Дешифратор (ДШ). Бұл құрылғылар бір түрдегі параллель кодтарды басқа түрдегі параллель кодтарға түрлендіреді. СӨА ең бастысы екілік ондық және тетрадалық ондық кодтарды таңбалық индикаторды басқаруға арналған параллель кодтарға түрлендіретін дешифраторлар қолданылады. Дешифратордың екілік кодты бірлік позициялық кодқа түрлендіретін (тік бұрыштық, пирамидалық, екі сатылық, көп сатылық) бірнеше түрлері белгілі.
Салыстыру құрылғылары.Бұл құрылғылар екі шаманы салыстыруға арналған: х1 (мысалы, белгілі) және х2 (белгісіз), және осы салыстырудың нәтижесіне байланысты у, у1, у2 шығыс сигналдарын құруға арналған (7.2-сурет).
Сандық-аналогтық түрлендіргіштер (САТ). Олар кодқа квантталған шамаға түрлендруге (кернеу, кедергі, т.б.) арналған.
Кодты кернеуге түрлендіру үшін тізбектей және параллель түрдегі дискретті кернеу бөлгіштер қолданылады.
1. Аналогтық шаманы дискретті шамаға түрлендіруді қарастырған кезде өлшеу ақпаратының дискретті сигналдарын автоматты түрде шығаратын сандық аспаптарда көрсеткіштер сандық түрде берілетініне назар аудару.
2. Дискреттеу қателігі тек СӨА тән, аналогтық аспаптарда ондай қателік жоқ екенін ескеру.
3. Сандық өлшеуіш аспаптардың бөлшектерін қарастырған кезде бөлшектердің тағайындалуына, сондай-ақ олардың жұмыс принципіне назар аудару.
2. Триггерлердің, санау құрылғыларының, кілттердің және логикалық элементтердің қолданылуы мен жұмысының жалпы принциптерін оқып үйрену.
3. Салыстыру құрылғыларының, дешифраторлардың, цифрлық-аналогтық түрлендіргіштердің, таңбалық көрсеткіштердің қолданылуы мен жұмысының жалпы принциптерін оқып үйрену.
Бақылау сұрақтары:
Уақыт бойынша үздіксіз түрленетін шаманың үздікті шамаға түрленуін қалай атайды?
Деңгейі бойынша үздіксіз шаманың берілген диапазонда соңғы сандық мәнге ие болатын шамаға түрленуін қалай атайды?
Сандық аспаптарда таңбалық индикаторларды неден жасайды?
Сандық өлшеуіш аспаптар қандай режимде жұмыс істейді?
Сандық өлшеуіш аспабының әсер ету принципі неге негізделген?
Сандық өлшеуіш аспаптарда қолданылатын негізгі кодты атаңыз.
Қайта санақ құрылғылары не үшін қолданылады?
СӨА уақыт бойынша үздіксіз шамасын дискреттеу деген не?
Электрондық кілттер не үшін қолданылады?
СӨА деңгей бойынша квантталу дегеніміз не?
Триггерлердің қызметі қандай?
Таңбалық индикаторлар не үшін қолданылады?
Дешифратордың қызметі қандай?
Салыстыру құрылғылары не үшін қолданылады?
Сандық-аналогтық түрлендіргіштердің қызметі қандай?
Сандық аспаптарда есептеу құрылғысының қызметі қандай?
Сандық аспаптарда көрсеткіштерді алу үшін не қолданылады?