Нуо казахстанско российский медицинский



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата13.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#57001
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
12 Микроскоп, рефрактометр, поляриметр

МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- 
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ 
 УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 НУО КАЗАХСТАНСКО 
РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ 
УНИВЕРСИТЕТ 
 
мөлшеріне байланысты оның диаметрі өзгереді. Сол себептен көзбұршақтың сіңірлерінің 
қисықтық кеңістігі, қорыта айтқанда фокустық ара қашықтығы өзгереді, яғни көзден әртүрлі 
қашықтықта орналасқан денелер тор қабықшада әртүрлі бейнеленеді. Көзбұршақтың фокустық 
ара қашықтығын бақыланатын денеге бейімдеуін аккомодация деп атайды. Жай көзбен 8м 
қашықтықтағы денені көруге болады. Аккомодация 25 см-ге тең айқын көретін ара қашықтықтан 
аз емес қашықтықтағы денелердің кескіндерін көруге мүмкіндік береді.
Кескіннің өлшемі дененің шеткі нүктелерінен көзге келетін сәулелер арасындағы бұрышқа 
байланысты. Көру бұрышы өте аз болғанда (шамамен бір минутқа тең), айқын көру ара 
қашықтықтығынан 0,07 мм-дей ұзындықтағы кесіндінің қашықтығына сәйкес келетін дененің 
формасын ажыратуға ғана болады. 
/
1


болғанда барлық кескіндер бір жарық сезгіштік 
элементте орналасады және дене нүкте түрінде бейнеленеді. Шекті көру бұрышының болуына 
байланысты (
/
1


) қарусыз көзбен жақын, бірақ өте ұсақ емес, өте алыс емес үлкен денелерді 
көруге болмайды. Бұл жағдайларда көру бұрышын үлкейтетін оптикалық приборлар (микроскоп- 
ұсақ жақын денелерді, телескоп – ірі үлкен алыс денелерді ) қолданылады. Ең көп тараған көздің 
ақаулары жақыннан көргіштік (денелердің кескіндері тордың алдыңғы жағында көрінеді) және 
алыстан көргіштік (денелердің кескіндері тордың артқы жағында көрінеді). Осы ақауларды 
шашыратқыш (жақыннан көргіштікте) және жинағыш (алыстан көргіштікте) линзалардан тұратын 
көзілдіріктер жөндейді.
Тор қабықшада жайылған жарық сезгіштік элементтер таяқшалар және колбаларға бөлінеді. 
Таяқшалар жарыққа сезімталдау келеді (олар арқылы қараңғыда көру жүзеге асырылады), бірақ 
түстерді ажыратпайды. Колбалардың жарыққа сезімталдығы аз болады, бірақ спектрлі сезгіштікке 
ие, осыған байланысты біз әртүрлі түстерді ажыратамыз. 
Көз тек толқын ұзындығы 0,77-ден 0,38 мкм-ге дейінгі интервалдағы (көрінетін жарық) 
жарықты сезеді, бұл интервалдың өзінде де, көздің сезгіштігінің толқын ұзындығы бірдей емес. 
Көздің сезгіштігінің ең үлкен толқын ұзындығы (жасыл түстің) 
555
,
0


мкм-ге тең. Көздің 
сезгіштігі өте ұзын және өте қысқа толқындарда, инфрақызыл және ультракүлгін сәулелердің 
нөліне жетіп төмендейді. Сол себептен әртүрлі түстер шығаратын, бірдей қуатқа ие бірнеше 
жарық көздерінен тұратын монохроматтық жарық көзге жарқырауы бірдей емес болып көрінеді. 
Жарқырауы ерекше жарық көзі жасыл түс. Мысалы, қызыл түс (
мкм
76
,
0


) жасыл түстей 
жарқырауы үшін оның қуатын жасыл түстің қуатынан 20000 есе арттыру қажет. 
Жарықтың әсерінен тор қабықшадағы жарық сезгіштік заттар ыдырайды да, көздің сезгіштігі 
төмендейді. Қараңғыда жарық сезгіштік заттар қалпына келіп, көздің сезгіштігі жоғарлайды. Бұл 
жағдайларда көз 10
-17
Дж-ға сәйкес өте аз энергияға ие болады (көзден 100км-ге тең ара 
қашықтықтағы мөлдір атмосферада орналасқан стеарин шырақ шығаратын жарыққа сәйкес жарық 
шығарады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет