НұСҚаулар дәріс. Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет17/21
Дата27.09.2023
өлшемі145,73 Kb.
#111015
түріНұсқаулар
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
НұСҚаулар дәріс. Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану-emirsaba.org

Бірінші көзқарас – экономикалық әлеуметтану, экономикалық (өндіріс, бөліп беру, айырбас, материалдық қорларды тұтыну) және қоғамдық өмірдің экономикалық емес (саясат, мәдениет, дін, отбасы, білім беру т.б.) салаларының өзара байланысы ретінде қарастырылған уақытта макроәлеуметтану талдауына жақындау болады. Экономикалық проблемаларды шешуде технологиялық, техникалық және ұйымдастырушылық аспектілермен қатар экономикалық өмірдің әлеуметтік аспектілері болатыны да кеңінен айтылуда. Бұл жерде әлеуметтану пәні әлеуметтік жүйенің элементтері ретінде әлеуметтік қатынастар, байланыстар, құрылымдар болып көрінеді.
Екінші көзқарас зерттеудің алғашқы тармағы “экономикалық мінез-құлық” санаты деп санайды. Бұл дәстүр Вебердің іс-әрекет әлеуметтануы мен түсіндірмелі әлеуметтануына барып тіреледі. Бұл ұстаным В.В.Радаевтың дәрістер курсында жақсы жүйеленіп берілген: “Экономикалық әлеуметтану экономикалық әрекетті әлеуметтік әрекеттің нысаны ретінде зерттеп-біледі. Онымен қоса экономикалық әрекет шектелген ресурстарға өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында күш көрсетпейтін әдістермен бақылау орнатуды іске асыруды білдіреді”.
Экономика саласындағы әлеуметтану зерттеуінің негізгі салалары төмендегідей:
- экономикалық институттардың (жеке меншіктің, айырбастың, келісім-шарт қатынастарының, ақшаның, қаржы нарығының) эволюциясы;
- қоғамның экономикалық және кәсіби стратификация мен икемділік, экономикалық теңсіздік, кедейшілік және байлық проблемалары;
- әлеуметтік қатынастар мен адамдардың экономикалық қимыл-әрекеттерінің әр түрлі типтерінің қалыптасуы;
- адамдардың еңбек нарығындағы әрекеті, өндіріс және формальды емес экономика саласындағы еңбек әрекеті;
- экономикалық сана мен ойдың дамуы (құндылықтар, таптаурындар, мінез-құлық үлгілері);
- экономикалық ұйымдардың құрылымы;
- кәсіпкерлік және бизнес нысанының әлеуметтануы;
- өндірістің, бөліп берудің, айырбас пен тұтынудың т.б. әлеуметтік-экономикалық механизмдері.
Қоғамда шаруашылық іс-әрекет процесінде белгілі бір экономикалық институттар қалыптасады. Әлеуметтік тәжірибе дәл осыларда ең қолайлы әлеуметтік-экономикалық нәтижені алуға мүмкіндік беретін, шаруашылық субъектілерінің нақтылы материалдық-техникалық ортамен өзара әрекеттесуінің тұрақты әдістерін бекітеді. Нәтиже жекелеген әлеуметтік топтар көзқарасы тұрғысынан алғанда аса мықты емес, алайда халықтың көпшілігі үшін ең қолайлысы, өйткені ол қоғамның шаруашылық іс-әрекетінің тұтастығын қамтамасыз етеді. Экономика бұл жерде материалдық сала ретінде емес, Парсонс бойынша, көбіне бейімдеу бағытына ие қоғамдық ресурстарды өндіру механизмі, институттар жүйесі ретінде қарастырылады.
Қоғамдық қатынастардың кез келген жүйесі (экономикалық, саяси және басқалар) адамдардың бір-біріне және қоғамға деген көзқарасын білдіреді. Экономикалық құбылыстар мен процестер өзінің әлеуметтік негізіне байланысты болады. Әлеуметтік процестер экономикалық процестер аясына кіреді немесе керісінше. Мысалы, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік көбіне адамдардың экономикалық ұстанымдарымен (меншікке ие болумен, табыс деңгейімен, кәсіби жұмыспен қамтылумен) анықталады. Экономика жеке адамдарды топтық және жекелік байланыстар жасауға итермелейді, олардың арасында өзара әрекеттесудің өзіндік ерекшелігі бар түрлерін жасап шығады, олардың мінез-құлық шеңберлерін белгілейді. Алайда, адамдардың мінез-құлқы тек ұтымды себептермен, экономикалық қинаумен ғана реттелмейді, сонымен қатар, ерекше тарихи және мәдени жағдайларда қалыптасқан әлеуметтік байланыстар, құндылықтар, мінез-құлық нормаларымен де реттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет