ЖЕДЕЛЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН КӨЛЕМІ
Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығы 4 - жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 60 минутқа дейін) Шұғыл 4 -ШІ САНАТТАҒЫ қоңыраулар түскен кезде жедел жәрдем станциясының диспетчері науқастың емделу орнындағы емханадағы жедел жәрдем бригадасына қоңырауды жібереді.
Жіті аурулар немесе өмірге қауіптің айқын белгілерінсіз созылмалы аурулардың асқынуы
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек немесе стационар жағдайларында медициналық манипуляцияларды жүргізуді талап ететін өзге де жағдайлар
Жануарлар мен жәндіктердің тістеп (шағып) алуы
Артериялық гипертензия (криздің асқынуынсыз)
Өздігінен түспейтін жоғары температура
Төтенше жағдайлар бөлімінің фельдшерлік және мамандандырылған (медициналық) бригадалары алғашқы медициналық -санитарлық көмекті ұйымдастыру кезінде ТӘУЛІК БОЙЫ алғашқы медициналық -санитарлық көмек ұйымының қызмет көрсету аймағында жүрген адамдарға медициналық көмек көрсетеді.
20 000 адамнан аз тұрғыны бар емханаларда 4 -ші санаттағы шақыруларға қызмет көрсетуге бұл қызметті жедел медициналық көмек көрсетуге лицензиясы бар басқа медициналық ұйымдарға беру арқылы рұқсат етіледі.