Әдістемелік ұсыныстар мен
нұсқаулардың; әдістемелік
ұсыныстардың; әдістемелік
нұсқаулардың титул парағы
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/40
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Гуманитарлық-педагогикалық факультет
«Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» пәнінен 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР
Павлодар
Әдістемелік ұсыныстар мен
нұсқауларды; әдістемелік
ұсыныстарды; әдістемелік
нұсқауларды бекіту парағы
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/41
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор
__________ Пфейфер
Н.Э.
20__ж.
«___»____________
Құрастырушы: _____________ф.ғ.к., профессор Ж.Т.Сарбалаев
Қазақ филологиясы кафедрасы
«Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» пәні бойынша 050117
мамандығының студенттеріне арналған
Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
Кафедраның отырысында ұсынылды
2011 ж. «___»_____________ №__ Хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Жүсіпов Н.Қ. 2011ж. «____»
________
Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің ОӘК мақұлданды
2011 ж. «___»______________ №____ Хаттама
ОӘК төрағасы _______________ Жұманқұлова Е.Н. 2011 ж. «____»
________
МАҚҰЛДАНДЫ:
ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута 2011ж. «____» ________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
2011ж. «___»______________ №____ Хаттама
Курс бойынша қамтылатын тақырыптар
1.Тақырып. Синтаксис туралы түсінік.
Мазмұны: Синтаксис морфология тәрізді грамматиканың
өзекті саласының бірі. Грек тілінен алынған синтаксис
термині о баста сөз бен сөздің бірігу, қосақталу деген ұғымда
болғандығы; біріншісі – сөйлем құраудың жүйесі деген
мағынада, екіншісі – тілдің синтаксистік құрылысын
зерттейтін ғылым деген мағынада қолданылғандығы. Ғылым
деген мағынада жұмсалғанда, әдетте грамматика
ғылымының морфология тәрізді өзекті саласы ретінде
ұғынылатындығы.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [6], [7].
2.Тақырып. Сөз және оның формасының синтаксисі.
Мазмұны: Белгілі бір тұлғадағы толық мағыналы сөздің өзі
сияқты басқа бір сөзді бағындыра алатын қасиеттерін,
олардың сөз тіркесі мен сөйлемнің сыңары не мүшесі бола
алу мүмкіндіктерін зерттейтіндігі.
Сөз тіркесінің синтаксисі.
Сөздердің тіркесімдік қасиетін, олардың тіркесу қасиеті мен
түрлері, сөз тіркесінің құрамын, түрлерін қарастыратындығы.
Сөйлемнің синтаксисі.
Сөйлемнің құрылу принциптерін, сөйлемнің құрамын,
олардың түр-түрлерінің қарастыратындығы.
Мәтін синтаксисі.
Тілдік жүйедегі ең жоғарғы саты екендігі. Ол әр түрлі
деңгейдегі мәтіндердің құралу ерекшеліктерін, олардың
құрамындағы сөйлемдердің байланысу заңдылықтары мен
қарым-қатынастарын зерттейтіндігі. Сөз тіркесі сөйлем
құраудың материалды негізі, ал сөйлем кісінің ойын айтудың
негізгі формасы екендігі. Синтаксис сөздерді, сөз тіркестерін
сөйлемнің бөлшектері ретінде, ал жалғауларды сөйлемдегі
сөздерді бірімен-бірі қиюластырып тұратын морфологиялық,
синтаксистік категория ретінде қарастыратындығы. Сөз
тіркесі мен сөйлем екі түрлі единица екендігі. Сөйлем қарым-
қатынас жасауды, пікір алысуды қамтамасыз етудің міндетін,
ал сөз тіркесі сөйлем құраудың материалы болудың міндетін
өтейтіндігі. Сөйлем сөз тіркесінен предикативтілік,
коммуникативтілік, модальділік, интонациялық қасиеттері
арқылы ажыратылатындығы. Сонымен, синтаксис сөздердің
бір-бірімен байланысу амалдарын, сөз тіркесін, сөйлемді құру
тәсілдерін, олардың құрамы мен түрлерін, сөйлемдердің ірі
бөліктерге бірігу тәсілдері мен түрлерін, ондағы жеке
сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым
екендігі.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [6], [7].
3. Тақырып. Сөз тіркесі.
Мазмұны: Сөз тіркесінің зерттелу жайы. Сөз тіркесінің
табиғаты және оған тән белгілері. Кез келген сөздердің сөз
тіркесін құрай алмайтындығы. Сөз бен сөз тіркесінің ара
қатынасы. Сөз тіркесі мен номинативті тіркестің ара
қатынасы. Сөз тіркесі мен күрделі сөздің ара қатынасы. Сөз
тіркесі мен сөйлемнің ара қатынасы. Сөз тіркесі сөйлем
мүшелерінің ара қатынасы. Сөз тіркесімділік және оның мәні.
Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формалары
туралы көзқарастар. Сөйлемдегі сөздердің өзара
синтаксистік байланысқа енуінің екі түрлі тәсілі: 1)
аналитикалық тәсіл; 2) синтетикалық тәсіл. Аналитикалық
тәсіл мен синтетикалық тәсілдің мәні. Сөз тіркесі жүйесінің
қалыптасуы мен дамуы. Сөз тіркесінің түрлері. Сөз
тіркестерін топтастыру принциптері туралы.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [6], [7].
4. Тақырып. Есімді тіркестер. Матаса байланысқан есімді сөз
тіркестері. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері.
Мазмұны: Қабыса байланысқан сөз тіркестерінң түркі
тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде зерттелу жайы. Қабыса
байланысқан есімді сөз тіркестерінің табиғаты. Зат есімді
тіркестер. Сын есім мен зат есімдерден құралған сөз
тіркестері. Есімдіктер мен зат есімдерден құралған сөз
тіркестері. Қабыса байланысқан сөз тірестерінң номинативті
тіркестерге немесе күрделі сөздерге ұласуы. Матаса
байланысқан сөз тіркестерінің зерттелуі. Матаса
байланысқан сөз тіркестерінің табиғаты. Изафеттің екінші,
үшінші түрі, ара қатынасы. Изафеттің екінші түрін матасуға
немесе қабысуға жатқызу туралы көзқарастар. Матаса
байланысқан сөз тіркестерінің екінші сыңары. Матаса
байланысқан сөз тіркестерінің атаулық тіркестерге ұласуы.
Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің зерттелуі.
Меңгерудің түрлері. Етістікті меңгеру, ортақ меңгеру, есім
меңгеру. Есім меңгерудің қалыптасуы, дамуы және оның
ортақ меңгерумен арақатынасы. Есім меңгерудің
ерекшеліктері және оның түрлері. Сын есімнің меңгеруі, зат
есімнің меңгеруі, модальдық сөздердің меңгеруі, т.б.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [6], [7].
5. Тақырып. Етістікті сөз тіркестері. Меңгеріле байланысқан
сөз тіркестері.
Мазмұны: Етістікті сөз тіркестері туралы жалпы түсінік.
Қабыса байланысқан сөз тіркестері. Қабыса байланысқан
етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңардың ыңғайына
қарай үстелуі, еліктеуіш сөзді, көсемшелі, сын есімді, сан
есімді, зат есімді сөз тіркестері болып бөлінетіндігі.
Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерінің дамуы.
Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері туралы жалпы
түсінік. Табыс септігіндегі сөздің ашық, жасырын қолданылу
себептері. Меңгерудің қабысуға ұласуы. Байланысу
дәрежесіне қарай берік меңгеріле байланысқан етістікті сөз
тіркестері, әлсіз меңгеріле байланысқан етістікті сөз
тіркестерінің іштей жалаң берік меңгеру, қосарлы берік
меңгеру болып бөлінетіндігі. Сабақты етістіктердің меңгеруі,
салт етістіктердің меңгеруі, ара қатынасы, бірінен екіншісіне
ұласып отыруы. Етістіктердің меңгеруге тигізетін ықпалы.
Қазақ тіліндегі меңгеру жүйесі және оның өзге түркі
тілдерінен ерекшелігі.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [6], [7].
6.Тақырып. Жай сөйлем синтаксисі. Сөйлем мүшесі туралы
түсінік.
Мазмұны: Сөздердің сөйлем мүшесі болуының негізгі
шарттары. Дара, күрделі, үйірлі мүшелері, бұларды бір-
бірінен ажырату жолдары, белгілері. Атқаратын қызметіне
қарай сөйлем мүшелерінің тұрлаулы және тұрлаусыз болып
екі топқа бөлінетіндігі.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [6], [7], [15], [16].
7. Тақырып. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
Мазмұны: Тұрлаулы мүшелер – сөйлем құраудың негізі.
Бастауыш. Бастауыштың мағыналық, тұлғалық белгілері.
Бастауыш болатын сөз таптары. Бастауыштың құрамына
қарай дара, күрделі болып бөлінетіндігі. Күрделі
бастауыштың жасалу жолдары. Үйірлі бастауыштар, өзіндік
ерекшеліктері. Баяндауыш. Баяндауыш туралы жалпы
түсінік. Баяндауыштың қазақ тілінде зерттелуі.
Баяндауыштың тұлғалық белгілері, сөйлемдегі орны.
Баяндауыш болатын сөз таптары. Қандай сөз табынан
болатындығына қарай есім баяндауыштар және етістік
баяндауыштар болып бөлінетіндігі және олардың бір-бірінен
ерекшеліктері. Етістік баяндауыштар. Етістіктен болған дара
баяндауыштар. Етістіктен болған күрделі баяндауыштар,
олардың жасалу жолдары. Күрделі баяндауыштардың қимыл
кезеңдерін білдіруі. Есім баяндауыштар. Есім баяндауыштар
туралы жалпы түсінік. Есім баяндауыштардың қалыптасуы
мен дамуы. Зат есімдерден болған баяндауыштар. Сапалық
есімдерден (сын есім, сан есім) болған баяндауыштар.
Модальдық сөздерден болған баяндауыштар. Есімдерден
болған баяндауыштар және олардың жасалу жолдары.
Құрама баяндауыштар. Құрамы баяндауыштардың жасалу
жолдары. Құрама баяндауыштардың есім баяндауыштарға
ұласуы. Баяндауыш пен бастауыштың қиысуы. Жалпы түсінік.
Жақтық қиысу, сандық қиысу. Бастауыш пен баяндауыштың
қиыспайтын түрлері. Бастауыш пен баяндауыштың арасына
қойылатын сызықшалар және олардың мәні мен атқаратын
синтаксистік қызметі.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [6], [7], [15], [16].
8.Тақырып. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.
Мазмұны: Анықтауыш. Анықтауыштың жалпы сипаттамасы.
Анықтауыш болатын сөз таптары. Анықтауыштың
анықталушы сөзбен қабыса және матаса байланысуы. Сын
есімдер мен сілтеу есімдіктерінен болған анықтауыштар. Сан
есімдерден болған анықтауыштар. Есімшелерден болған
анықтауыштар. Зат есімдерден болған анықтауыштар.
Құрылысына қарай анықтауыштың дара және күрделі болып
бөлінетіндігі. Күрделі анықтауыштың үйірлі анықтауыштан
ерекшелігі. Күрделі анықтауыштың жасалу жолдары.
Толықтауыш. Жалпы түсінік. Толықтауыш тұлғалық және
мағыналық белгілері. Толықтауыш болатын сөз таптары.
Мағынасына, синтаксистік қызметіне және тұлғасына қарай
толықтауыштың тура және жанама болып бөлінетіндігі және
өзіндік ерекшеліктері. Тура толықтауыш. Тура
толықтауыштың табиғаты. Тура толықтауыштың табыс септік
жалғаулы түрінде, сондай-ақ табыс септік жалғаусыз түрінде
қолданылуы және ол туралы көзқарастар. Тура
толықтауыштың септік жалғаулы түрінде қолданылатын
реттері. Жанама толықтауыш. Жалпы түсінік. Тұлғалық
жағынан толықтауыш болатын кейбір сөздердің мағыналық
жағынан
пысықтауышқа
жататындығы.
Жанама
толықтауыштың мағыналары. Барыс септікті толықтауыштар.
Шығыс септікті толықтауыштар. Жатыс септікті
толықтауыштар. Көмектес септікті толықтауыштар. Дара
және күрделі толықтауыштар. Үйірлі толықтауыштар. Күрделі
толықтауыштың жасалу жолдары. Толықтауыш пен
толықталушы сөздердің арасындағы синтаксистік
байланыстың түрлері. Пысықтауыш. Пысықтауыш туралы
жалпы түсінік. Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер.
Псысықтауыштың мағынасына қарай бөлінуі: мезгіл, сын-
қимыл, мақсат, себеп пысықтауыштар және олардың жасалу
жолдары. Дара, күрделі және үйірлі пысықтауыштар. Күрделі
пысықтауыштардың жасалу жолдары. Пысықтауыш пен
пысықталушы сөздердің арасындағы синтаксистік байланыс.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [6], [7], [15], [16].
9.Тақырып. Жай сөйлемнің күрделену жолдары. Жай
сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі.
Мазмұны: Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелер арқылы
күрделенуі. Бірыңғай мүше туралы жалпы түсінік. Бірыңғай
мүшелердің өзіндік белгілері. Бірыңғай мүшелерді
байланыстыратын жалғаулықтар. Бірыңғай мүшелермен
байланысты айтылатын жалпылауыш сөздер және оларға
байланысты қойылатын тыныс белгілері. Үйірлі мүше. Үйірлі
мүшенің жалпы сипаттамасы. Үйірлі мүше туралы
түркологиядағы және қазақ тіл біліміндегі көзқарастар.
Үйірлі мүшенің өзіндік белгілері. Оның жай сөйлем мен
күрделі мүшеге ұқсастық жақтары және олардан
айырмашылығы. Үйірлі мүшелердің жасалу жолдары. Үйірлі
сөйлем мүшелері туралы. Айқындауыш. Жалпы түсінік.
Айқындауыш мүшенің атқаратын қызметі, тұлғалық белгісі,
сөйлемдегі орны, интонациясы. Айқындауыштардың
құрылысына қарай қосалқы, қосарлы, оңашаланған
айқындауыш болып бөлінетіндігі. Бұлардың бір-бірінен
өзгешеліктері, тыныс белгілері.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [6], [7], [15], [16].
10. Тақырып. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Сөйлемнің
түрлері.
Мазмұны: Оның синтаксистік және стилистикалық мәні.
Сөйлем мүшелерінің қалыпты орын тәртібі мен инверциялық
түрі. Логикалық екпін түскен сөздердің сөйлемдегі орны.
Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі және оның қызметі.
Бастауыштың сөйлемдегі орны. Толықтауыштың сөйлемдегі
орны. Анықтауыштың сөйлемдегі орны. Пысықтауыштың
сөйлемдегі орны. Айтылу мақсатына қарай сөйлемдердің
хабарлы, сұраулы, бұйрықты болып бөлінуі. Хабарлы сөйлем.
Хабарлы сөйлем туралы түсінік. Хабарлы сөйлемге тән
интонация. Хабарлы сөйлемнің құрылысы. Сұраулы сөйлем.
Жалпы түсінік. Сұраулы сөйлемдердің түрлері. Ашық сұрақты
білдіретін сұраулы сөйлемдер. Альтернатив сұрақты
білдіретін сұраулы сөйлемдер. Риторикалық сұрақты
білдіретін сұраулы сөйлемдер. Түрткі сұрақты білдіретін
сұраулы сөйлемдер. Жоғарыда аталған сөйлемдердің жасалу
жолдары. Бұйрықты сөйлемдер. Жалпы түсінік. Бұйрықты
сөйлемдердің жасалу жолдары. Бұйрықты сөйлемдерге тән
интонация. Бұйрықты сөйлемнің түрлері. Лепті сөйлем
туралы түсінік. Лепті сөйлемнің түрлері. Құрамы жағынан
бейімделген лепті сөйлемдер. Баяндауыш мүшенің формасы
арқылы қалыптасқан лепті сөйлемдер. Реплика ретіндегі
лепті сөйлемдер. Ренішті, сесті білдіретін лепті сөйлемдер.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [6], [7], [15], [16].
11.Тақырып. Жай сөйлемдегі құрылымдық типтері.
Мазмұны:
Белгісіз жақты және жалпылама жақты
сөйлемдер. Белгісіз жақты сөйлем баяндауыштарының
жасалуы. Баяндауыш етістіктің жекеше ІІІ жағында тұратын
белгісіз жақты сөйлемдер. Жақсыз сөйлем туралы жалпы
түсінік. Жақсыз сөйлемдердің жасалу жолдары. Күрделі
баяндауыш құрамына бол көмекші етістігінің қатысуы арқылы
жасалған жақсыз сөйлемдер. Күрделі баяндауышы – У
тұлғалы тұйық етістік пен керек сөзінің тіркесінен жасалған
жақсыз сөйлем. Күрделі баяндауышы барыс септігіндегі
тұйық етістікке тура келу сөздерінің ІІІ жағы тіркесіп
жасалған жақсыз сөйлемдер. Күрделі баяндауышы –қы, -кі,
-ғы, -гі жұрнақтары қалау рай арқылы жасалатын жақсыз
сөйлемдер. Күрделі баяндауышы тұрақты тіркестерден
жасалған жақсыз сөйлемдер. Жалаң, жайылма сөйлемдер.
Олардың белгілері, ара қатынасы. Толымды, толымсыз
сөйлемдер. Жалпы түсінік. Толымды, толымсыз сөйлемдердің
ара қатынасы, ерекшеліктері. Толымсыз сөйлемдердің
қолданылатын орындары. Атаулы сөйлем туралы түсінік.
Атаулы сөйлемнің құрылымы. Атаулы сөйлемнің мағыналық
түрлері. Бір мүшелі сөйлем туралы. Бір мүшелі сөйлемнің
табиғаты. Бір мүшелі сөйлемнің белгісіз, жақты, жақсыз,
жалаң, жайылма, толымды, толымсыз және атаулы
сөйлемдермен ара қатынасы, өзіндік ерекшеліктері.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [6], [7], [15], [16].
12. Тақырып. Құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы.
Мазмұны: Құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы. Оның
қалыптасу, даму жолдарынан мәлімет. Құрмалас сөйлемнің
өзіндік айырым белгілері, оның жай сөйлемдерден басты
айырмашылығы. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына
қарай түрлері (салалас құрмалас, сабақтас құрмалас, көп
құрамды құрмалас сөйлемдер).
Ұсынылатын әдебиеттер: [4], [5], [8], [9], [11].
13. Тақырып. Салалас құрмалас сөйлемдер.
Мазмұны:
Жалпы сипаттама. Салалас құрмалас
сөйлемдердің өзіндік айырым белгілері. Оның жасалу
жолдарына қарай түрлері (жалғаулықты салалас,
жалғаулықсыз салалас сөйлемдер). Жалғаулықты салалас
және жалғаулықсыз салалас сөйлемдердің мағыналарына
қарай негізгі түрлері: жалғаулықты мезгілдес салалас сөйлем
және оның жалғаулықтары. Жалғаулықсыз мезгілдес
салалас сөйлем. Жалғаулықты себеп-салдар салалас сөйлем
және оның жалғаулықтары. Жалғаулықсыз себеп-салдар
салалас сөйлем. Жалғаулықты қарсылықты салалас сөйлем.
Жалғаулықты шартты салалас сөйлем. Жалғаулықсыз
шартты салалас сөйлем. Жалғаулықты салыстырмалы
салалас сөйлем және оның жалғаулықтары. Жалғаулықсыз
салыстырмалы салалас сөйлем. Жалғаулық арқылы
жасалатын салалас сөйлемдер: талғаулы салалас сөйлем,
оның жалғаулықтары. Кезектес салалас сөйлем, оның
жалғаулықтары. Жалғаулықсыз салалас сөйлем. Түсіндірмелі
салалас сөйлем. Көп компонентті салалас сөйлем. Мұның
сыйыса айтылу жолдары. Салалас құрамалас сөйлемнің
тыныс белгілері.
Ұсынылатын әдебиеттер: [4], [5], [8], [9], [11].
14.Тақырып. Сабақтас құрмалас сөйлем.
Мазмұны: Жалпы сипаттама. Сабақтас құрмалас сөйлем
компоненттерінің грамматиалық табиғаты. Сабақтас
құрмалас сөйлемнің айырым белгілері, оның салалас
сөйлемнен негізгі айырмашылығы. Сабақтас құрмалас
сөйлемнің жасалу жолдары: бағыныңқы компоненттің
баяндауыш формасы (есімше, көсемше, шартты рай тұлғасы
арқылы жасалуы. Ұласпалы интонация арқылы. Бағыныңқы
сөйлемдердің топтастырылуы. Сабақтас құрмалас сөйлемнің
жеке түрлері оның бағыныңқы компонеттері арқылы
ажыратылуы. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлем
компоненттерінің мағыналық ерекшеліктері. Қарсылықты
бағыныңқы сабақтас сөйлем, оның жасалу жолдары. Мақсат
бағыныңқылы сөйлем, оның жасалу жолдары. Мезгіл
бағыныңқылы сабақтас сөйлем компоненттерінің мағыналық
ерекшеліктері. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем, оның
жасалу жолдары. Амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем, оның
жасалу жолдары. Салыстырмалы сабақтас сөйлем, оның
жасалу жолдары. Үлестес (мезгілдес) сабақтас сөйлем, оның
жасалу жолдары. Бағыныңқы сөйлемдердің орын тәртібі.
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің орын тәртібі, тыныс
белгілері. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер.
Бұлардың компоненттерінің бір-бірімен байланысу
тәсілдеріне қарай түрлері: бірыңғай көп бағыныңқылы
сабақтас құрмалас сөйлем, сатылы көп бағыныңқылы
сабақтас құрмалас сөйлем. Аралас құрмалас сөйлем көп
құрамды құрмалас сөйлемнің бірі екендігі, оның жасалу
жолдары. Құрмалас сөйлемнің зерттелу тарихы.
Ұсынылатын әдебиеттер: [4], [5], [8], [9], [11].
15. Тақырып. Бөгде сөз, оның түрлері.
Мазмұны: Бөгде сөз. Жалпы сипаттама. Бөгде сөздің
түрлері: төл сөз, төлеу сөз және ортақ төл сөз. Бұлардың
әрқайсысының өзіне тән өзіндік ерекшеліктері мен айырым
белгілері. Төл сөздің берілу жолдары: диалог түрі, цитата
түрі. Төл сөз бен автор сөзін байланыстырудағы де етістігінің
қызметі. Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі, олардың
тыныс белгілері. Төлеу сөз. Жалпы сипаттама. Төл сөзді
төлеу сөзге айналдырудың жолдары. Ортақ төл сөз. Оның
өзіне тән ерекшелігі, әдеби тілдің көркем стиль түрлерінде
қолданылатындығы.
Мәтін. Мәтін – құрылымдық синтакис пен қатысым
синтаксисінің негізгі тұлға бірлігі екендігі. Оның белгілері,
негізгі ұғым категориялары, құрылымдық ерекшелігі, түрлері.
Сөйлеммен ара қатынасы. Мәтін лингвистикасының тіл
білімінің жеке саласы ретінде қалыптаса бастауы. Күрделі
синтаксистік тұтсатық мәтін негізгі тұлға бірлігі.
Тыныс белгілері.
Тыныс белгілері туралы жалпы түсінік. Тыныс белгілерінің
қалыптасуы мен даму жолдары. Тыныс белгілерін дұрыс қою
үшін үш түрлі белгінің негізге алынатындығы: сөйлемнің
синтаксистік ерекшелігі, сөйлемнің мағынасы, сөйлемнің
интонациясы. Хабарлы, сұраулы сөйлемдерге байланысты
қойылатын тыныс белгілері. Бірыңғай мүшелер мен
оңашаланған мүшелер және оқшау сөздерге қатысты тыныс
белгілер. Құрмалас сөйлемдердегі, бөгде сөз түрлеріндегі
тыныс белгілер.
Ұсынылатын әдебиеттер: [4], [5], [8], [9], [11].
Қолданылатын әдебиеттер
Негізгі:
1. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша
курсы. Алматы, 1994.
2. Әбілқаев А. Қазақ тіліндегі төл сөз бен төлеу сөз.
Алматы, 1956.
3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1993.
4. Есенов Қ. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы.
Алматы, 1982.
5. Есенов Қ. Құрмалас сөйлемнің синтаксисі. Алматы,
1995.
6. Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері. Алматы, 1941.
Қосымша:
7. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы,
1999.
8. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер
синтаксисі. Алматы, 1995.
9. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер
жүйесі. Алматы, 1948.
10. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары.
Алматы, 1982.
11.
Төлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі көп бағыныңқылы
сабақтас сөйлемдер. «Қазақ тілі мен әдебиеті». Алматы,
1972.
12. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического
исследования. Москва, 1981.
13. Лосева Л.М. Синтаксическая структура целого
текста. Одесса, 1974.
14. Шалабаев Б. Текст лингвистикасы туралы. «Қазақ тілі
мен әдебиеті». Алматы, 1993. №1.
15. Шалабаев Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі
синтаксистік тұтастық. Қазақ филологиясы. Екінші кітап.
1975.
16. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем
пунктуациясының негіздері. Алматы, 1959.
17. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. Алматы,
1996.
18. Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілі: жаттығулар жинағы.
Алматы, 1997.
Document Outline
Достарыңызбен бөлісу: |