Нұрсұлтан Назарбаев


– Дамир, Артем, «Қорған» тобының



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата17.01.2017
өлшемі10,92 Mb.
#2115
1   2   3   4   5   6   7

 – Дамир, Артем, «Қорған» тобының 

құрылғанына  екі  жылдан  астам  уақыт 

өтіпті. Осы жылдар ішінде өнерден, топтан 

не ала алдыңыздар? 

Дамир:  Жалпы,  алғашқыда  «Қорған» 

тобы  жігіттердің  квартеті  болып  құрылды. 

Кейін топқа Қатима мен Бибігүл келді. Қазіргі 

құрамдағы  «Қорғанның»  құрылғанына 

екі  жылға  жуық  уақыт  өтті.  Өнер  әлеміне 

алғаш аяқ басқан топ ретінде жетекшімізбен 

бірлесіп, ақылдасып шешім қабылдаймыз. 

Топ құрамында өнер көрсету арқылы ұжымда 

жұмыс жасауға, көпшілікпен оңай тіл табысуға, 

бастысы ауызбіршілікті үйрендік. Әрине, кей-

де келіспеушілік болады, бірақ шешімін бірге 

табамыз. Бәріміздің өнерден алғанымыз әлі 

аз. Мүлдем аз десек те болады. Адам баласы 

негізінен өмір бойы үйрене беруі, үйренуден 

жалықпауы  тиіс  деп  есептеймін.  Өнерде 

жүрген үлкен ағаларымыз бен апаларымыз 

кеңестерін аямай айтып жатады. Соны ұғуға 

тырысамыз. Қолдарынан келгенше үйретіп те 

жатады. Дұрыс жолға бағыттайды да.

Артем:  Екі  жылым  бекер  өткен  жоқ, 

әсіресе, жеке адам ретінде өзімді жетілдірдім, 

мамандығым тарапынан кәсібилігімді арттыр-

дым, жаңа достар, «Қорған» тобының әнін сүйіп 

тыңдайтын жанашыр тыңдармандарымды 

таптым. Бұдан бөлек, жақсыны да, жаман-

ды да көрдім. Неше түрлі жағдайларға тап 

болдық.  Сәттіліктерді  де,  керісінше  көңіл 

түсіретін жағдайларды да бастан өткіздік. Осы 

екі жыл ішінде көп есейгенімді байқаймын. 

Осыдан екі жыл бұрынғы Артем мен қазіргі 

Артемді салыстыруға келмейді. Арамызда 

үлкен  айырмашылық  бар.  Ең  бастысы, 

бойымда өзіме деген, өз өнеріме деген, өз 

талантыма деген сенім пайда болды. 

– Қатима, Бибігүл, «Қорғанға» қалай 

келдіңіздер?

«Қорған» тобы

Талайды тамсандырған

 


Ґ

№ 1 (873)

 қаңтар 

2012 жыл


7

 Мерейтой

Жыл үздіктері анықталды

«Ұстаздық ЕткЕН Жалықпас...»



 

немесе ізгілік жаршысы

Сәуле...  Жаратушының  жазуымен 

миллиондаған шақырымдарды секундтар-

да жүріп өтіп, жұмыр жерге тіршілік нәрін 

сыйлайды ол. Еркіндікті сүйеді, адамзатты 

сүйеді. Адамзат та оған ұмтылады. Маған 

ұстаздық та сол аппақ сәуледей көрінеді. 

Қазақтың ең қымбатын «шырағым» дейтіні, 

«Шырағың сөнбесін!» деген тілек тілейтіні 

бекер болмаса керек-ті.  Сырттай қарағанға 

бір-ақ  түс.  Ал  біле  білсек  оның  бойында 

қаншама ғажайып бояу бар. Көк те, қызыл 

да, сары да. Ұстаздық та сол сәуледей бір 

өзіне қаншама бақыт, қуаныш, үміт, арман, 

ізгілік құндақтаған. 

Осы  бір  жарқырайтын  сәуле  қымбат 

таста да бар. Ол – гауһар. Гауһар тастың 

қыры  көп  болған  сайын,  жан-жаққа  ша-

шатын  сәулесі  де,  жарқырайтын  қасиеті 

де арта түседі. «Сегіз қырлы, бір сырлы» 

деген ұғым да бар. Бұл - кез-келген адамға 

айтылмайтын,  телінбейтін  баға.  Нағыз 

гауһар тас жан-жағына жарқыратып сәулесін 

шашып,  нұрын  сыйлайды.  Нағыз  ұстаз 

да – айналасындағыларға жарық сәуленің 

шырақшысы бола білген жан. Ақыл, білім, 

білік, парасат, көркем мінез иесі бола білген 

ардақты адамды мен ұстазға балар едім. 

«Ұс таз...  жаратылысынан  өзіне 

айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, 

естіген және аңғарған нәрселердің бәрін 

жадында  жақсы  сақтайтын,  бұлардың 

ешнәрсесін  ұмытпайтын...  алғыр  да 

аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, 

өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны 

асқақ  және  ар-намысын  ардақтайтын, 

жақындарына  да,  жат  адамдарына  да 

әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік 

көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді 

білмейтін батыл, ержүрек жан» деп шығыс 

ғұламасы әл-Фараби айтқан екен. Шығыс 

данасының осы сөзін жадына сақтаған әр 

адам ұстаздық қасиеттің ауыр жүгін сезінуге 

тиіс. Үлкен жауапкершілік жүкті абыроймен 

атқару-да арлы іс. Ұстаз алдында шәкірт 

болу  бар  да,  ұстазбен  әріптес  болу  бар. 

Аға  буын  өкілдерінен  кейінгі  жас  ұрпақ 

үлгі алары сөзсіз. Әріптестік ниетпен лебіз 

білдіру де –  азаматтық парызымыз. Адамды 

толыққанды білу үшін сан жылдар қажет 

емес. Ұстаздық ортада да. 

Бүгінгі  мерейтой  иесі  –  Өтегенова 

Қарлыға  Тасқалиқызымен  таныстығыма  

екі жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт 

аралығында мен мерейтой иесінің мерейлі 

жылдарды ғана бастан кешіргенін білдім. 

Жемісті жылдардың жеңісі мен жетістігі көп 

екені аңғарылады. Ұстазы шәкірті жайында 

толғанып, сыр шертетін жағдайлар сирек 

кездеседі.  Қарлыға  Тасқалиқызы  ортада 

өзіндік  таным,  терең  ақыл,  еңбексүйгіш, 

жұмысқа  қабілеттілік  пен  талапшылдық 

қасиеттерімен  ерекшеленген  тұлға  деп 

сүйікті  ұстазы  Разак  Абузяров  шәкірті 

жайында  сыр  шертеді.    Талапкер  бо-

лып  келіп,  студент  атанған  өрімдей  қыз 

жетекшісімен  етене  жұмыс  жасауының 

арқасында курстық, дипломдық жұмыстарды  

тындырымды  аяқтап,  ғылым  әлемінің 

баспалдағын  да  рухани  кеңесшісімен 

бірге аттайды. Кандидаттық диссертация 

да  сәтті  қорғалды.  Шәкіртімен  жұмыс 

атқару ұстазына қуаныш сыйлайды. Разак 

Абдрахманұлы шәкіртінің жаңа идеяларға 

құмар, шығармашыл ізденгіш, алға қойған 

мақсатын орындау үшін уақытпен санаспай 

еңбек ететін қасиетіне тәнті екенін айтып 

жүреді өз естеліктерінде. 

Қ а р л ы ғ а   Та с қ а л и қ ы з ы   О р а л 

педагогикалық институтын бітіргеннен кейін, 

облыстағы ең шалғай аудандардың біріне 

жұмысқа орналасады. Орыс тілді сөйлеу 

ортасы  жоқ  аймақта  шәкірттеріне  орыс 

тілін үйретуді мақсат қояды. Білікті ұстаз 

ол мақсатына жетті де. Ауылдық аймақта 

атқарған еселі еңбек өз бағасын да алды. Бұл 

туралы мәскеулік газет «Қызыл жұлдызда» 

«Орыс тілінде жазамын» атты мақала да 

жарияланды. СССР Қорғаныс министрлігінің 

тапсырысы  бойынша  өткізілген  сабақтар 

видеоға  түсіріліп,  Орталық  телеарнаның  

4-ші  бағдарламасында  көрсетілген. 

