М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БИМАКАНОВА ЗЫЛЫЙХА ШАХМЕТОВНА
«ФИЛОСОФИЯ»
пәні бойынша практикалық тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Білім беру бағдарламасы: «ДОВ 19к»
Петропавл қ.
2020 ж.
«Философия» пәні бойынша практикалық тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедра отырысында бекітілген
«27» 05 2020 ж. № 10 хаттама
Кафедра меңгерушісі Абуов Н.А.
Практикалық сабақтарға дайындалуға арналған әдістемелік нұсқаулар:
Практикалық сабақтарды жүргізу мақсаты:
Практикалық сабақтардың мақсаты –студенттер бойында танымдық қабілеттерін, шығармашылық белсенділіктерін, логикалық ойлау дағдыларын дамыту.
Практикалық сабақтардың міндеттері:
оқу курсы бойынша білімдерін бекіту, кеңейту және тереңдету;
оқу курсы бойынша теориялық жағдайлар мен қағидаларға сараптама беретін тәжірибелік тәсілдер мен әдістерді көрсету;
нақты практикалық міндеттерді шешу жолында магистранттармен қазіргі теориялық және ғылыми техникалық әдістердің дағдылар мен іскерлікті қасиеттерін үйрену;
оқу курсының нақты тақырыбы бойынша әдеби деректерді оқу және талдау жасау.
Практикалық сабақ құрылымы:
Практикалық сабақтарда әрбір студентке кәсіптік мамандық бағытындағы теориялық және практикалық сұрақтарды қамтитын жеке тапсырма беру керек.
Практикалық сабақтардағы жұмыс келесі бағытта құрылады: яғни, сабақтың мазмұны мейлінше толыққанды және барлық орындаушылардың танымдық-интеллектуалдық іскерлігін көрсету керек.
Студенттердің практикалық жұмысы, пән бойынша жұмыс-оқу бағдарламасында көрсетілген бағалау критерийлеріне сай жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |