Нұсқаулығы Шымкент қ., 2021 г. Тегін медициналық КӨмектің кепілдендірілген көлемі міндетті әлеуметтік медициналық сақТАНДЫРУ Тегін медициналық КӨмектің кепілдендірілген көлемі жедел медициналық КӨмек



бет4/23
Дата07.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#48227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ
ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН КӨЛЕМІ
Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығы
4 - жеделділік санаты
(бригаданың келу уақыты 60 минутқа дейін)
Шұғыл 4 -ШІ САНАТТАҒЫ қоңыраулар түскен кезде жедел жәрдем станциясының диспетчері науқастың емделу орнындағы емханадағы жедел жәрдем бригадасына қоңырауды жібереді.
  • Жіті аурулар немесе өмірге қауіптің айқын белгілерінсіз созылмалы аурулардың асқынуы
  • Терінің және теріастының жіті қабынған және аллергиялық аурулары
  • Жеңіл жарақаттар (терең емес жарақаттар, күйіктер, соғып алу, жара)
  • Созылмалы аурулардың салдарынан ауырсыну синдромы
  • Құсу + сусызданудың жеңіл белгілерімен сұйық нәжіс
  • Жүкті әйелдердің құсуы (12 аптаға дейін)
  • Несеп шығару жүйесі ағзаларының созылмалы ауруларынан туындаған несептің жіті жүрмей қалуы
  • Қан аралас несеп
  • Босанулардан, жасанды түсіктерден кейінгі қабыну аурулары
  • Тыныс алу жолдарынан басқа бөгде денелер
  • Медициналық-санитариялық алғашқы көмек немесе стационар жағдайларында медициналық манипуляцияларды жүргізуді талап ететін өзге де жағдайлар
  • Жануарлар мен жәндіктердің тістеп (шағып) алуы
  • Артериялық гипертензия (криздің асқынуынсыз)
  • Өздігінен түспейтін жоғары температура

Төтенше жағдайлар бөлімінің фельдшерлік және мамандандырылған (медициналық) бригадалары алғашқы медициналық -санитарлық көмекті ұйымдастыру кезінде ТӘУЛІК БОЙЫ алғашқы медициналық -санитарлық көмек ұйымының қызмет көрсету аймағында жүрген адамдарға медициналық көмек көрсетеді.
20 000 адамнан аз тұрғыны бар емханаларда 4 -ші санаттағы шақыруларға қызмет көрсетуге бұл қызметті жедел медициналық көмек көрсетуге лицензиясы бар басқа медициналық ұйымдарға беру арқылы рұқсат етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет