НұСҚаулар «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері»


-тақырып. Әдебиет және қоғамдық сана өзгерістері



бет4/12
Дата19.12.2023
өлшемі317,5 Kb.
#141074
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
6-тақырып. Әдебиет және қоғамдық сана өзгерістері
Заман өзгерістері мен бүгінгі оқырман талап, тілектерін ескеру. Қазіргі қазақ әдебиетінің басты міндеттері. Көркем шығармашылықтағы ізденіс проблемасы. Соны тақырыптар сонарында, замана тудырған идеялар өрісінде. Көркем шығармашылықтағы интеллектуалдылық сипат. Дүние танымдағы плюралистік бағыттардың көркем әдебиетке әсері. Қоғамдық сана ағымдары және тәуелсіздік рух. Қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыт, ағымдар.
Көркем шығарма, әдеби туынды мәтінінің мазмұндық-пішіндік бірлігі туралы жаңа әдебиеттер. Әдеби шығарманың идеялық мазмұны, оның көркемдік компоненттерінің қызметі. Шығарманы туғызған тарихи кезең және автор дүние танымы. Әдеби шығарманың ішкі әлемі туралы түсінік, кейіпкер - қаһаманның психологиялық қалпын бейнелеудің жаңа қырлары. Психологиялық орта және автор қиялы. Көркем шығармадағы уақыт пен кеңістік мәселесі. Хронотоп туралы жалпы түсінік. Эпикалық шығармалардағы хронотоп үлгілері.
Әдебиет:
1.Жуанышбеков Н. Проблемы современного сравнительного литературоведения. А., 2000 ж.
2. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А., 2001ж.
3. Сәтбаева Ш.К. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.3., 2000 ж. -567 б.
4. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш зерттеу мен өлендер. 2003.
5. Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларының тілінің кейбір мәселелері. 2002 ж.


7-тақырып. Әдебиет және беллетристика
Беллетристика туралы түсінік, түрлі пікірлер, оның даму сатылары, әдеби дамуға ықпалы, орны, ерекшеліктері, көркемдік-идеялық қыры, мағыналық-структуралық элементтері. Беллетристиканың, бүгінгі ғылыми деректі материалдар мәнінің көркем шығармашылыққа тигізіп отырған әсері. Детектив және ғылыми фантастика. Көркем әдебиет пен беллетристиканы түйістіретін жанрлар. Беллетристика және бестселлер. Қоғамдық сұранысқа ие бейкөркем шығармалар мен көркем әдебиет. Әдеби индустрия туралы түсінік. Қазіргі қазақ әдебиеті және модернизм. Әдеби шығарманы модельдеу тәжірибелері.
Әдебиет:
1.Жуанышбеков Н. Проблемы современного сравнительного литературоведения. А., 2000 ж.
2. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А., 2001ж.
3. Сәтбаева Ш.К. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.3., 2000 ж. -567 б.
4. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш зерттеу мен өлендер. 2003.
5. Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларының тілінің кейбір мәселелері. 2002 ж.


8-тақырып. Көркем шығарманы талдау және қабылдау мәселелері


Әдебиеттегі диахрондық және синхрондық талдау әдістемелерінің жемісі. Рецептивті-эстетика теориясы. Әдебиеттегі герменевтика және эстетика тәжірибесі. Әдебиеттанудағы формалистік концепциялар. Объективті-аналитикалық талдау және субъективті қабылдау қатынастары. Шығармашылық процесс және қабылдау. Катарсис термині туралы түсінік. Аристотель, Пифагор, Платон, Аквинский, Кант еңбектеріндегі катарсис туралы ой-тұжырымдар. Көркем шығарма жазу мен қабылдауындағы сезім мен қиял қызметі. Автордың ойлау, ой қорыту процессіндегі диалектикалық шешім. Катарсис мақсаты – эстетикалық әсер. Шығарманың сезімталдық аясы оқырман қабылдауында туғызатын тілектестік сезімдердің табиғаты және оны пайдалану. Сезімталдық жұмбақтарын жанды бейнеге көшіру мәселелері.
Әдебиет:
1.Жуанышбеков Н. Проблемы современного сравнительного литературоведения. А., 2000 ж.
2. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А., 2001ж.
3. Сәтбаева Ш.К. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.3., 2000 ж. -567 б.
4. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш зерттеу мен өлендер. 2003.
5. Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларының тілінің кейбір мәселелері. 2002 ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет