3. Жаттығулар:
1. Тұлғалардың жағдайлары тұрғысынан мәртебелерін анықтаңыз (Жұмыспен қамтылғандар - Жқ; Жұмыссыздар - Ж; Жұмыс күші құрамына енбейтіндер - Е):
А) Өз еркімен жұмыстан шыққан мұғалім.
Ә) Толық емес жұмыс күніне ауыстырылған тігінші.
Б) Денсаулығының жай-күйіне байанысты жұмыс істей алмайтын жүргізуші.
В) Жұмыстан шығарылған, ұзақ уақыт жұмыс таба алмай, енді жұмыс іздеуді тоқтатқан жұмысшы.
Г) Күндізгі бөлімде оқитын студент.
Д) Оқу орнының кешкі бөлімінде оқитын сатушы.
Е) Өзінің үйімен және отбасымен айналысатын үй шаруасындағы әйел.
Ж) Бір мезгіл сабақ үйретуші (репетитор) болып жұмыс істейтін үй шаруасындағы әйел.
2. Жұртшылықтың әртүрлі топтары үшін инфляцияның зардаптарын анықтаныз (Ұт. - ұтады; Ұтп. - ұтпайды).
А) Ферма қожайыны проценттің бекітілген мөлшерлемесімен 10 жылға кредит алып, техника сатып алады.
Ұт. Ұтп.
Ә) Сіздің досыңыз пәтерді үш жыл мерзімге жалдау ақысы белгіленген мөлшерде жалдап тұрады.
Ұт. Ұтп.
Б) Ата-ана қыздарының университеттегі оқу ақысы үшін банктегі жинақ ақша шотынан салым салады.
Ұт. Ұтп.
В) Банктер проценттің белгіленген мөлшерлемесімен берілетін қарыздардың санын көбейтеді.
Ұт. Ұтп.
Г) Жазғы жұмыс барысында жинақтаған жинақ ақшаңыз белгіленген мөлшерлеме бойынша процент төленетін шартпен жинақ ақша шотына салынған.
Ұт. Ұтп.
Д) Сіз қарызға 15000 теңге алдыңыз.
Ұт. Ұтп.
Е) Зейнеткер әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақыға ғана өмір сүріп жатыр.
Ұт. Ұтп.
Достарыңызбен бөлісу: |