НұСҚаулар қарағанды 2020 кіріспе «Макроэкономика»



бет21/46
Дата31.12.2021
өлшемі134,17 Kb.
#21138
түріНұсқаулар
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46
4. Есептер.

1. Төмендегі кестеде жиынтық сұранысты сипаттайтын деректер берілген:



Бағалар деңгейі

250

225

200

175

150

125

125

125

AS(өндірілген ЖІӨ)

2000

2000

1900

1700

1400

1000

500

0

Анықтаңыз:

а) Жиынтық ұсыныс қисығының Кейнс үлгісінде нақты ЖІӨ көлемі қандай шектерде өзгереді? ә) Жиынтық ұсыныс қисығының классикалық (айқын) үлгісінде бағалар деңгейі қандай шектерде өзгереді? б) Жиынтық ұсыныс қисығының классикалық үлгісіндегі нақты ЖІӨ көлемі қандай шектерде өзгереді? в) Жиынтық ұсыныс қисығының аралық үлгісінде нақты ЖІӨ көлемі қандай шектерде өзгереді? г) Жиынтық ұсыныс кестесін құраңыз.

2. Төмендегі кестеде жиынтық сұраныстың жұмыс атқаруының үш нұсқасы берілген.



Бағалар деңгейі

AD1

AD2

AD3

250

1400

1900

400

225

1500

2000

500

200

1600

2100

600

175

1700

2200

700

150

1800

2300

800

125

1900

2400

900

100

2000

2500

1000

а) Жиынтық ұсыныстың кестесін пайдаланып, жиынтық сұраныстың берілген үш нұсқаға сәйкес келетін AD1, AD2, AD3 қисық сызықтарын құрыңыз.

ә) Үш нұсқаның әрқайсысы үшін ЖІӨ- нің тепе- тең көлемі мен бағалар деңгейінің тепе- тең деңгейін анықтаңыз.

Тестілер.


  1. Жиынтық сұраныс қисығының көрсететіні:

А) бағалардың әрбір мүмкін деңгейінде тұтынушылар сатып алуға дайын тауарлар мен қызметтердің саны;

Ә) бағалар деңгейі мен өндірілген ЖІӨ арасындағы тәуелділік;

Б) бағалардың сатып алушылар келісетін және сатушыларды қанағаттандыратын деңгейі;

В) өндірілген өнім мен тұтынылған ЖІӨ-нің нақты тұлғаланған көлемі;

Г) тауарлар мен ақша нарықтары тең жағдайда болғанда, экономикада тауар шығарудың және бағалардың жалпы деңгейінің үйлесімі;

Д) бағалардың әрбір мүмкін деңгейінде тұтынушылар сатып алуға дайын тауарлар мен қызметтердің арасындағы оң тәуелділік;

Е) бағалар деңгейі мен тауарлар (қызметтер) сатып алуға деген жиынтық шығыстар арасындағы қатынас ;

Ж) тұтыну көлемінің серпініне баға және бағадан тыс факторлардың ықпалы.



  1. Ақшаның сан теориясының теңдеуі:

А) MS = mMB

Ә) m = MS/ MB

Б) MV = PY

В) MS = C + D

Г) MB = C + R

Д) P = MV/Y

Е) MS = 1/rr

Ж) Y = MV/P



  1. Жиынтық ұсыныс қисығының жылжуы:

А) егер салық мөлшерлемелері төмендесе - оңға;

Ә) экономикада бағалар деңгейі көтерілгенде - солға;

Б) егер табыс салығы қысқарса – солға;

В) егер экономикада ақша ұсынысы артса – оңға;

Г) егер мұнай мен мұнай өнімдеріне бағалар көтерілсе - солға;

Д) экономикада бағалар деңгейі өскенде - оңға;

Е) егер өндіріске жаңа технологиялар енгізілген кезде - оңға;

Ж) кәсіпкерлерге салықтар көбейсе – оңға ;



  1. Жиынтық сұраныстың қисығы туралы тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес:

А) AD қисығының кестесі берілген ақша ұсынысы шартында ақшаның сан теориясының теңдеуі негізінде құрылады;

Ә) жиынтық сұраныстың мөлшері экономикада бағалар деңгейі төмендеген кезде артады;

Б) экономикада ақша ұсынысының азаюы AD қисығының бойымен қозғалудан көрінеді;

В) жиынтық сұраныс қисығының көлбеуі теріс ;

Г) экономикада ақша ұсынысының азаюы AD қисығының оңға қозғалуы арқылы көрінеді;

Д) жиынтық сұраныстың мөлшері экономикада бағалар деңгейі төмендегенде азаяды;

Е) AD қисығының бойымен қозғалыс – бағалардың жалпы деңгейі серпініне байланысты жиынтық сұраныстың өзгеруін көрсетеді;

Ж) бағадан тыс факторлардың өзгеруі кестеде AD қисығының жылжуынан көрінеді.



  1. Төменде аталғандардың қайсысы ұсыныстың есеңгіретерлік әсерлеріне жатпайды:

А) ресурстарға бағалардың күрт өзгеруі;

Ә) апаттық жағдайлар;

Б) қоршаған ортаны қорғауға арналатын шығыстардың ұлғайтылуы;

В) ақша айналысы жылдамдығының артуы;

Г) кәсіподақтар белсенділігінің күшеюі;

Д) инвестициялық сұраныстың күрт өзгеруі ;

Е) ақша ұсынысының күрт өзгеруі ;

Ж) банкоматтардың пайда болуы себепті жұртшылықтың ақша жиынына сұранысының төмендеуі.



  1. Жиынтық сұраныс қисығының жылжуы:

А) егер мемлекеттік шығыстар қысқарса – оңға;

Ә) экономикада бағалар деңгейі көтерілген кезде - солға;

Б) егер табыс салығы қысқарса - солға ;

В) егер экономикада ақша ұсынысы көбейсе – оңға ;

Г) егер мемлекеттік шығыстар артса - солға;

Д) егер мемлекеттік шығыстар қысқарса - солға;

Е) экономикада бағалар деңгейі көтерілгенде - оңға ;

Ж) егертабыс салығы қысқарса – оңға.



  1. Классикалық үлгі ережелеріне сәйкес:

А) жиынтық сұраныстың деңгейін өндіру көлемі айқындайды;

Ә) бағалар мен атаулы жалақы қатаң;

Б) жиынтық ұсыныстың қисығы тік орналасқан және оңға да, солға да жылжи алмайды ;

В) экономикада инвестициялар мен жинақ ақшаны әртүрлі факторлар айқындайды және процент мөлшерлемесінің өзгеруінен теңестіріле алмайды;

Г) экономика толық қуатпен жұмыс істейді ;

Д) ұлттық өндірістің нақты көлемі әлеуетті деңгейге жетпейді;

Е) экономика жұмыссыздықтың толық (табиғи) деңгейіне жетті;

Ж) жиынтық ұсыныстың қисығы көлденең орналасқан және оңға да, солға да жылжи алмайды.



  1. Кейнс үлгісіне сәйкес:

А) экономикада сұраныс тиісті ұсынысты тудырады ;

Ә) бағалар мен атаулы жалақы икемді;

Б) өнім шығару көлемін экономикадағы капитал қоры айқындайды;

В) қысқа мерзімдік кезеңде бағалар мен атаулы жалақы жеткілікті дәрежеде қатаң;

Г) тұрақты шығасылар өседі;

Д) жұмыспен қамту деңгейі мен өнім шығару көлемі икемді;

Е) инвестициялық мөлшерлемелер икемді;

Ж) нарықтар бәсекелес болып саналады.



  1. AS қисығының классикалық үлгісінде жиынтық сұраныстың азаюы төмендегіні білдіреді:

А) бағалар деңгейіне емес, өнім шығару көлеміне әсер етеді;

Ә) бағалар деңгейі мен өнім шығару көлеміне әсер етпейді;

Б) бағалар деңгейіне де, өнім шығару көлеміне де әсер етеді;

В) бағалар деңгейі көтеріледі, өнім шығару көлемі артады;

Г) бағалар деңгейі көтеріледі, өнім шығару көлемі азаяды;

Д) өнім шығару көлеміне емес, бағалар деңгейіне әсер етеді;

Е) бағалар деңгейі төмендейді, өнім шығару көлемі өзгермейді;

Ж) бағалар деңгейі төмендейді, өнім шығару көлемі азаяды.



  1. Экономикада қысқа мерзімдік кезеңді зерттеу үшін төмендегілердің қайсысына жол беріледі:

А) бағалардың икемсіздігіне;

Ә) жұмыспен қамту деңгейінің икемділігіне;

Б) тұрақты шығасылардың өсуіне;

В) инвестициялық мөлшерлеменің икемділігіне;

Г) өндіріс факторларының өзгеруіне;

Д) өндіріс ауқымының тұрақты нәтижесіне;

Е) атаулы жалақының қатаңдығына;

Ж) атаулы жалақының икемділігіне.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет