НұСҚаулар дәріс. Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану


Дәріс. Экономика, жаһандану және еңбек



бет16/21
Дата27.09.2023
өлшемі145,73 Kb.
#111015
түріНұсқаулар
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
НұСҚаулар дәріс. Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану-emirsaba.org

12 Дәріс. Экономика, жаһандану және еңбек


Дәрістің мақсаты: студенттерге әлеуметтанудың теоретиялық-әдістемелік негіздерін түсіндіру.

  1. Экономикалық әлеуметтанудың әлемдік ғылымда пайда болуы және қалыптасуы.


  2. Экономикалық әлеуметтанудың ерекшелігі және мәртебесі.


  3. «Экономикалық мәдениет» түсінігі. Оның функциялары мен сипаттамасы.


  4. Экономикалық әлеуметтануды зерттеудің өзекті мәселелері мен бағыттары.


  5. Халықаралық еңбек нарығы, жұмыссыздық, профсоюздар


Экономикалық өмірге әлеуметтану тұрғысынан қарау, оны адамдар арасындағы қатынастардың бір саласы ретінде қарастыру біздің түсінігімізді айтарлықтай кеңейтіп тереңдете түседі. Ол бүгінгі күнде заман талабына сай болып отырған нарық, өндіріс, тұтыну т.б процестердің экономикалық саралау саласында қандай да бір қосымша немесе қосалқы құрал болып саналмайды. Экономикалық әлеуметтану экономиканы ондағы әрекет етуші әлеуметтік топтардың белсенділігінен, олардың мүдделерінен, мінез-құлқы мен өзара әрекеттесуінен қозғау алатын әлеуметтік процесс ретінде сипаттайды.


Экономикалық теория көп жағдайда материалдық, қаржылық, ақпараттық ресурстардың дайын өнім мен қызметке айналу қатынастарын зерттейді. Әлеуметтану өз кезегінде тікелей адамның іс-әрекетіне және әлеуметтік байланыстарға көбірек көңіл бөледі. Экономика екі ғылымның да зерттеу объектісі болып табылады, алайда әрбір пән экономикалық құбылыстарды зерттеп-білуде өз көзқарастарын ұсынып, әр түрлі міндеттер қояды, мәліметтерді жинау мен талдауда өз әдістерін қолданады. В.В.Радаев атап көрсеткендей, “экономикалық теория үйреншікті нәрсеге редукция шығарады, ал экономикалық әлеуметтану үйреншікті нәрсеге проблемалық сипат береді”. Экономистер жай адамға қиын материяларды (бағалардың қалыптасуы, қаржы ағымдарының қозғалысы т.б.) түсіндіре отырып, дұрыс мағына қисынына, кәдімгі адамдардың мінез-құлқына әкеліп тірейді. Әлеуметтанушылар, керісінше, күнделікті өмірде біз дұрыс мағына деңгейінде қабылдайтын “жай ғана” істермен айналысады. Неге тұтынушылар әр түрлі дүкендерге барады және бірдей затқа әр түрлі ақша төлейді? Неге кәсіпкерлер іскер әріптестерін қатаң түрде белгілі бір адамдар тобынан таңдап алғысы келеді? Неге қатардағы жұмысшылар өз әріптестерінің жалақысының мардымсыз жоғарылауына қызғанышпен қарап, “қатардағылар” мен “басшылар” табысының арасындағы үлкен айырмашылықты қалыпты нәрсе деп қабылдайды? Әлеуметтанушылар бұл сұрақтарға жауап іздей отырып, адамның мінез-құлқын күрделі әлеуметтік байланыстардың нәтижесі деп қарастырады.
Қазіргі күнде экономикалық әлеуметтану ықпалына енген сұрақтар бұрынырақ белгілі бір деңгейде индустриалды әлеуметтану, еңбек әлеуметтануы, аймақтық әлеуметтануы, басқару әлеуметтануы, ұйымдастыру әлеуметтануы және басқа да сол секілді шектес бағыттарда қозғалған еді. Бұл пәндер экономикалық әлеуметтанудың пәнаралық ғылыми бағыт ретінде қалыптасуы үшін іс жүзінде тұжырымдық негіз дайындап берді. Олардың соңғысы - жұмыссыздық пен жұмыспен қамту, өндірістік ұйымдардың құрылымы мен түрлері, еңбек қатынастары, үй шаруашылығының қызмет етуі, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылым, кәсіпкерліктің дамуы және басқа мәселелер ортақ тақырыпқа ие болды.
Экономикалық әлеуметтану зерттеудің пәнаралық жаңа саласы бола тұра, қатып қалған шекаралары жоқ, басқа пәндердің әдістері мен ұғымдары үшін ашық және әлеуметтік-экономикалық білімді енгізудің жаңа салаларын іздеу жолында тұр. Ондағы негізгі санаттар мен тұжырымдамалар, экономикалық құбылыстарды әлеуметтану тұрғысынан сараптау әдістері енді-енді жасалуда және ол зерттеулер әлі соңына дейін анықталған жоқ. Тәжірибе көрсеткендей, кез келген ғылымды пән ретінде анықтау көп жағдайда табысты бола бермейді, ол оның проблемалық ауқымын кеңейтеді немесе бұрмалай түседі. Экономикалық әлеуметтануды пән ретінде қарастыра отырып, біз бұл ғылыми бағыттың тұрғылары мен қызметтері жөніндегі түсініктердің алуан түрлілігіне негізделетін боламыз.
Көптеген зерттеушілер Ю.В.Веселов көрсеткен экономикалық әлеуметтанудың объектісін түсінудегі жалпы принциппен келіседі: “Экономикалық әлеуметтану экономиканы аса кең әлеуметтік жүйенің бір бөлігі ретінде қарастырады”. Жалпы алғанда, пәндік ауқымды анықтауда түрлі әдістемелік мақсаттарға: позитивистік және түсіндірмелі әлеуметтануға келіп тірелетін екі негізгі көзқарас қалыптасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет