НұСҚаулар 1 тақырып. Психологияның салалары: фундаменталды және қолданбалы



бет6/14
Дата25.05.2023
өлшемі48,27 Kb.
#97094
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
БӨЖ

Әдістемелік нұсқаулар:
Құрметті студенттер, Сіздерге СӨЖ тапсырмалары бойынша негізгі сұрақтар, тапсырмалардың №1 пунктінде қарастырылатын тақырыптық мәселелердің біреуін танымдық қызығушылығыңызға сай өз еркіңізбен таңдап, авторлық шығармашылық жұмыс түрінде тапсырманы орындауға болады.
а) Авторлық шығармашылық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі «Тақырыптың негізгі мазмұны» - бұл тьютормен бірлесе отырып таңдалған білім көздерінің негізінде (оқулық, журнал, монография, анықтамалық әдебиет, этикалық кодекс және т.б.) таңдаған тақырыбыңыздың мазмұнын ашу.
Екінші бөлімі – креативті шығармашылық бөлім: тақырыптық және тікелей сұрақтар құрастыру. Келтірген мәтініңіздің мазмұнына сай бес тақырыптық сұрақ құрастырыңыз. Сұрақ сұраулы сөйлем түрінде емес, емтихан сұрақтары сияқты толық, кешенді жауап беруді талап ететін сұрақ-тақырып ретінде болу керек. Одан кейін тікелей сұрақтар (сұраулы сөйлем түріндегі, аты-жөнін, датасын атауды, ұғымға анықтама беруді сұрайтын сұрақтар) құрастырыңыз. Аталған сұрақтарға жауаптарыңызды келтіріңіздер.
Үшінші бөлім – креативті шығармашылық бөлім: тест түріндегі тапсырмалар.
Мәтініңіздің мазмұнына сай 10 тест құрастырыңыз. Тест тапсырмасына қойылатын талаптар: тест сұрақтары шұбалаңқы емес, қысқа, түсінікті болу керек; бес жауап нұсқасы және бір дұрыс жауабы болуы шарт, жауап нұсқаларының мазмұны бір-біріне ұқсас болу керек.
Авторлық шығармашылық жұмыс жазбаша түрде стандартты үлгіде рәсімделуі тиіс (титулдық беті, жұмыс мазмұны, ары қарай келесі бөлімдері: тақырыптық және тікелей сұрақтар міндетті түрде жауаптарымен және тест сұрақтары да міндетті түрде жауаптарымен келтірілуі керек).
Авторлық шығармашылық жұмыс басқа өзіндік жұмыс түрлеріне қарағанда жоғары бағаланатынын ескертеміз!
Тапсырманы орындау түрі: авторлық шығармашылық жұмыс
Әдебиеттер:
Қарым-қатынас психологиясы: Оқулық / Х.Т.Шерьязданова, Л.К.Ермекбаева, И.Ә.Абеуова, Р.Н.Алибаева, М.Ә.Әмірбекова. - Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. - 341 б.
Абеуова И.Ә., Ермекбаева Л.К. Әлеуметтік психология: Оқу құралы. – Алматы: Полиграфия-Сервис и К., 2011. – 214 б.
Вердербер Р., Вердербер К. Психология общения. – СПб: «Прайм-ЕВРОЗНАК», 2003. – 318 с.
Бодалев А.А. Психология общения. - М., 2002. – 250 с.
А.И.Волкова. Психология общения. Ростов-на-Дону. 2007.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет