Нұсқауларын дайындау 13



бет22/23
Дата02.06.2023
өлшемі201,74 Kb.
#98292
түріНұсқаулар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Ислам дип (1)

ҚОРЫТЫНДЫ


Электрмен жабдықтау саласында прогрессивті әрі тиімді шешімдерді енгізуге үлкен мән беріліп отыр. Бұл тек электрмен жабдыктау режимдерін жабдықтау жүйесінің элементтерін, электр беріліс желілерін, қоректендіруші және таратушы тораптарды таңдаған кезде ғана мүмкін болады. Берілген қосалқы станцияның электрмен жабдықталуының сенімділігін аньқтау мен қондырғылардың тоқтап қалу мүмкіндігін анықтау жұмыстары жүргізілді. Есептеу жұмыстарының нәтижесі Электростанцияның қосалқы станциясының нақты схемасы айтарлықтай сенімділікке қабілетті екендігін көрсетті. Бұл жоба қосалқы станцияларды жобалаудың барлық нормалар мен ережелерге сәйкес жасалған. Жобалау барысында қосалқы станцияларды жобалаудың барлық бөлімдерімен тараулары және электрмен камтамасыз ету жүйелерінің сұрактары қарастырылған. Қазіргі уақытта қосалқы станцияларды қайта құру мен жаңарту мәселері ең басты актуалды сұрақтар болып табылады. Электрлік желілерге күрделі жөндеулер мен модернизация жасау қажет. Мысалға, қазіргі кезде біздің электр жүйелеріміздегі кернеу 35 киловольтты құрайды, келесі жылы оны 110 киловольтқа өзгертуді жоспарлаймыз. Ол бүгінгі күш түсіруге сәйкес шығындарды үш есе азайтады. Бірақ бұл программаны іске асыру үшін бізге жаңа желілер кажет, себебі қазіргі желілердің 80 пайызы ескірген. Олар бұл кернеуге шыдай алмайды. Қазіргі танда қолданылып жүрген тарифке электрлік жүйелерді ағымдағы жөндеу шығындары қосылады. Кеңес үкіметінің құлауынан кейін барлық қосалқы станцияларды қайта кұру перспективалық жоспары күйреді. Басты кұрал-жабдықтардың жетіспеушілігі электрмен жабдықтау жүйесінің тозуына және істен шығуына әкелуде. Сондықтан осы сияқты жобалар электрмен жабдықтау жүйесінің, оның ішінде энергетикалық нысандардың сенімділігін және экономикалық тиімділігін арттыруға көмектеседі деп ойлаймыз. Жобаның экономикалық бөлімінде электр қондырғыларының эксплуатациясы мен тиімді қызмет көрсету міселелері карастырылған. Мысалы қосалқы станцияның өзіндік мұқтаж трансформаторын жөндеу,
Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру торапты жоспарлау әдісі көрсетілген. Қазіргі кезде электрмен жабдықтау жүйесін толық жаңарту жұмыстарын жасамай энергетиканың өрлеуі мен алға басуы мүмкін емес.
Сонымен, осы дипломдық жобада қосалқы станцияның тиімді жұмыс жасауының барлық негізгі сұрақтары қарастырылды. Алған білімдер кейін кәсіпорындарда жұмыс жасаған кезде пайдаға асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет