3. Тестілер.
1. Харрод- Домар үлгісі келесі мәселелерді қарайды:
А) тұрақты өсу мүмкіндігін;
Ә) бағалардың өндіріс факторларының арақатынасына ықпалын;
Б) өндірістік қызметті;
В) экономикалық өсудегі техникалық өрлеудің рөлін;
Г) жұмыспен толық қамту жағдайында тұрақты өсу ықтималдығын;
Д) өсу қарқынына ақшаның ықпалын;
Е) өсудің кепілді қарқынының тұрақтылығын;
Ж) экономиканың тұрақты өсуіне халық саны артуының ықпалын.
2. Капиталмен жарақтандырылушылықтың тұрақты деңгейі:
А) инвестициялар капиталдың істен шығарылуынан артық;
Ә) инвестициялар капиталдың істен шығарылуына тең;
Б) жинақ ақша табыспен шамалас;
В) бір жұмыскерге капитал қоры тұрақты болып қалады;
Г) капиталдың істен шығарылуы инвестициядан артық;
Д) жинақ ақша нормасы тұрақты;
Е) капитал тұрақты нормамен тозады;
Ж) капитал артпайды да, азаймайды да.
3. Егер кк* болса:
А) капитал қоры оның істен шығарылуынан аз;
Ә) инвестициялар капиталдың істен шығарылуынан көп;
Б) капиталдың қосылуынан гөрі, істен шығарылуы шапшаңырақ;
В) өндіріс көлемі артатын болады;
Г) капиталмен жарақтандырылушылық қысқаратын болады;
Д) жинақ ақша нормасы артады;
Е) тұтыну азаяды;
Ж) капиталмен жарақтандырылушылық артатын болады.
4. Капитал жинақтаудың «алтын ережесі»:
А) жинақ ақша нормасының азаюы тұтынудың ұлғаюын тудырады;
Ә) инвестициялар капиталдың істен шығарылуына тең;
Б) тұтынудың ең жоғарғы деңгейінде тұрақты жай-күйді қамтамасыз ететін капитал жинақтау деңгейі;
В) бір жұмыскерге капитал қоры тұрақты болып қалады;
Г) капитал артпайды да, азаймайды да;
Д) жан басына шаққандағы тұтыну ең жоғары шегіне жететін кездегі капиталмен жарақтандырылушылық деңгейі;
Е) капитал тұрақты нормамен тозады;
Ж) шекті өнім капиталдың істен шығарылуына тең.
5. Капитал қорына төмендегі әсер етеді:
А) инвестициялар;
Ә) еңбек өндірімділігі;
Б) капиталдың істен шығарылуы;
В) қызметкерлердің саны;
Г) қызметкерлердің біліктілігі;
Д) салықтар;
Е) амортизация үдерісі;
Ж) техникалық өрлеу.
6. Еңбектің капиталмен жарақтандырылуын төмендегі сипаттайды:
А) жан басына шаққандағы тұтыну ең жоғары шегіне жететін кездегі капитал деңгейі;
Ә) бір қызметкерге тура келетін капитал;
Б) капиталдың тұрақты нормамен тозуы;
В) инвестицияларға бағытталатын жинақ ақша нормасы;
Г) капиталмен жарақтандырылушылық жоғары болған сайын, өндіру көлемі де көбірек;
Д) капиталмен жарақтандырылушылық жоғары болған сайын, инвестициялар көлемі де көбірек;
Е) фирмада бар капиталдың көлемі;
Ж) негізгі капиталдың нарықтық құны.
7. Капиталдың істен шығарылуы төмендегілердің қайсысын білдіреді:
А) бір қызметкерге капитал қорының тұрақты болып қалатынын;
Ә) капиталдың істен шығарылуы көп болған сайын, капитал қоры да молырақ болатынын;
Б) капитал қорларына тура шамалас екенін;
В) капитал қорын азайтатынын;
Г) капитал қорларына кері шамалас екенін;
Д) капиталдың өспейтінін де, азаймайтынын да;
Е) капитал амортизациясы үдерісін;
Ж) капиталдың істен шығарылатын мөлшерінің капитал қорына әсер ететінін.
8. Капитал қоры тұрақты деңгейден аз болады, егер:
А) жинақ ақша нормасы артса;
Ә) капиталдың қосылуына қарағанда, істен шығарылуы жылдамырақ болса;
Б) инвестициялар капиталдың істен шығарылуынан артық болса;
В) капиталмен жарақтандырылушылық қысқаратын болса;
Г) капиталмен жарақтандырушылық артатын болса;
Д) өндіру көлемі өсетін болса;
Е) тұтыну азайса;
Ж) капиталдың істен шығарылуына қарағанда, қоры аз болса.
9. Солоу үлгісінде өндірудің артуына ықпал ететін факторлар:
А) жинақ ақша;
Ә) халық санының өсуі;
Б) табиғи ресурстардың көлемі;
В) мемлекеттің шығыстары;
Г) бағалар деңгейі;
Д) технологиялық өрлеу;
Е) еңбек ресурстарының сапасы;
Ж) тұтыну шығыстары.
10. Қысқа мерзімдік кезеңде жинақ ақша нормасы көтерілгенде:
А) инвестициялар көбейеді;
Ә) тұтыну артады;
Б) капитал азаятын болады;
В) инвестициялар қысқарады;
Г) экономикада капиталмен жарақтандырылушылық төмендейді;
Д) капитал өсетін болады;
Е) экономикада капиталмен жарақтандырылушылық өзгермейді;
Ж) экономика капиталмен мол жарақтандырылушылыққа жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |