НұСҚаулар дәріс. Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану


Қазақстанда әлеуметтану көзқарастарының қалыптасу негіздері



бет4/21
Дата27.09.2023
өлшемі145,73 Kb.
#111015
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Қазақстанда әлеуметтану көзқарастарының қалыптасу негіздері
Қазақстандағы әлеуметтік ой қалыптасуының қазақ халқының қоғамдық және әлеуметтік болмысының, дүниетанымының, әлеуметтік құндылықтар жүйелерінің айрықша нысандарына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік және әлеуметтік-саяси ілімдер қалыптасуының объективті шарттары мынадай факторлар болды:
1) рухани көтерілу - мәдениет, тарих, жаратылыстану, әдебиет өркендеді, сондай-ақ халықтың саяси және әлеуметтік санасы сапалық жаңа деңгейге көтерілгені атап өтілді;
2) әлеуметтік-саяси даму - Қазақ­стан­дағы патшалық отаршылдық саясат әкімшілік, сот нормалары арқылы қоғамдық құрылымның дәстүрлік нысанының өзгеруіне әкеп соқты.
ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанның қоғамдық ойында қазақ ағартушылығы қалыптасты, оның жарқын өкілдері Шоқан Уәлиханов (1835-65), Абай Құнанбаев (1845-1904), Ыбырай Алтынсарин (1841-89) болды. Қазақ ағартушылығының философиялық мұрасы Қазақстан ғылымында кеңінен зерттелген, онда қазақ ағарту ісінің екі кезеңі қарастырылады:
1. Классикалық кезең - Ш.Уәлихановтан, А.Құнанбаевтан және Ы.Алтынсариннен бастау алады;
  1. Дамыған ағарту ісі кезеңі. Оның өкілдері: М.Сералин, С.Торайғыров (1893-1920), С.Дөнентаев.


Әлеуметтанудың біршама бой көтеруі ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында “хрущевтік жылымық” дейтін кезеңде ғана атап өтілді. 1962 жылы Кеңестік әлеуметтанушылар қауымдастығы құрылды, ол әлеуметтанудың ресми институттануын білдіретін еді. Мәскеу және Ленинград университеттерінің философия факультеттерінде әлеуметтану лабораториялары құрыла бастады (Ю.В.Арутюнян және В.А.Ядов), 1960 жылы КСРО ҒА Философия институтында әлеуметтану бөлімі ашылды, оны Г.В.Осипов басқарды. 1968 жылы Нақты әлеуметтік зерттеулер институты және оның басқа қалалардағы бөлімдері жұмысын бастады. Қазақстанда 1964 жылы ҚазКСР ҒА Құқық философиясы институтының жанындағы қылмыстың әлеуметтік-психологиялық проблемаларын зерделеу жөніндегі топ ұйымдастырылды, оны заң ғылымдарының кандидаты У.Жекенбаев басқарды. Топ қылмыс әлеуметтануы саласындағы проблемалармен шұғылданды. Ғылыми өмірдегі маңызды оқиға КСРО-ға Батыстың көрнекті ғалымдары Р.Аронның, Р.Мертонның, Т.Парсонстың келуі болды (1958-64).


1970-ші жылдары Қазақстанда мына бағыттар бойынша бірнеше әлеуметтанулық топтары құрылып, жұмыс істеді:
  1. ұлттық қатынастардың дамуын басқару проблемаларын зерделеу жөніндегі топ (1970), жетекшісі - М.М.Сужиков;


  1. ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) рухани-идеологиялық салдарларын зерделеу жөніндегі топ (1974), жетекшісі - В.А.Черняк;


  1. Қазақ политехникалық институты жанындағы өнеркәсіптік әлеуметтану лабораториясы (1975), жетекшісі – М.Б. Батырбеков.


Осы даму кезеңінде әлеуметтану маркстік әдістеме шеңберінде белгілі бір тәжірибе жинақтады. Осы жылдарда қазақстандық авторлардың - С.Н.Соскин, А.А.Рогачев, У.М.Ысқақов, А.Ш.Алтаев, Н.А.Аитов сияқты ғалымдардың әлеуметтанулық зерттеулерінің нәтижелері бойынша алғашқы ғылыми еңбектері, социалистік қоғамның, еңбек ұжымының, қала мен ауылдың әлеуметтік құрылымы проблемаларын зерделеуге әлеуметтанушылық зерттеулер әдістерін қолдану жөніндегі әр түрлі әдістемелік ұсынымдары жарыққа шықты. Л.А.Байдельдиновтің, Ө.К.Шеденовтің, Д.А.Дорждың және т.б. еңбектерінде әлеуметтану ғылымының қолданбалы жақтары қарастырылды. Әлеуметтанудағы жеке тұлғаның проблемалары Ғ.Ғ.Ақмамбетовтің, Т.М.Дәуітовтің және т.б. еңбектерінде қаралған.


Қаз КСР Ғылым академиясының жанындағы әлеуметтану секциясы жұмыс істеген қысқа мерзім ішінде әлеуметтануға арналған зерттеулердің тұтас сериялары жүргізілді, олардың нәтижелері В.А.Сапрыкиннің, В.А.Черняктің, Т.С.Сәрсенбаевтің және т.б. монографияларында көрсетілген. Бұл жұмыстардың құндылығы әлеуметтану зерттеулерін жасағанында. Зерттеушілер бір мезгілде әлеуметтануға арналған зерттеулердің бірнеше әдістерін қолданған. В.А.Черняк өзінің әлеуметтанулық зерттеулерінің материалдары негізінде атеизм әлеуметтануының негізін салушы болды, оның зерттеулерінің әдістемесі мыналарды қамтыды: 1) халықтың мәдениеті мен тұрмысын іріктеп тексеру; 2) құдайға мінәжат ету орындарына еніп бақылау; 3) әлеуметтік ақпаратты айқындау, белгілеу жөніндегі іс-шаралар кешені, оның ішінде, біздің көзқарасымызша, фокус топтық зерттеу; 4) құжаттарды - қолжазба материалдарды, мұрағат көздерін, мерзімді баспасөзді зерделеу; 5) қоғамдық пікірді зерделеу. Аталмыш зерттеулер көпфакторлы сапалық және сандық сипаттамаларымен ерекшеленді, бұл қазіргі заманғы жаппай қолданылатын сауалнама жүргізу әдістерімен салыстырғанда өзіне назар аудартады. Алайда әлемдік әлеуметтану практикасынан, атап айтқанда, американдық зерттеу әдістерінен бойды аулақ ұстау ғалымдарды зерттеулерге өте сақтықпен қарауға және жүргізетін зерттеулеріне маркстік дәйектеме келтіруге мәжбүр етті, бұл зерттеулердің сандық әдістерін, олардың инструментарийлерін жасауға және мәліметтерді өңдеуге қиындық туғызды.
Бұл кезеңде Қазақстан ғылымында қоғамның әлеуметтік құрылымын зерделеудің әдіснамалық негіздері қаланды, ол 90-шы жылдары әлеуметтану ғылымы шеңберінде одан әрі дами түсті.
Жоғары оқу орындарындағы әлеуметтанудың қалыптасуы мен дамуында 1996 жылы әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор К.Ғабдуллинаның жетекшілігімен құрылған “Әлеумет­тану­шылар академиясы” әлеуметтану орталығы үлкен рөл атқарды.
Қазақстандық әлеуметтанудың дамуы мен қалыптасуына Нариман Әбдірахманұлы Аитов ерекше үлес қосты. Ол ондаған ғылыми еңбектер, алғашқы жаңа буын оқулықтарын жазған. А.Ә.Аитовтың жаңа еңбектерінің бірі – “Тең емес адамдардың теңдігі” маркстік және қазіргі заманғы әдіснаманың өзіндік ара жігін ашушы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет