Жергілікті жансыздандыруды өткізу: оң қолға анестетигі бар шприц алады және жараның түбі деңгейіне дейінгі тереңдікте жараның жиегіне 0,5 см жетпей инені шаншуды жүргізеді.
5
Жараның ішінде медикаментозды өңдеуді өткізу:оң қолға 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған дәкелі тампоны бар пинцет алады және жараның ішін өңдейді, содан кейін 0,05% хлоргексидин ерітіндісімен.
6
Атравматикалық инені шаншу орнын анықтау:оң қолға атравматикалық инесі бар инеұстағышты алады және жараның жиегіне 0,4 см жетпей теріасты-майлы клетчаткасы деңгейінде теріге инені шаншуды жасайды.
7
Атравматикалық инені шығару орны: оң қолға атравматикалық инесі бар инеұстағышты ұстайды және теріасты-майлы клетчаткаға иненің шығу деңгейінде жараның қарама-қарсы жағында инені шаншуды жасайды және жараның жиегіне 0,4 см жетпей теріге шығарады.
8
Түйіндерді байлау:сол қолда атравматикалық инені ұстайды және оң қолдағы инені ұстағышпен жіптің айналасында екі айналым жасайды, инені ұстағышпен жіптің ұшын ұстайды және түйін байлайды, екінші және үшінші түйінді бір айналыммен байлайды.