Тақырыбы: Иондар транспорты.Активті тасымалдану. Мақсаты: Иондар тасымалы мен активты тасымалдың механизмін оқып үйрену.
Функциясын түсіну және оларды зерттеудің әдістемесімен танысу. Берілген тақырыпқа
есептер шығару әдістемесін игеру.
Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Белсенді тасымал
2. Иондар тасымалы. 3. Заттардың каналдармен иондық тасымалдануы.
4. Бірінші – активті, екінші – активті (түйіндес) тасымалдану. Оқыту әдістері - берілген тақырыпқа берілген хабарламаларды талқылау және тапсырмалар
орындау.
Қысқаша теория Тірі жасуша жеке заттардың өтімділік жылдамдығын, әсіресе жасушалық алмасуға кіретін
физиологиялық маңызды заттарды белсенді, таңдамалы түрде арттыру қабілеттілігіне ие.
Белсенді тасымал - концентрация градиентіне қарсы тасымал болғандықтан бір мезгілде
таңдамалы тасымал да болып табылады, сондықтан қоршаған ортадан жасушаның өмір сүруі
үшін керекті заттар осы жолмен жұтылады.
Мембрана арқылы қарастырылған бөлшектердің тасымалында электрохимиялық
потенциал кеми отырып, жүреді. Бірақ та ағзада нейтрал бөлшектердің немесе иондардың
тасымалынан жүйенің электрохимиялық потенциалы артып отыратын үрдіс үнемі
байқалады. Мысалы, жасушада калий иондарының концентрациясы жасушааралық
ортадан қарағанда жоғары болса, ал натрий иондарының концентрациясы керісінше төмен.
Қарама қарсы бағытталған калий концентрациясының гардиентінің жоғары болуы электр
потенциалының градиентін қолдайды және Нернст теңдеуімен анықталатын тепе - теңдік
жағдайына бағынады:
i o i c c zF RT ln
0
, мұндағы
потенциал, R-газ тұрақтысы, T- температура,
o C заттың
сыртқы,
i C ішкі концентрациялары.