Тістерді ырғау (бұрау) - маятник тәрізді қимылдармен таңдай және вестибулярлы жаққа қарай қозғау амплитудасын біртіндеп арттыру қажет. Бірінші ырғау қозғалысын ұртқа қарай (ІІ моляр) және таңдайлық (І моляр).
Тіс ұяшығынан шығару (тракция): тісті ырғалту аяқталғаннан кейін және тістің ұяшықпен байланысы толық жойылғаннан кейін жүзеге асырылады. Тісті төменге және сыртқа қарай шығарады.
ІV. Тақырып: Төменгі жақсүйекте тістерді жұлу операциясын жүргізу. 1. Мақсаты: резиденттерге төменгі жақсүйек тістерін жұлу операциясын жүргізу дағдысына үйрету.
2. Үйрету әдісі:кіші топтар.
3. Ақырғы нәтиже: төменгі жақсүйек тістерін жұлу операциясын жүргізу дағдысын игеру.
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)