12. Ал: Новокаин ерітіндісінен 5 % - 10 мл Зарарсыздандыр! Босат. Белгіле. Жұлын анестезиясы үшін. Студент новокаин ерітіндісін хлорлы сутегі қышқылын қосып дайындады және оны 1000С, 30 минут ішінде стерилдеді. Жауабы: Бұл жағдайда, ерітіндіні дұрыс дайындамаған. Жұлын каналына тұрақтандырғыштарды енгізуге болмайтынын ескере отырып, жұлын анестезиясына арналған 5% новокаин ерітіндісі инъекцияға арналған стерильді суда асептикалық жағдайда дайындалады.
Рецептке талдау жүргізу:
Есептеулер: Ерітіндінің жалпы көлемі: Vж = 50мл
Новокаин қауіпті зат болғандықтан оны дозаға тексереміз.
Дозасын тексеру:
5-100
х-10
х= 0,5г дәрілік зат.
0,5-10
х-1
х=0,05
Рецепт бойынша: МФ Х бойынша:
ЖРД: 0,05 0,25
ЖТД: 0,05 0,75
Дозасы аспаған.
Бақылау парағы: Күні
Рецепт №
Aquae pro іnjectіonіbus 10 ml
Novocaini 0,5
Vж = 10мл
Дайындаған: (қолы)
Тексерген: (қолы)
Босатқан: (қолы)
Физико-химиялық қасиеттері
Новокаин (новокаин) - түссіз кристалдар немесе ақ кристалды ұнтақ, иіссіз, ащы дәм. Суда өте оңай ериіді (1: 0,6), спиртте оңай ериіді (1: 8).
Сақтау орны. Тізім Б. Жақсы жабылған қызғылт сары шыны ыдыстарда сақталады. .
Новокаин ерітіндісі - мөлдір, түссіз сұйықтық.
Aqua pro injectionibus (инъекцияға арналған су) – түссіз, мөлдір, иіссіз және дәмсіз сұйықтық, дистилляция немесе кері осмос арқылы алынған жоғары тазалығы бар тазартылған су.
Технологиялық ерекшеліктері:Жұлын анестезиясына арналған новокаиннің 5% ерітінділері стерильді көмекші материалдарды, ыдыс-аяқты және стерильді затты қолданып, термиялық стерилизациясыз асептикалық жолмен дайындалады. Технологиясы:Новокаин ұнтағы биіктігі 0,5-1 см-ден аспайтын шыны немесе фарфор ыдыстарда ауа стерилизаторларындағы ауамен 120 ° C (+ немесе – 2° C) температурада 2 сағат бойы алдын-ала зарарсыздандырылады, осы ерітіндінің рН = 5,0-5,3. Асептикалық жағдайда стерильді қосымша дәрі дайындайтын ыдысқа 10 мл шаншуға арналған суды өлшеп, онда 0,5 г новокаин ерітіледі. Ерітінді мембраналық сүзгілер арқылы сүзіледі және зарарсыздандырылмайды, өйткені новокаин ерітінділері тұрақтандырғышсыз тіпті, ағынды бумен зарарсыздандыруға өтеп бере алмайды. Уақыт өткен соң салқындатып, мөлдірлігін, түсін, механикалық қоспалардан тазалығын тексереді. Сонан соң ерітіндіні босатуға безендіреді.
Безендірілуі. Флакондарда «Асептикалық түрде жасалған» деп жазылады. Толық ерітінді құрамы және қолдану тәсілі көрсетіледі.