Қ.Өтегеновамен берілген сұхбат одақтық 

«Маяк»  радиосынан  да  берілді.  «Нағыз 

адамның белгісі - кісілік» деген екен шығыс 

ғұламасы  Жүсіп  Баласағұн.  Қарлыға 

Тасқалиқызы  -  кісілік  келбетін  келістіріп, 

шынайылықты  асқақтатап  келе  жатқан 

ардақты  ұстаз.  Ана  сүті  дарытқан  абзал 

қасиеттің жемісі – айналасына ғибрат нұрын 

шашқан ғұмыр сыйлады.

Қарлыға Тасқалиқызын тіл жанашыры 

деп айтуға толықтай негіз бар. Мемлекеттік 

тіл – қазақ тілін оқытудың қарқынды әдісін 

іздеуге атсалысқан жанның еңбегі де жан-

ды. Өз бетімен үйренушілер көбейді. Қазақ 

тілін жеделдетіп оқыту методикасы дүниеге 

келді. 3 жыл үзбей іздену нәтижесінде екі 

оқулық жазылып, бұл әдіс республиканың 

төрт облысына ендірілді.

З а м а н м е н   б і р г е   Қ а р л ы ғ а 

Тасқалиқызының жұмыс үдерісі де өзгеріп 

отырады.  Қазір  ол  орыс  тілін  оқытудың 

инновациялық жаңаша әдіс түрлерін игеріп 

келеді. Оның авторлық бірестікте ересек-

тер үшін қазақ тілді оқытудың интенсивті 

курсы мен бастауыш сыныптарға арналған 

курстар дайындалды. «Оқимыз және қазақ 

тілінде сөйлеуді оқытамыз» атты оқу құралы 

Қазақстанның  барлық  аймақтарында 

қолданысқа енді. Бұл да жасампаз, жаңашыл 

ұстаздың жастық кезеңінің жемісті жылда-

рын айқындайды.   

Жастық  кезең де  кездесетін  сан 

қиындықтарға мойымай, қиналғанда қуаткер, 

оңашада  ой-ерік,  жалғыздықта  жолдас, 

бақытқа бастар ақылшы, торыққанда тая-

ныш, адамдар арасында айбар, жауға қарсы 

жебе болатын – білімді қуалады. Жылдар 

өте ізденістің, қабілет-қарымның арқасында 

шеберлігі дамып, өмірге деген көзқарасы 

кеңейіп, ғылым жолына бүкіл ғұмырының 

рухани  азығына,  қызығы  мен  шыжығына 

айналған педагогика ғылымына келді. Ғылым 

майданының қатардағы жауынгері тек үнемі 

оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту 

Қатима, Бибігүл: «Қорған» алғашында 

жігіттердің тобы болып құрылғаны белгілі. 

2010 жылдың қазан айында осы топтағы төрт 

жігіттің, жетекшіміз – аға оқытушы Қуаныш 

ағайдың ұсынысымен топқа келдік. Келген 

кезде бойымда болашақта қалай болады, 

жігіттермен тіл табысып кете аламыз ба деген 

қорқыныш болды. Кейін топ болып жұмыс 

жасағаннан  соң  алғашқы  күдігіміз  сейіліп, 

болашаққа,  шығармашылығымызға  деген 

сенімділігіміз нығая түсті. 

–  «Қ о р ғ а н д а ғ ы »  ә р б і р і ң і з д і ң 

қызметтеріңіз қандай?

Тимур:  Топта  4  жігіт,  2  бойжеткеніміз 

бар.  Қанша  дегенмен,  арамызда  екі  қыз 

болғандықтан  олардың  нәзік  жанды 

екендіктерін  ескеріп,  қарындастарымыз 

ретінде сыйлап, оларға көп салмақ салғымыз 

келмейді. Көбіне топтағы бар жұмысты 4 жігіт 

болып атқарамыз. Қыздардың көмегіне тек 

ән таңдаған сәттерде, сондай-ақ сахналық 

костюм,  сахналық  образ  таңдағанда 

жүгінеміз.



–  Сырт  көзге  тату-тәтті,  ешқашан 

ұрыспайтын,  та ласпайтын  топқ а 

ұқсайсыздар?

Бибігүл: Тіфә-тіфә, тіл көзден сақтасын, 

шынымен де ешқашан айқайласып ұрысып не-

месе бір-бірімізге ауыр сөздер айтқан кезіміз 

жоқ. Мұның басты себебі, көзқарасымыздың 

бір  жерден  шығатындығында  деп  ойлай-

мын. Сосын жетекшіміз, ұстазымыз Қуаныш 

ағайдың мықтылығы. Ол кісі бізді бір-бірімізден 

ешқашан  бөліп  жармайды,  бәрімізді  тең 

ұстап  келе  жатыр.  Адам  болғаннан  кейін 

кейде бір-бірімізді дұрыс түсінбей қалатын, 

белгілі бір мәселелерде тартысып қалатын 

сәттеріміз  болады.  Бірақ,  оның  бәрін  сол 

жерде  қалдырамыз  да,  ешқашан  іштегіні 

сыртқа шығармаймыз. Былайша айтқанда, 

келіспеушілікті  әры  қарай  жалғастырып, 

берекемізді кетірмейміз.



–  Репертуарларыңызда  қанша  ән 

бар? Солардың арасындағы патриоттық 

тақырыптағы әндерге тоқталсаңыздар?

Есет: Репертуарымызда 10-нан астам ән 

бар. Солардың арасында ел, туған жер тура-

лы «Арман-ай», «Туған жер», «Астана-Қыран» 

және де тағы басқа тақырыптағы патриоттық 

әндер - өзіміз үшін репертуарымыздағы ең 

ыстық  туындылар.  М.Өтемісов  атындағы 

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 

Әнұранын орындаймыз.



– Топтағы адам санының көптігі кон-

церттерге  дайындық  барысына  кері 

әсерін тигізбей ме? Бәріңіздің бір уақытта 

жиналуларыңыз, концерттерге кешікпей 

келулеріңіз жағын кім қадағалайды?

Дамир:  Әрине,  кей  кездері  болады. 

Дайындық кезінде микрофон жетпей қалады.  

Былай ешқашан кері әсері болған емес. Ол 

жағын  өзім  қадағалап,  алдын-ала  бәріне 

хабарлаймын. Концерт басталатын уақыттан 

ерте 1 сағат бұрын шақырамын, кейін бәрі 

түгел  келіп  болмайынша  тыныштала  ал-

маймын. Кейде киім жағы қиындау болады, 

әлі студентпіз дегендей. Қаражат жағының 

жетіспеушілігі байқалады. Бәрін өзіміз сатып 

аламыз. Сондықтан бір киіммен ұзақ уақыт 

жүріп қалуға тура келеді. 



–  Тимур,  Есет,  әнші  болу  бала  кезгі 

армандарыңыз  ба  еді?  Жалпы  өнер 

әлеміне қалай келдіңіздер?

Тимур: Әнші болу бала кезгі арманым 

болатын. Аллаға шүкір, сол арманым ақиқатқа 

айналғандай.  Жалпы  өзім  өнерге  мектеп 

кезінен-ақ аяқ басқанмын. Әр түрлі аудандық, 

облыстық  байқауларға  қатысып,  жүлделі 

орындардан көрініп жүрдім.



Есет: Әнші болу, халықтың сүйген ұлы болу 

– бала кезгі арманымның бірі. Кішкентайымнан 

үлкен  әнші  аға-апаларыма  еліктеп  өстім. 

Жастайымнан түрлі конкурстарға қатысып, 

шыңдалдым. Осының арқасында биік-биік 

белестерді бағындырып, қазіргі дәрежеме 

жеттім десе де болады. 

–  Өнердегі  ұстаздарыңыз  жайында 

айта кетсеңіздер?

Дамир: Өнердегі ұстазымыз – Қисметов 

Қуаныш  Лабибұлы.  Қуаныш  ағай  талай 

халықаралық, республикалық байқаулардың 

лауреаты,  өте  талантты  адам.  Қорғанды 

«ҚОРҒАН» қылған сол кісінің еңбегі. Әрдайым 

көмек қолын созып, жағдайымызды жасауға 

тырысады. Топтың әр әншісіне түсіністікпен 

қарап, пікірлерімен үнемі санасып отырады.



Тимур:  Өнердегі  ұстаздарым  туралы 

айтатын болсам көп қой. Олардың арасы-

нан тек екі-ақ адамды бөліп атағым келеді. 

Олардың  бірі  –    ҚР  еңбек  сіңірген  әртісі 

Рахимова  Жұмағаным  Әбдіхалыққызы. 

Екіншісі – ұстазым, әрі жетекшіміз Қисметов 

Қуаныш Лабибұлы. Осы екі ұстазымыздың 

арқасында ғана осындай дәрежелерге жеттік 

десек болады. Бізді тұлға ретінде жетілдіріп, 

әнші ретінде қалыптастырып, өз үлестерін 

қосқандары үшін айтар алғысымыз шексіз.

– Қазақ өнеріне жаңадан тәй-тәй ба-

сып келе жатқан топсыздар. Тоқтаусыз 

еңбектеріңіз  бен  таланттарыңыздың 

арқ асында  ел  арасына  танылып 

келесіздер. Бұл – әнсіз өмір сүре алмау 

ма, әлде «Қалай да танымал болуымыз 

керек» дегеннің қамы ма?

Есет: Адамның өз бақыты жолындағы 

күресі адамгершілік арнасынан ауытқымауға 

тиіс. Біздікі жәй әншейін қызылға ұрынған 

же л ө к п е  д а ң ғ а з а л ы қ ,  б а с ы  б а й л ы 

атаққұмарлық, өзімізді, қала берді түрімізді 

танытып қалу ғана болғанда бәрі де басқаша 

болар еді. Жалпы өнер адамы әмбебап болуы 

қажет. Ол үшін сөзің де, өзің де түзу болуың ке-

рек. Көрерменнің көпшілігі қарапайым болса 

да, қарабайыр емес. Елдің адамы болғаннан 

соң көшеде немесе қоғамдық ортада олпы-

солпы болып жүруге хақың жоқ. Былайша 

айтсақ, өнер адамы мәдениеттің бастауы. О 

басында басымызға ән болып қонған бақытты 

баянды ету жолында  арпалысып келеміз. 

Бірақ, өнерді шын сүйеміз. Алтауымыз да 

өнерге  шын  ғашықпыз.  Өнерге  келгеннен 

бастап  еңбектендік,  еңбектеніп  келеміз, 

болашақта  да  талмай  еңбектене  береміз. 

Біздің  басты  арманымыз  –  тыңдарманды 

баурап алу арқылы келетін шын жеңіске қол 

жеткізу. Сондықтан да, біздің мына күйбең 

тіршілікті «Қалай да танымал болудың қамы» 

емес, өнерсіз өмір сүре алмау деп ұғынған 

жөн.

–  2011  ж ы л  «Қ ор ғ а н»  тобы н а 

несімен есте қалды? Келер жылдан не 

күтесіздер?

Дамир: 2011 жыл «Қорған» тобы үшін 

жемісті  жыл  болды  десек  қателеспейміз. 

Халықаралық «На Николаевский» байқауынан 

жүлделі І орын алсақ, «Шабыт» байқауының 

финалисті атандық. Бұның өзі еңбегіміздің, 

маңдай теріміздің нәтижесі деп ұққан жөн. 

Түрлі облыстық, қалалық, университетішілік іс-

шараларға, мерекелік концерттерге қатысып, 

өз үлесімізді қостық. Сондықтан, «Қорған» 

тобының өткен жылға еш өкпесі жоқ. Келер 

жылдан өз еңбегіміздің нәтижесін көргіміз 

келеді,  өзімізге  артылған  сенімді  абырой-

мен ақтағымыз келеді. Көкейімізде алдағы 

Украинада  өткелі  отырған  байқауда  қазақ 

елінің  мерейін  өсіріп,  атағын  аспандатып 

қайтсақ деген ҮЛКЕН АРМАН бар.



–  А лға  қойған  мақсат тарыңыз 

қандай? 

Дамир:  Университет  бітіргесін  тара-

май,  шығармашылығымызды  шыңдау, 

өнерімізді  жалғастыру;  үлкен  сахналарда 

өнер көрсетіп, ел үмітін ақтау; бастысы үнемі 

шығармашылық ізденіс үстінде жүру арқылы 

рухани жағымыздан баю.



– Есет, Артем, сіздердің білім орда-

мызды биыл аяқтағалы отырғандарыңыз 

белгілі. Топтың тағдыры қалай болады? 

Бітірген соң не істейсіздер?

Артем: Біз Есет екеуміз, биыл бітіреміз. 

Оқу бітіргеннен кейінгі көптеген жоспарлар 

бар. Бірақ, топтың құрамында қалып, әлі де 

ән  айтып  жұмыстанамыз  деп  есептеймін. 

Арманым топтың барлық мүшесі бітіргенше 

осы  қалада  еңбек  етіп,  бітірген  соң  өнер 

ордасы Алматы, иә болмаса Астанаға барып 

шығармашылығымызды шыңдау, халықтың 

ықыласына бөленген үлкен топ болу.

Есет:  Алға  қойған  мақсатым  өнерімді 

ары  қарай  жалғастырып,  биік  шыңдарды 

бағындыру, қазақ елінің байрағын биіктерден 

желбірету.



– «Өркен» газетінің оқырмандарына, 

у н и в е р с и т е т   с т у д е н т т е р і   м е н 

замандастарыңызға айтар тілектеріңіз.

Қатима:  Оқу  орнымызда  білім  алып 

жүрген жастарға айтарымыз еңбектенуден, 

оқудан ешқашан жалықпаңыздар. Себебі, көп 

еңбек еткенге бақыт басын қашан да иеді.



Сұхбаттасқан 

елдана АСылХАНҚыЗы

арқылы ғана оның ірі қайраткер дәрежесіне 

дейін көтерілетіні анық. 

Е .   Б у к е т о в :   « П а р а с а т т ы л ы қ , 

ш а р а п а т т ы л ы қ ,   к е ң д і к ,   а д а л д ы қ 

ғылымда  қызмет  істеген  әрбір  адамға 

лайық,  халқымыздың  мәпелеп,  бетке 

ұстары  –  ғылым  адамдары»  десе,  біздің 

кейіпкеріміздің  бойынан  осы  ғылым  ада-

мына лайық абзал қасиеттердің барлығы  

табылары сөзсіз. 14 оқулық, методикалық 

кітаптар  және  81  ғылыми  мақала  жазған 

еңбекқор  жан  ғылым  әлемінде  өзіндік 

қолтаңбасын қалдырды. 

Қарлыға  Тасқалиқызы  -  жаңалыққа 

жаны құштар жан. Қазіргі компьютер тех-

нологиясы, менеджмент, сапа бағытында 

да бірқатар істер атқарылды. Осы салаға 

қатысты бөлімді басқаруда да біліктілік та-

нытып отырды. Оның бір дәлелі-  Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  «Алтын 

сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа 

қатысушыларды  бағалау  өлшемдері 

сертификатының иегері атанғаны. 

Қызметте бағы жанған ұстаз - бүгінде бір 

шаңырақтың түтінін түтетіп отырған отана-

сы. Қарлыға Тасқалиқызы - Жымпиты өңірінің 

тумасы. Өнегелі отбасында дүниеге келген 

Қарлыға  апайымыздың  ағайындарымен 

қарым-қатынасының  беріктігі  отбасында 

көрген  ғибратты  өнегесінен  деп  айтуға 

болар.  «Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны 

ілерсің»  деген  халық  мақалы  да  осының 

дәлеліндей.    Қарлыға  Тасқалиқызының 

әкесі өмірден ерте өтсе де,  ұл-қыздарының 

бүгінгі  биігін  анасы  көруде.  Қарлыға 

Тасқалиқызында әкесінің анасына жазған 

хаттары  күні  бүгінге  дейін  сақтаулы.  Ел 

азаматы атанған ерен тұлға, асқар таудай 

әке мен ананың ғибратты ғұмыры болашақ 

педагогтің  өсу  жолдарына  елеулі  әсерін 

тигізгені айқын. 

Б ү г і н д е   Қ а р л ы ғ а   а п а й ы м ы з 

университеттің  педагогикалық  дәстүрі 

мен ғылымы зор филология факультетін 

бас қ аруд а.  Бұ л  жол д а ғ ы  ең бег іне  

апайымызға толағай табыстар тілейміз.

Қарлыға Тасқалиқызы – Төлеген атты 

жар  сүйіп,  Әмір  атты  ұл  сүйген  ардақты 

ана.  Қызметте  еңбегі  жанған  отанасына  

мерейтой қарсаңында шаңырақ бақытына 

кенелсін деген тілек білдіреміз.

 

Рита СұлтАНғАлИевА,

филология  ғылымдарының кандидаты


Ґ

№ 1 (873)

 қаңтар 

2012 жыл


8

Филолог


УНИВЕРСИТЕТТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА 

 К 80-ЛЕТИЮ РОДНОГО ВУЗА 

 FOR THE 80 th ANNIVERSARY OF OUR OWN  UNIVERSITY

Тіл – татулық тірегі



Қазақтың Қабдоловы қайтыс болғалы 1825 күн өтіпті. Қазақ халқы Зейнолла Қабдоловқа қарыздар еді. Өйткені Зекең 

халқын суреткер, педагог, ғалым болып халқының рухани өмірін көркейтіп еді. Егер, ол Адам тірі болса: «Сөзің бар болсын, 

Шарабасов! Құдай-ау халықтан үлкен адам бола ма? Адам сол халық деген әлеуметтік құбылыстың бір титімдей бөлшегі. 

