Байланысты: 3 Биологиялық мембрана арқылы зат тасымалдау
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ НУО КАЗАХСТАНСКО РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
2
2
2
1
1
1
0
2
c k c c k c P c j , мұндағы с
0
– АТФ-ың мембрана ішілік концентрациясы, оның
энергиясы есебінен ион тасымалдануы жүзеге асады; Р- ион мен ақуыз молекуласының кешені
үшін өтімділік коэффициенті; с
1
және с 2 — мембрананың екі жағындағы иондардың
концентрациясы; К
1
и К
2
— мембрананың әр жағындағы ион мен ақуыз кешенінің
диссоциациясының тұрақтылары. Бұл теңдеу концентрацияның максималды айырымын
берілген иондық насос үшін есептеуге мүмкіндік береді. Белсенді тасымал жүйесінің
көмегімен жасалған заттың концентрация градиенттері мембранада химиялық немесе
элекрохимиялық потенциалдың айырымын түзейді, соның есебінен олардың концентрация
градиенттеріне қарсы басқа заттардың тасымалы жүзеге асуы мүмкін. Егер белсенді
тасымалды жүзеге асыру үшін қажетті энергия АТФ гидролизі немесе тотықтырғыш –
қалпына келтіретін реакциялар есебінен алынатын болса, онда тасымал алғашқы – белсенді, ал егер
энергия көзі ретінде АТФ немесе тотықтырғыш – қалпына келтіретін реакциялар энергиясы емес
басқа заттардың концентрация градиенттері қызмет етсе, ол екіншілей – белсенді немес түйінделу деп
аталады.
Иондарды екіншілей – белсенді тасымалының үш түрі бар: унипорт, симпорт және антипорт.
Унипорт жағдайында мембранада зарядталған бөлшектердің потенциалдың шамасы аз жағына
электр потенциалының градиентінің болуынан бір бағытта тасымалданады. Антипорт үрдісінде
(алмасу тасымалы немесе тасымалға қарсы) бірдей зарядталған иондардың екі типінің әртүрлі
жаққа тасымалы жүзеге асады. Мысалы, нигерицицн антибиотигі протондарды концентрация
градиентімен тасымалдайды, бұл электр потенциалының градиентінің артуына әкеледі, ол өз
кезегінде калий иондарын қарама қарсы жаққа (электр потенциалының градиенті) тасымалдайды
да, содан К
+
-дың концентрация градиенті өседі.
Симпорт механизмінде зарядталған иондардың бір жаққа тасымалы жүріп отырады. Осыдан
тасымал иондардың біреуі концентрация градиентімен, ал екіншінің тасымалы бірінші ион
тасымалы туғызған электр потенциалымен жүзеге асады. Зарядталмаған молекулалардың
екіншілей – белсенді тасымалының қарастырылған жағдайларының біреуі ішек қабырғаларындағы
глюкозаның сіңуі болып табылады.