М . ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Г. Хамзина
М.Есматова
Академиялық жазылым негіздері
пәні бойынша практикалық тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
«Барлық мамандықтар үшін
Білім беру бағдарламасы: барлық бағдарламалар
Петропавл қ.
2020 ж.
Пікір жазушы
Құлыбекова Ж.С., «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к., доцент
Әзірлегендер:
Хамзина Г.С. ф.ғ.к., доцент
Есматова М.Т. ф.ғ.к., доцент
Практикалық сабақтарда қазақ әдеби тілі тарихының ғылым ретінде танылуы, оның ғылымдар арасында алатын орны, басқа ғылым салаларымен байланысы, оның зерттеу әдістері жайлы мәліметтер қарастырылады.
Адамзат әлемінің, қоршаған орта құбылыстарының, уақыт пен заман таңбасының
адам дүние танымындағы бейнесі, сөз қуаты арқылы қалай танылғандығы тұрғысында бiлiм беріледі.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
ПС 1 Тақырып 1: Академиялық жазылым түсінігі
Жоспары:
1. Академиялық жазылым түсінігі
2. Академиялық мәтіннің түрлері, формалары
Әдістемелік нұсқау
1.Академиялық жазылым –зерттеушілердің жазба жұмысы. Оның зерттеу тақырыбы бойынша талдау мен жеке өзінің бағалауын қалыптастырудан тұратындығын анықтау. Академиялық жазылым түсінігі жайында түрлі әдебиеттерден пікірлер мен анықтамаларды жинап, ол туралы өздері түсінген пікірлермен бөлісу.
2. Академиялық жазылымның есеп беру, баяндама, мақала, тезис, түсініктеме, реферат, эссе, курстық, дипломдық жұмыс тәрізді түрлерімен танысып, олардың формаларын анықтау.
3. Ғылыми журналдардағы академиялық бағытта жазылған жұмыстарға талдау жасау. Олардың құрылымын айқындау.
Әдебиеттер:
1. Динаева Б.Б. Сапина С.М. Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері. Астана: «КазГЮУ Консалтинг» ЖШС, 2016. – 164 бет.
2. Исенва Ф.К. Академическое письмо и чтение. Учебно-методическое пособие.- Астана: «КазГЮУ Консалтинг» ЖШС, 2015. – 123 стр.
3. Ибраева А.Г., Ипполитова Т.В. Академическое письмо: принципы структурирования и написания научного текста . - Петропавловск: СКГУ им. М.Козыбаева, 2015. – 106 стр.
Достарыңызбен бөлісу: |