаңа міндеттер қойылды. 
Негізінен, қоғамда кездесетін масылдық көңіл күйді жоюға тырысу, жұмы-
сынан айырылып қалған жағдайда адамды жаңа мамандық игеруге, жеке 
бизнес ашуға ынталандыру тәрізді мәселелерді алдыңғы қатарға шығар-
дық.
Үдемелі индустриаландыруға және әртараптандыруға бет бұру жаңа 
аймақтық саясатты талап етеді. Мен қоғам назарын әсіресе осы жайт қа 
көбірек аударған жөн деп шештім. Астана қаласы өзінің «өсу нүктесін» бел-
гілеп алып, әрі қарай өркендей берудің жарқын мысалына айналды және 
Қазақстанның басқа аймақтарында да осындай жобаларды қолға алуға 
мүмкіндік берді.
Жолдаудағы идеяларды дамыту үшін менің 2011 жылғы 21 шілдеде-
гі Жарлығыммен елдің 2020 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының 
болжамды схемасы бекітілді. 26 шілдеде Үкімет «Өңірлерді дамыту» бағдар-
ламасын қабылдады. Бұл құжаттарда мемлекеттің салалық және өңірлік да-
муының маңызды бағыттары бойынша негізгі тәсілдері мен басымдықтары 
нақты көрсетілді.
Ағымдағы және ұзақ мерзімді перспективалық жоспарлау дамудың 
макроэкономикалық, салалық және жергілікті аспектілерімен орайласты-
рылды. Салалық және аумақтық мемлекеттік басқару органдары мен биз-
нес-құрылымдардың іс-әрекеттері өзара үйлестірілуі қажет еді. Сол себепті 
маңызды екі мәселені шешіп алу керек болды. Біріншіден, өңірлердің сырт-
қы және ішкі экономикалық бәсекеге қабілетті әлеуетін еңбек ресурстары 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
187
мен басқа да ресурстарды қайта бөлу арқылы көтеруге қол жеткізу. Екінші-
ден, жұмыспен қамтуға және өңірлердегі халықтың тұрмыс-тіршілігін жақ-
сартуға мүмкіндік беретін өсу нүктесін қалыптастыру.
Бір жылдан соң, 2012 жылдың 27 қаңтарында – «Әлеуметтік-экономика-
лық жаңғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқы-
на кезекті Жолдауым жарияланды. Ол өзіне дейінгі бағдарламалардың 
жолымен өрлей келіп, 2010 жылдардың әлеуметтік жаңғыру трендін да-
мытты. Экономикалық жетістіктер мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету 
арасындағы оңтайлы теңгерімді табудың маңыздылығы да атап көрсетілді.
2012 жылғы Жолдау тек экономиканың ғана емес, сонымен қатар, әлеу-
меттік саланың да өркендеуіне бағытталған. Басымдықтардың алғашқы 
«ондығын» мен мына ретпен орналастырдым: халықты жұмыспен қамту, 
қолжетімді баспана, өңірлерді дамыту, мемлекеттік қызмет көрсетудің са-
пасын көтеру, басқарушылардың біліктілігі, сот және құқық қорғау жүйесі, 
адам капиталы, зейнет жүйесі, индустриалы жобалар, ауыл шаруашылығын 
дамыту.
Жолдауда маңызды индустриалық және инфрақұрылымдық жобалар 
туралы да хабарланды, оларға қажетті қаражат Қазақстанның өзінен та-
былатын болады, ол – Ұлттық қордың қаржысы. Бұл жобалардың барлығы 
еліміздің бет-бейнесін өзгертетін болады. Біз Қазақстанды алып құрылыс 
алаңына айналдырып, онмыңдаған жұмыс орындарын ашамыз. Қойылған 
міндеттердің басты арқауы осы болатын.
2011 және 2012 жылдардағы Жолдауларда белгіленген әлеуметтік жаңғы-
ру 2010 жылдардың бірінші жартысында Парламенттің, Үкіметтің және ай-
мақтардың басым міндеті болды.


188
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет