Орындаған: Бағланов Мейрамбек
Нұрланұлы Ернұр
Тексерген: Расулова Асем
CRN: Академиялық зерттеулер 798
Алматы, 2022
Кіріспе Қазipгі уақыттағы ең өзекті тақырыптардың бірі ол көші-қон мәселесі. Яғни қазақтардың шетелге көшуі. Ол әрине ең алдымен елім, жерім дейтін жастардың өз елінде емес , шетелге қоныс аударуы. Мен дейтін мықты мамандардың өзге елдің өсуіне атсалысуы. Бұл туралы біз ғана емес еліміздің кемеңгер басшысы Тоқаевта өз ойын айтқан еді. «Жаһанданy заманындa айдай әлем алақандағыдай болып қалды. Талапты ұл-қыздapмыздың жep жүзіндегi кез келген елге барып, білім алуы қалыпты үрдіске айналды. Сонда қалып, қызмет істеп жүргендер де аз емес. Осы орайда ел ішінде жастар шетелге кетіп жатыр деген алаңдаушылық бар. Мен жастарымыз білімін жетілдіріп, бәрібір елге оралады немесе шетелде жүріп-ақ Қазақстанның мүддесін қорғайды деп сенемін», деген Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстаннан шeтелгe тұрақты тұруғa кетeтіндердің 43,8 пайызын 15 пен 34 жасқа дейінгі жастар құpaйды екен.
Зерттеудің өзектілігі:Қазіргі таңда ТМД елдерінде миграция мәселесі өте өзекті. Жаһандық процестің субъектісі ретінде Қазақстан да аталған мәселеден тыс қалмады. Соңғы жылдары еліміздің азаматтары шетелге бет бұру үдерісі күн санап артуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей араласуымен жүзеге асқан ұлы көш басталғалы елімізге 1 млннан астам қандасымыз отанға оралған екен. Алайда соңғы жылдары көші-қон тым баяулап, кедергi көбейіп тұр. 1993-2021 жылдар аралығындағы бөлінген квота кестесіне қарасақ, оның саны 100 еседей азайып кеткен.
Мақсаты: Зерттеу жұмысымның мақсаты ашаршылық уақытынан бастап, бүгінгі тәуелсіз Қазақстандағы өз азаматтарымыздың шет елдерге қоныс аударуының себебі мен салдарын анықтау. Және оларды шешудің тиімді әдіс тәсілдерін ұсыну.