Нұрсұлтан Назарбаев



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата21.01.2017
өлшемі6,86 Mb.
#2349
1   2
Тема, которую я хочу 

затронуть сегодня, 

касается жилищной 

проблемы студентов

Каждый, кто был 

студентом,  понимает, 

о чем я говорю. Если вы 

студент и учитесь в 

своем родном городе, то 

вам  повезло. А как же 

живут те студенты, 

которые уезжают за 

тысячи километров от 

своего дома. Где они жи-

вут? С кем они живут? 

С какими проблемами 

сталкиваются? Попро-

буем прояснить этот 

вопрос…

Я ЖИВУ С РОДСТВЕННИКАМИ...

Я ЖИВУ В ОБЩЕЖИТИИ…

Жизнь в общежитии кажется 

самым приемлемым вариантом для 

студентов. Хоть вы и живете втроем, вчет-

вером в комнате, у вас у всех одинаковые 

права и обязанности. Скажем честно, не 

всегда удается найти общий язык с со-

седями, но приходится искать компромисс. 

Живя в общежитии, вы становитесь более 

самостоятельными, учитесь отвечать за 

свои поступки, принимаете самостоятель-

ные решения. Порой там бывает очень 

шумно и не всегда удается сосредото-

читься на выполнении заданий, но, тем не 

менее, именно там вы можете чувствовать 

себя свободным и ни от кого 

не зависимым 

человеком.



Я ЖИВУ НА КВАРТИРЕ…

Это вариант намного комфортнее, 

чем жить в шумном общежитии

В квартире могут проживать 3-4 человека. 

Но даже и это иногда не избавляет от 

конфликтов. В основном, конечно же, на быто-

вые темы. Для того, чтобы избежать подобного 

рода конфликтов, следует заранее составить рас-

писание дежурства и установить определенные 

правила.


Исходя из всего вышесказанного, можно резю-

мировать: в настоящее время перед студентами 

стоит острая проблема квартирного вопроса

Порой не каждый может ее решить и 

жить именно в тех условиях, 

в которых ему удобно. 



Зарина СЕЙДАХАНОВА, 

студентка 3 курса

Что ж, на первый взгляд жить с 

родственниками кажется очень выгодным. 

Вы не платите за жилье и еду, живете с близкими

 надежными людьми. Но, как и у любой стороны 

вопроса, наряду с положительными сторонами, есть и 

негативные. Живя с родственниками, вы часто встречаетесь с тем, 

что на вас смотрят как на «бездельника». Очень многие родствен-

ники часто намекают, а иногда и открыто говорят вам, что они вас 

содержат. Они считают, что студент - это бездельник, проводящий 

большую часть времени в гуляниях. Многие просто не понимают, что 

быть студентом не так уж и легко. Рефераты, зачеты, практические 

работы, активная общественная жизнь - все это жизнь студента. По-

началу у вас будет немного обязанностей по дому, но затем их будет 

становиться все больше и больше. Родственники будут обижаться, 

что вы не выполняете всего того, что они просят, думая, что вы про-

сто ленивы. Казалось бы, близкие люди  должны  понимать, 

что вам тяжело освоиться в новом городе, на новом 

месте, вы только начинаете привыкать к 

университету и преподавателям. 

Увы…

Недавно я заметила на табличке автобуса гру-

бейшую ошибку.  Неправильно написали перевод 

слова  «роддом»:    на  казахском  это  было  «пере-

зетхана» , когда правильное написание «перзент-

хана».

Это ведь столько людей читают. А  надпись вводит 

людей в заблуждение: человек не знающий и не вла-

деющий казахским языком запомнит это слово так, как 

оно  написано  и  мало  того,  будет  так  же  его  распро-

странять дальше.

Знаете, как-то даже обидно, ведь это элементарное слово, можно же было отнести специалистам, про-

верить написание и потом только печатать. Если даже было правильно написано, принтер во всем виноват 

или еще что-нибудь, неужели нельзя исправить?

Многие, кто знают правильное написание,  просто посмеются, для них это повод для смеха, на самом же  

деле ничего смешного в этом нет!

И такие ошибки на сегодняшний день допускаются не только на автобусах, если приглядеться, они на 

каждом шагу. Вы сами, наверное, тоже  ни раз видели ошибки, и  кто-то просто прошел мимо, а кто-то по-

смеялся и рассказал друзьям и родным, как анекдот…



Алуа ҚОЖАХМЕТ.

Ошибка по ошибке



КВАРТИРНЫЙ ВОПРОС СТУДЕНТОВ

Стань явью, наконец,

МОЯ МЕЧТА…

Жетісу 

университеті



7

КӨКЖИЕК

бейсенбі, 18 қыркүйек, 2014 жыл

Жаңа оқу жылынан бастап, 

газетімізде жастарға арналған жаңа 

айдарлар ашылғандығын хабарлай-

мыз. Бозбалалар мен бойжеткендердің 

өтініші бойынша ой бөлісіп, пікір 

алмасу мақсатында «Жансырым» 

айдары жарыққа шықпақ. Өзіңіздің 

жандүниеңізде толғандырып жүрген 

сырмен бөлісемін десеңіз, редакцияға 

келіп немесе хат жазып хабарласуға 

болады. Аты-жөніңізді жасырын 

қалдыруды жөн санасаңыз, бүркеншік 

есіммен де жариялауға авторлық 

құқығыңыз бар екендігін ескертеміз. 

Ақпарат құпиялығына кепілдік етеміз.

Ал  өз ортамызда жүрген талантты 

балаларды жақын таныстыру үшін 

«Сенің замандасың» атты айдардың 

тұсауы кесілмек.  

Редакция ұжымы.

Құрметті оқырман!

-Есімің кім, айналайын?

-Нұр.


-Қандай  әдемі  есім.  Кім 

қойды? 


-Мен дүниеге келмей тұрып, 

бес жыл бұрын Нұр деген атты 

таңдап  қойған  екен.  Жолы 

нұрлы  болсын  деп  ырымдап-

ты.

-Ал,  спортты  таңдауыңа  не 



себеп болды?

-Менің  әкем  де  жасында 

спортпен  шұғылданған.  Бірақ 

өзіме тікелей әпкемнің ықпалы 

көп  болды.  Ол  дайындыққа 

барған  уақытта  мені  тастамай 

өзімен ертіп барып, отырғызып 

қоятын.  Сол  кезде  менің  де 

қызығушылығым  оянып,  алты 

жасымнан  спортпен  айналыса 

бастадым. Сол кездің өзінде бүкіл ел бойынша және шетел-

дерде өтетін жарыстарға барсам деп қиялдайтынмын.

Бала  күнгі  ақ  қанат  арман  алдамаған  екен.  Ес  кіріп, 

таңдау жасау жақындаған тұста каратэ-нің сито-рю түрімен 

айналысуға  бел  буады.  Үзбей  дайындалған  жаттығулар, 

қалааралық  жарыстар  мен  чемпионаттар  жеткіншектің 

жігерін жанып, болашағына деген сенім ұялатты. 

2009  жылы  жасөспірімдер  арасында  Қазақстанда 

ұйымдастырылған алғашқы чемпионатта ІІІ орын және бір 

жылдан кейін Ақтөбе қаласында өткен додада да жүлделі 

ІІІ орын иеленгені күні кешегідей көз алдында. Ал 2011 жылы WKF кара-

тэ мен Шымкент қаласында өткен каратэ-шотокан жарыстарында және 

Азия кубогі үшін Семейде өткен чемпионатта ІІ орынға көтеріліп, мерейі 

үстем болды. 

Мектеп қабырғасынан кейін кәсіби білім алуды қалаған Нұр бірден 

ЖМУ-дың дене шынықтыру мамандығына оқуға келді. Бүгінде «Титан» 

клубының  мүшесі,  дәріспен  қатар  спорт  кешенінде  дайындығын  да 

шыңдап жүр. Алдына қойған мақсаты да жоқ емес. Ол әлемді шарлап, 

дүбірлі додаларға қатысып, сан қырлы каратэ түрлерін меңгеріп, қазақ 

елін жоғарыдан танытсам дейді.

Нұр атына заты сай, жоғарыдан жарқырап, еліне нұрын төге берсін 

деп тілек қосамыз.



Б

үгінде ғылым мен техниканың 

қарыштап дамыған кезінде оқу-

білімнің,  яғни,  болашағымыздың 

жарқын да келелі болуының маңызы зор. 

Сондықтан да білім ордасында еліміздің 

әлеуметтік-экономикасының дамуына үлес 

қоса алатын, өзіндік ой пікірі бар жан-жақты 

дамыған, білімді де білікті тұлғаны дайын-

дап, тәрбиелеу аса құрметті қоғамдық міндет 

болып отыр. Себебі, ел тұтқасын білімді ұрпақ 

ұстаған шақта ғана өркениет алға дамымақ. 

Осы тұрғыда табиғаттың берген  дарынын 

тұла бойларында дамытып, ортада шыңдап 

жүрген жастардың бір легі біздің 

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік 

университетінде білім алып жүргендігін аса бір 

мақтанышпен атап өткіміз келеді.  Тұсауын 

кесіп оқырман ортасына ұсынып отырған 

«Сенің замандасың» айдарының да басты 

мақсаты жаныңда жүрген жақсы адамды ете-

не жақын таныстыру болғандықтан, алғашқы 

қонақтарымызды  назарларыңызға ұсынып 

отырмыз. Олардың бірі – биылғы оқу жылында 

университет қабырғасына қабылданған жа-

стар болса,  екіншілері – университетті осы 

оқу жылында бітіріп, еңбек жолына қанат 

қағатын түлектеріміз.

Біздің айдардың алғашқы қонағы  Заң факультетінің «құқық және эко-

номика негіздері» мамандығының 4 курс білімгері Айымгүл Рахимо-

ва. 2011 жылы мемлекеттік грантты жеңіп алып, білімнің кәусар 

бұлағынан  қанып  ішуді  алыстан  емес,  өз  туған  топырағынан 

алуды  жөн  санаған  білімді  жас,  бүгінде  университет 

қабырғасында  тәлім  алушы  үздік  білімгерлер  қатарынан 

табылып  келеді.  Үстіміздегі  жылы  Республика  бойынша 

өткізілген  пән  олимпиадасына  «құқық  және  экономика 

негіздері» мамандығынан топпен қатысқан білімгерлердің 

ортасында Айымгүлдің іріктеліп алынуы да тегін емес еді. 

Талай дүбірлі жарыстарда біліктілігімен көзге түсіп жүрген 

жас қыз бұл жолы да тобының І-орын алуына өз септігін 

тигізді.


Айымгүл  2013  жылдың  қаңтарынан  шілде  айына  дейін 

Латвия  мемлекетінің  Рига  техникалық  университетінде 

академиялық ұтқырлық бағыты бойынша білім алып қайтты. 

Білімге  деген  құштарлығы  одан  әрі  оянған  қаршадай  қыздан, 

ол жақты өзімізбен салыстырмалы түрде әңгімелеп беруін өтінген 

едік.


-Ізденген жанға білім қай жерде болмасын қызығы мен қиындығы қатар 

жүретіндігін сезіндім. Тек білімге деген ұмтылыс жігеріңді жоғалтпау керек. Латвия мемлекетіне барып, 

тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген білім ордамызға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Алдағы уақытта да 

білімімді жан-жақты дамытып, елдің құқық саласында еңбектенсем деген арманым бар.

Әрине, біз де өз тарапымыздан қанатың талмай, биік белестерден көріне бер демекпіз.

Зейінді жас – білімге бейімді жас

Жастардың бос 

жүргенін қаламаймын...

Келесі  кейіпкеріміз  Рига  техникалық  университетінде 

алты ай білім алып қайтқан қайсар қыз, қаржы-экономика 

факультетінің  экономика  мамандығының  4-курс  студенті 

Әсемгүл  Бигалиева.  Университеттің  2012  жылғы  белсенді 

білімгері  атанған  Әсемгүл  ректор  атынан  берілген  мара-

пат  иегері.  Әңгіме  барысында  есте  қаларлық  қуанышты 

сәтіңмен бөліссең деген сауалымызға бірден, «академиялық 

ұтқырлық  бағытында  шет  мемлекетке  барып    қайтуға 

мүмкіндік туған сәтті ешқашан ұмытпаймын». Оқимын  де-

ген жанға қазіргі қоғамда барлық жағдай жасалған дер едім. 

Тек  соған  зейін,  талпыныс,  қызығушылық  ауадай  қажет. 

Өз  басым  тек  әшейін  босқа  келіп-кетіп  жүрген  жастарды 

ұнатпаймын.  Білім  аламын  деген  жанға  тұңғиыққа  үңілу 

керек,-дейді Әсемгүл. 



Р.S:  Міне,  бұл  да  сенің  замандасың,  білімді  жас.  Сенің  де  еш  кем  тұсың  жоқ.  Дәл  осылай 

мамандығыңды сүйіп оқысаң ғана білікті маман болуға бір табан жақындайсың.

өткен  қашықтыққа  жүгіру  жарыстарынан.  Жеңіл  атле-

тиканы  жанына  серік  еткен  Надира  Абдулатифова  биыл 

дене  шынықтыру  факультетінің  студенті  атанды.  Арман 

жетегінде қыр асып кетпей, туған жерінде өсіп-өнуді құп 

алған  жастың  қалауы  І.  Жансүгіров  атындағы  Жетісу 

мемлекеттік университетіне түскендігін бірінші болып ата-

анасы  қолдады.  Бір  жағынан  қаршадай  қыздарын  жан-

дарынан  алыстатқысы  келмесе,  екіншіден,  туған  жерден 

шыңдалып шығуы қажет деп ой түйген екен. 

Надирада  бос  уақыт  болмайды.  Таңсәріден  жаттығу 

жұмыстарын  бастайтын  ол,  қас  қарайғанша  тыным 

таппайды.  Күніге  қанша  қашықтықты  жүгіресің  деген 

сауалымызға әдемі жымиған ару қыз:

-Бәрін минутпен есептеп жүрмеймін, дегенмен мен үшін 

жетем деген жеріме көлік күткеннен көрі жүріп кеткен жеңіл 

болып тұрады. Мәселен, өзім тұратын Көктал ықшам ауда-

нынан қала орталығына дейін немесе қаладан Қарабұлақ 

кентіне дейін жүгіріп жеткен күндерім де болған. Орта есеп-

пен  3  километр  қашықтықты  11  минутта  жүгіріп  өтемін,-

деді.  

Осы  сәтте  бірден  қала  кептелісінен  шығудың  оңай 



жолы  осы  екен  ғой  деген  жеңіл  ой  келді  санаға.  Әрине, 

қалжың сөз күлгенге жақсы. Ал Надира қызымыздың осы 

бір  алғырлығы  мен  шапшаңдығына  сүйсіндік.  Өмірдің 

белестерінен жүйткіп өте бергей!



ТҮЙІН. 

ҚҰРМЕТТІ ЖАСТАР. СЕНІҢ ДЕ БІЗДІҢ 

АЙДАРЫМЫЗДЫҢ КЕЙІПКЕРІ БОЛУҒА 

МҮМКІНДІГІҢ БАР. ОЛ ҮШІН ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН 

ЖЕТІСТІКТЕРІҢДІ БІЗБЕН БӨЛІССЕҢ БОЛҒАНЫ, 

ЕСІГІМІЗ АЙҚАРА АШЫҚ.

Айдарды жүргізген: Баян СОВЕТҚЫЗЫ

«Үш километрді  

11 

минутта жүгіріп 



өтемін...»

Иә,  дәл  солай.  Оның  бүгінгі 

қол  жеткізіп  жүрген  жетістігі 

минут,  секундпен  өлшенеді. 

Марапаттарының 

барлығы  

Қазақстанның қалаларында

СЕНІҢ ЗАМАНДАСЫҢ...

Алты жасынан спортты 

серік еткен НҰР


Газет Талдықорған қаласы, 

Қабанбай батыр көшесі, 32-

үйде, «Алматы - Болашақ» АҚ 

филиалы «Офсет» баспахана-

сында басылады.

Газет айына екі рет шығады.

БІЗДІҢ 

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 

Талдықорған қаласы, 

Жансүгіров көшесі, 187а. 

Байланыс телефоны: 

223329; ішкі нөмір.1143

Бас редактор Баян Шаянбаева

Жарияланған мақала авторларының пікірлері 

редакция көзқарасын білдірмейді.

«Жетісу университеті» газетінің компьютер орталығында 

теріліп, беттеледі.

Тапсырыс №1142

Таралым 2000 дана

Жауапты хатшы Ү.Өмірзақов

Тілші А.Дегтярёв

Корректор Б.Жаңабаева

Беттеуші А.Кенжебекова

Суретке түсірген Б.Айменов

8

бейсенбі, 18 қыркүйек, 2014 жыл

КӘДЕ

Жетісу 


университеті

ҚҰРЫЛТАЙШЫ: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 

келісім министрлігінде 2003 жылғы 02 қыркүйекте тіркеліп, 

№ 4190-Г куәлігі берілген.

{

ДЕГЕН ЕКЕН...



Сабыр, бикеш...

Ауылдан бір бойжеткен қаладағы 

ең тәуір деген қонақ үйге келіпті.

- Апыр-ай, сіздер қандай адамсыздар?! 

– дейді ол күтуші әйелге, - Мені астаналық 

емес, ауылдан келген көп аңқаудың бірі деп 

қабылдап, осындай тап-тар, қара көлеңке 

бөлме бергендеріңді қалай түсінсем екен?!

- Сабыр, сабыр, бикеш! – дейді күтуші 

әйел. – Бұл бөлме емес, лифті ғой!



Қазіргі техниканың 

дамығаны-ай...

Бір азамат станцияда сыртқа 

шығып қайта мінерінде байқамай қарсы 

кетіп бара жатқан пойызға мініп алады да, өз 

вагонына, өз орнына кеп отырып жоғарыда 

жатқан азаматтан:

- Қайда бара жатырсың? – деп сұрайды.

- Қарағандыға...

Бұл сәл ойланып: «Опыр-ай-ә, қазіргі 

техниканың дамып жетілгенін қойсаңшы, 

бір мезет, бір вагонда жоғарыдағы – 

Қарағандыға, ал мен Алматыға кетіп 

барамын...» – деп 

таңданған көрінеді.



Енді таз әйелдерге 

баратын болғасың ба?

Әйелі кешігіп келген күйеуінің үстінен 

ұзын қара шаш тауып алып: «Бәсе, 

түнделетіп қайда жүр десем!..» деп әлекті 

салыпты.

Келесі бір кешігуде түрлі-түсті шашты 

қолға түсіріп: «Боянатын, сыланатындармен 

қыдыратын болғансың ба!..» деп сойқанды 

салады.

Келесіде шұқшиып іздеп, ақыры бір тал 



ақ шаш тауып: «Енді, кемпірлерге баратын 

болғансың ба!..» деп боздапты.

Келесіде қанша шұқшиып іздесе де, қолына 

шаш тұрмақ қылтанақ ілінбейді. Шаршап-

шалдығып, ақыры амалдың жоқтығынан: 

«Енді, таз әйелдермен жүруді 

шығарыпсың, оңбаған!..» деп 

ойранды салған екен.

Студент қалай 

тамақтану керек?

Кейбір  жандар  «студент»  дегенде  «қарны  аш 

халықты»  көз  алдына  елестетеді.  Расында  да  со-

лай шығар. Шын мәнінде кей студенттердің қарны 

аш  жүретін  кездері  де  жетерлік.  Таңғы  асты  еле-

мей  түсте  бір-ақ  ішіп  жүретін  студенттер  бар. 

Алайда  денсаулықтың аса маңызды екенін естен 

шығармағаныңыз дұрыс.

Қазіргі таңда студенттер көбіне тез дайын бола-

тын астар мен фастфудты күнделікті тағамына ай-

налдырып барады. Бұл бір жағынан уақыттың кей-

де аздығынан болса, бірде қалтаның жұқаруынан 

келіп  туатын  амал.  Алайда  мұндай  тағамдардың 

құнарының  мол  емес  екені  анық.  Құрамында 

дәрумендер  жоқ  де-

сек  те  бо-

л а д ы . 

Сондықтан тез дайындалатын тағамдар мен фаст-

фудтан аулақ болғаныңыз абзал, Студент!

Ең  біріншіден,  студент  күніне  үш  немесе  төрт 

мезгіл  тамақтану  керек.  Мезгілсіз  тамақтану  да 

асқазанның  бұзылуына  әкеліп  соғады.  Түскі  асты 

ішу  кезінде  еш  дүниені  назарға  алмай,  асықпай 

тамақтанған  дұрыс.  Бұл  да  сіздің  көңіл-күйіңіздің 

бірқалыпты болуына әсерін тигізеді.

Күні  бойы  сергек  және  шаршамай  жүру  үшін 

таңғы  асты  ішу  керек.  Күш-қуат,  күндегі  қимыл 

үшін аса маңызды екенін бір сәт естен шығармаған 

дұрыс.  Ал  студент  үшін  таңғы  асқа  түрлі  жарма-

ларды  жегеннің  пайдасы  мол.  Қарақұмық,  күріш, 

жүгері  және  тары  жармалары  денсаулыққа  пай-

далы.  Оларды  таңертең  асығыс  сәтте  жылдам 

дайындауға  болады.  Құрамында  дәрумендер  де 

жетерлік.

Университеттегі  сабақтың  бос  уақытында 

асқазаныңыз  шұрылдаса,  йогурт  немесе  айран 

ішкеніңіз дұрыс. Сонымен қатар, мүмкіндігіңіз болса 

бутерброд, алма мен банан жегеніңіз де дұрысырақ.

Үйге  немесе  жатақханаға  оралған  соң  сорпа 

ішіңіз. Күніне бір мезгіл ыстық тамақ ішу – күніңіздің 

«алтын  ережесі»  болсын.  Дәл  осы  уақытта  бол-

маса  да,  таңертең  не  кешкісін  ыстық  аспен 

тамақтаныңыз.

Кешкі 

дастарханыңызда 



түрлі 

салаттар 

мен  жеміс-жидектің  болғаны  дұрыс.  Өйткені 

жатақханада  тұратын  студенттердің  көбі  «ауыр» 

және  майлы  асты  кешкісін  ішетіні  белгілі.  Бұл 

дегенің  асқазанға  салмақ  түсіреді.  Сондықтан  да 

студент,  денсаулық  –  басты  байлық  екенін  естен 

шығармағаныңыз абзал!



ҚҰЛАҒЫҢЫЗ ТҮРІК 

БОЛСЫН

  Соңғы  10  жылдың  ішінде  сапасыз  ыдыстардың 

көп  шығуына  байланысты  денсаулыққа  зиянын 

тигізетін ыдыстар мәселесі қиындыққа айналуда.

Меламинді ыдыстар денсаулыққа 100% зиян

Бұл  ыдыстардың  денсаулыққа  өте  зиян  екеніне 

қарамастан  көптеп  өндіріледі.  Ұзын  құлақтың  айтуын-

ша,  өндіруші  мемлекеттердің  өздері  қолданбайды,  тек 

шет  елге  шығарады.  Ол  бір  қарағанда  фарфор  ыдысқа 

қатты ұқсайды. Бірақ фарфордан әлдеқайда жеңілдігінің 

арқасында жылдам ажыратып алуға болады.

Металл ыдыстар

Мұндай  ыдыстарды  ыстық  сорпа  немесе  шырын 

қайнатқан  кезде  металл  иондары  бөлініп  шығады.  Ме-

талл ыдыстардың ішіне сызат түсіруге, дайын тағамдарды 

сақтап  қоюға  кеңес  бермейміз.  Себебі  жоғарыдағы  ион-

дар ыдыстағы тамаққа, артынша организмге түсуі мүмкін. 

Мұнымен  қатар  никель  мен  хром  ионын  бөліп  шығару 

қаупі бар.



Алюминий ыдыстар

Зерттеу  нәтижесі  бойынша,  алюминий  ыдыс  тұзбен, 

ас  содасымен  әрекеттескен  кезде  химиялық  қасиетін 

өзгертеді.  Осыған  байланысты  алюминий  ыдыста  щи, 

орамжапырақ,  түрлі  кисель,  компот,  бұқтырылған, 

қуырылған көкөністер, жұқалтыр қағаздағы тағам пісіруге 

болмайды.

Ыдысты  жасаушы  компаниялар  бетіне  оксидті  жабын-

ды қапталатындығын айтады. Алайда алюминий иондары 

бұл  жабындының 

қ а н ш а л ы қ т ы 

төзімді 


екеніне 

қарамастан 

тамақтың 

ішіне түседі.

Алюминий 

ағзаға 


көп 

мөлшерде 

жиналып, 

нәтижесінде созылмалы ауруға 

шалдықтырады.

Тот баспайтын болат

Оны 


күнделікті 

тұрмыста 

пайдаланған 

жағдайда 

тамақ  арқылы  адам 

ағзасына 

аллергия 

шақыратын никель түседі.



АРТЫҚ БОЛМАС БІЛГЕНІҢ

Денсаулыққа зиянын 

тигізетін ыд

ыстар

{

«Күлмегенде қайтеміз»



Бір күні сатирик Садықбек 

Адамбеков Жазушылар 

одағының секция мәжілісінде 

өзінің жаңа комедиясын 

оқыпты. Комедия ұзақ екен. 

Мәжіліске қатысып отырған 

ақын Сырбай жалығып жиі-жиі 

күле берсе керек.

 – Ей, сен неге күлесің? – депті Садықбек 

Сырбайдың күлгенін жақтырмай. Сонда 

Сырбай күлкісін тыймай:

–   Комедия болған соң күлмегенде қайтеміз! 

–  депті.

Әңгімені  әріден,  яғни  алғашқы  көрген  күннен 

бастасам,  мен  онымен  былтыр  бірінші  курсқа 

қабылданған кезде таныстым. Бір көргенде биязы 

әрі өте салмақты болып көрінетін ол сөйлескенде 

өзі  жайлы  ақтарылып  айтудан  қашқақтайтын 

сияқты  көрінді.  Мүмкін  мінезі  ауыр  болғандықтан 

шығар деп жорып, өзім емен жарқын тілдесіп жүре бердім. Күн өткен 

сайын оған бауыр басып қалғаным сонша, күнде көргенше асық бола-

тынмын. Ол менен екі курс жоғары оқитындықтан, күнделікті жолымыз 

тоғыспаса да, кездесудің, тіпті, сыртынан бір көріп қайтудың амалын та-

уып, торуылдап жүруді әдетке айналдырдым. Өзіме ерсі көрінбегенмен, 

осы қылығымды сезген жан құрбым қанша рет «бұның болмайды, не 

болды саған, оны ойлағанша сабағыңды ойламайсың ба?» деп тоқтау 

айтқан  болатын.  Мен  болсам  оны  қызғанып  айтады  деп  қабылдап, 

ақырында іздеп жүретін күнге жеттім. 

Осылайша күн артынан күн, ай артынан ай өте берді. Бірде ғашықтар 

күнін  сылтау  етіп,  бар  батылымды  жинап,  жүрекжарды  сезімімді 

білдіріп хат жаздым. (Бүгінде сол хатты бекер жаздым-ау деп өкінемін) 

Ешкімге сенбестен өзім қолына табыстадым. Міне содан бастап ол ме-

нен алыстай бастады. Кездесіп қалсақ көрмегендей өте шығады неме-

се асығыс кетіп бара жатқанын сылтау етіп кетіп қалып жүрді. Менің де 

бірдеңе айтуға  батылым жетпей қала беретінмін. 

Жазғы демалысты әрең дегенде аяқтап, енді көретін болдым-ау деп 

келсем,  оқу  орнын  өзгертіп  кетіп  қалыпты.  Әрине  маған  бола  емес 

шығар, естуімше отбасылық жағдайына байланысты Алматыға қоныс 

аударыпты.  Кейде  соншалықты  жігерсіздігіне  налып,  ең  болмаса  ай-

тып тастаса көңілім суыр ма еді деп, ойлаймын. Бір жағынан жүрегімді 

ауыртқысы  келмеген  шығар  деп  өз-өзіме  басу  айтамын.  Бүгінде  оны 

бір  көруді  аңсап  жүрмін.  Тек  сыртынан  көрсем  болғаны,  сағынышым 

басылар еді. 

Сіздер мені бұл жынды ма, әлде ұятсыз екен деп сөгерсіздер, бәлкім. 

Бұл  менің  еш  бүкпесіз  жан  сырым.  Махаббаттың  машақаты  осылай 

да болады екен-ау деген оймен сергелдең күй кешіп жүрмін. Қайтсем 

екен... Қалай ұмытуға болады...

Арайлым

ЖАНСЫРЫМ

Мен оны 

ұмытуға ты-

рысып жүрмін, 

бірақ қолымнан 

келер емес. Иә 

дәл солай... Са-

намды жаулап 

алғаны сонша 

күндіз өңімнен, 

түнде түсімнен 

шықпайды...

Бір көру арман 



болды...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет