1-билет
1 Академиялық жазылымның ерекшеліктерін сипаттаңыз Академиялық жазылым – эссе, курстық жұмыс, диплом жұмысы, магистрлік және докторлық диссертациялар, ғылыми мақалалар мен монографиялар сияқты ғылыми мәтін жазудың әдіснамасы. Академиялық жазылым – жеке ойлары мен идеяларын білдірудің және оны негіздей білудің әрі оларды мақсатты аудиторияға жеткізе білу дағдысы. Әдетте, академиялық бағытта жазылған мәтіннің негізгі ерекшеліктері болады. Олар: күрделі, формалды, нақты, объективті, шекетулі және жауапкершілікті. Бірақ мәтіннің жазылуының басты талабы – анық және түсінікті тілмен жазылуы. Күрделі – Жазба тілі ауызекі тілге қарағанда біршама күрделі. Жазба тілінде күрделі сөйлемдер мен сөз тіркестері және лексикалық мағынасы терең сөздер кеңінен қолданылады. Формалды – академиялық жазылым барысында әртүрлі қысқарған сөздер мен диалект, жаргон және т.б. сияқты ауызекі сөйлеу барысында кездесетін сөздерді қолдануға болмайды. Нақты – академиялық жазылымда ақпаратты қолдану барысында нақты мәлімет беруге тырысу керек. Мысалы, «көптеген адамдар» дегеннің орнына «30 мың адам» деп нақты көрстеу керек . Объективті – академиялық бағытта жазылатын жұмыс субъективті ұстанбауы тиіс. Яғни, бір жақты немесе қандай да бір ұстанымды насихаттауға бағытталмауы тиіс. Шектеулі – академиялық мәтін тақырыпқа байланысты мәселені ғана қамтуы тиіс. Жауапкершілік – автор қашан да өз жұмысы үшін жауапты. Яғни, мәтінде түрлі қателіктер мен келтірілген тұжырымдар үшін студенттің өзі ғана жауап бере алады.
Сонымен, академиялық жазылымның 4 ерекшелігін атап көрсететін болсақ:
Объективті түрде жазылуы;
Ғылыми стильде жазылуы;
Жүйелі құрылыммен жазылуы;
Сілтемелерді жиі қолдану.
2 Эссенің өзге жазба жұмыстарынан айырмашылығын анықтаңыз Эссені жазуда еркін болу керек. Өзіңіздің арманыңыз бен мақсатыңыздың жүзеге асуы үшін жасаған әрекеттеріңізді сипаттаңыз. Жалған ақпарат көрсетіп немесе өзіңізді тым асыра мақтауға, үздік үміткер ретінде көрінуге жол бермеңіз. Шынайылық қана сәттілікке алып келетініне сеніңіз. Жазба жұмыстарының түрлеріне қарай, олардың талаптары мен құрылымдары айқындалады. Осы орайда шығарма мен эссені ажырата алмау мәселесі жиі туындайды. Бұл мәселенің негізгі себебінің бірі – эссені шығарма деп қабылдау. Эссе шығарма жұмысының түріне жатады, бірақ барлық шығарма эссе болып саналмайды. Эссе де шығарманың бір түріне жатады. Бірақ ол өзге жазба жұмыстарына ұқсамайды. Эссеге қойылатын негізгі талаптар – белгілі бір тақырыпты, мәселені талдау, сипаттау және бағалау. Бұл автордың пікірі мен келтірген фактілерін жүйелі әрі академиялық тұрғыда жазуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ эссе – мектептің оқу үдерісінде жиі жазылатын шығарма түрі. Оның аргументативті, сипаттамалық, сендіру, баяндау, артықшылығы мен кемшілігі т.б. түрлері бар. Эссенің түрлеріне қарай жазылу күрделігі мен ерекшеліктері болады. Эсседе суреттер мен графикалардың қолданылуы талап етілмейді. Эссе жазудағы негізгі мақсат – тақырыпқа қатысты өз білімін көрсету және сұраққа берілген жауаптың дұрыстығына оқытушыны сендіре білу.