Үндеме, күпірлік қылма, айналайын, - дер еді-ау», Жарықтығым! 

Сіз бізді кешіріңіз, Зеке!

Шынында  Орал  өңірі  Зекеңе  біле-

білсе  мол  қарыздар  еді.  60-жылдардың 

аяғында тергеу,  қуғын, айдау, түрмеден 

к ө з   а ш п а ғ а н   Х а м з а   Е с е н ж а н о в 

қаламгермен  бірге  келіп,  Хамза  рухани 

әлемін,  «Ақ  Жайық»  трилогиясының 

әдеби-эстетикалық, әлемдік әдебиеттегі 

орнын алтын шегемен әспеттеп кетіп еді. 

Зекеңнен соң: «Шын ғалым, су төгілмес 

шешен  осы  екен-ау»  деп  жұртшылық 

шегін ішке тартты. Абайдың: «болмасаң 

да ұқсап бақ» дегенін көп таланты жастар 

жүрек қалауы етіп өңіріне тартқан-ды. 

1979  жылы  сары  күзде  Зекең  маған 

ертең «Оралға ұшамыз» дегенде өлі мен 

тірі арасында  қалдым. Үйім 32 қаңылтыр 

жамауы  бар,  голланд  пешті,  8  шаршы 

метр құжыра еді. Әсіресе, институтымыз 

мамыр айында өртеніп кетіп, терезелері 

қорқынышты  үңірейіп,  тұрбалары  1941 

жылы  Гитлер  авиациясы  бомбылаған 

Ресей  қалаларындай  қап-қара  болып 

ырсиып тұр еді.

Зекең келе, №1, №11 қала мектептеріне 

тарыдай  шашылған  студенттер  ауди-

ториясында  әдемі  дәрістер  оқыды. 

Қаламгерлік  кездесулер  өткізді.  Іле-

шала Чапаев, Жаңақала, Орда, Жәнібек, 

Казталовка,  Жалпақтал  аудандарында 

болып,  Исатай-Махамбет  ұлт-азаттық 

көтерілісі болған жерлерді армансыз ара-

лады. Ел көрді, жер шолды. Қайтарында 

институт ректоры Есентай Ағелеуов заң 

шеңберіндегі  еңбек  ақысын  ұсынды. 

Зекең:  «Есентай,  бүлінгеннен  бүлдіргі 

алма  деген  аталарымыз.  Қиын  кезеңді 

бастан  кешіріп  жатыр  екенсіздер,  мына 

ақшаларды  жетім  студенттерге  жұмса» 

деп қайтарып берді. 

Аймақбасы  Мұстахым  Біләлұлы 

Ықсановпен  дидарласып,  ауыз-екі  есеп 

берді:  «бір  Махамбет  жөнінде  көңіл 

түйткілім бар еді, соны шештім. Өртенген 

институтқа да дем бергім келді» деп...

2006  жылдың  26  тамыз  к үні  көп 

ауырған жүрек тыншыды, мәңгі тоқтады. 

Апырым-ау  Орал  өңірі  бұл  қазаға  «аһ 

ұрмады.  Ел  болып  бармады,  кешір 

Зеке!».

Махамбетті  тану  академик  Қажым 



Жұмалиевтен  басталады,  бірақ  сол 

Махамбеттануға  Зекең  өлшеусіз  үлес 

қосты.  Ел  ішіндегі  еңбегі  бір  бөлек, 

әсіресе, дүниежүзі мәдениетінің Эйфель 

мұнарасы – Парижде: «Махамбеттің өмірі 

қасіреттің  синонимі,  ал  Махамбеттің 

өнері  қасиеттің  символы,  бұл  адамзат 

батырларының  бірі»  деп  жар  салып 

қайтты.

Біздің  елдің  кейбір  заңдары  жүрек 



шошытарлық.  Бір  ұлы  өлсе,оның  есімін 

мәңгілікке айналдыру үшін 5 жыл күту керек. 

Біз күттік. Ақыры, қазақ филологиясының 

2403 тобы академик Зейнолла Қабдолов 

есімін  қала  мектептерінің  біріне  бе-

руге  үн  көтерді.  Кафедра,  М.Өтемісов 

атындағы БҚМУ Ғылыми кеңесі қолдады. 

Біздің  игі  ісімізге  білім  департаменті 

(бастығы  Ж.Төремұратова),  №1  жалпы 

орта  білім  беретін  мектеп  ұжымы  (ди-

ректоры Н.Дәулетқалиева) бұл ұсынысты 

заңдастырып, жоғары құзырлы органдарға 

жөнелтті. 

Әр  ортаның  жарық  жұлдызы  секілді 

төңірегіне  шұғыла  шашып,  жарқырап 

тұратын  айрықша  асыл  тұлғалар  бола-

ды.  Солардың  санатындағы  салиқалы 

сардар  тұлға  болып  қана  қоймай,  қазақ 

әдебиетінің  с өз  ділмарына,  көс ем 

сөздің  зергеріне  айналған  Зейнолла 

Қабдоловтың  қазақ  әдебиетіндегі  орны 

ойып  аларлықтай.  Дүниеде  теңіз  терең 

емес,  адам  жанының  терең  екендігін 

дәлелдеумен өткен осы бір заңғар алып 

тұлғаның  өзгелерден  қашанда  оқ  бойы  

озық  тұруы,  қазақ  әдебиетінің  шоқтығы 

биік саңлағына айналуы, біздіңше, табиғи 

заңдылық. 

Әні  мен  күйі  шалқыған,  сыры  мен 

жыры  тасыған  ғажайып  сұлу  Атырау 

өлкесінде  дүниеге  келген  Зейнолла 

атамыз  тірі  болса,  бұл  к үнде,  яғни 

желтоқсан  айының  12-ші  жұлдызында 

сеңгір  сексеннің  төртеуіне  келер  еді... 

А ма л  не?  Дүниеге  келмек  бар  да, 

дүниеден  өтпек  те  бар.  Ауызы  алты 

қарыс Ажал деген аждаһадан ешкімнің 

қашып  қ ұтылмасы  да  баршаға  аян. 

Осыдан төрт жыл бұрын, 2006 жылдың 

26 маусымында  бұл дүниемен қоштасып, 

алыс сапарға аттанған заңғар тұлғаның 

алып бейнесі қазақ халқының мәңгі жа-

дында. Уақыт өтіп, замана көші үздіксіз 

алға жылжығанымен елімізде Зейнолла 

Қабдоловты еске алып, мәңгілік мұрасын 

жаңғырту, атағын аспандату мақсатында 

көптеген іс-шаралар атқарылып келеді. 

М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан 

м е м л е к е т т і к   у н и в е р с и т е т і н д е   ә р 

жылдың  12-желтоқсанында  Зейнолла 

Қ абдоловтың  т уған  к үні  әдеби- с аз 

кеші  түрінде  өткізіліп  тұрады.  Қазақ 

әдебиетінің  дамуына  өзінің  сүбелі 

үлесін қосқан Зейнолла атамыз қашанда 

адами  арлы  қалыптан  айнымай  өткен 

нағыз  Азамат  бейнесінде  де  халықтың 

жадында ғасырлар бойы сақталмақ. Ел 

тарихында  есімдері  алтын  әріптермен 

жазылуға лайық тұлғалы таланттардың 

талайымен  аралас-құралас,  дәмдес 

болғанының  өзі  заңғар  жазушының 

қасиеті  мен  көрегендігін  көрсетіп  тұр 

емес пе? 

Көсем сөздің зергері, сұңғыла ойдың 

сардары Зейнолла Қабдолов - халқына 

шын жаны ашып, елім деп еміреніп өткен 

есіл ер, жан азабынан ар азабын жоғары 

қойған  абзал  азамат.  Өзінің  мағыналы 

да мазмұнды өмірінде артына өшпестей 

мұра  қалдырған  Зейнолла  ағамыздың 

рухына  тағзым  ету  -  біздің  азаматтық 

парызымыз.



Серікқали ШАРАБАСов, 

филология ғылымдарының кандидаты 

елдана АСылХАНовА, 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ 

студенттік ректоры

Болашақ Зейнолла Қабдолов атындағы №1 жалпы орта білім 

беретін мектеп оқушылары мен ұстаздары университет 

оқытушылары С.ғ.Шарабасов, А.ы.Мамыровпен бірге.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет