Тістерді ырғау (люксация) маятник тәрізді қимылмен вестибулярлы және тілдік бағытта қозғалыс жасайды. Бірінші ырғау бағыты бірінші молярды жұларда – ұрттық, ал екінші молярда – тілдік жаққа.
Тіс ұяшығынан шығару (тракция): тісті ырғалту аяқталғаннан кейін және тістің ұяшықпен байланысы толық жойылғаннан кейін жүзеге асырылады. Тісті жоғарыға және сыртқа қарай шығарады.
V. Тақырып: Жақсүйектерде периостотомия операциясын жүргізу. 1. Мақсаты:резиденттерді жақсүйектерде периостотомия операциясын жүргізу дағдысына үйрету.
2. Үйрету әдісі: кіші топтар
3. Ақырғы нәтиже:Жақсүйектерде периостотомия операциясын жүргізу дағдысын игеру.
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)