Байланысты: 13 Медициналық интроскопияның негізгі техникалық құралдары
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ НУО КАЗАХСТАНСКО РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ Проекциялық әдісте денені бірнеше қырынан зондтайды (сәулелендіреді) және оның
көлеңкелік бейнесін (проекциясын) алады. Зондтаушы сәуле ретінде көбінесе рентген
сәулелерін пайдаланады (рентгенография).
Томографиялық әдістер үшін сәйкес келетін тәсілдерді келесі түрде көрсетуге
болады:
·
екі өлшемді томография: бір жазықтықтағы бірнеше қырлар – бір өлшемді
проекциялардың жиынтығы плюс математикалық өңдеу – екі өлшемді томограмма.
·
үш өлшемді қатпарлы томография: көптеген параллель жазықтықтардағы көптеген
қырлар – бір өлшемді проекциялар жиынтығы плюс математикалық өңдеу – екі өлшемді
томограммалар жиынтығы – үш өлшемді томограмма.
·
үш өлшемді еркін томография – көптеген еркін жазықтықтардағы (соның ішінде
қиылысушы) көптеген қырлар – бір өлшемді томограмма.
Эхозондтау.
Бірқатар жағдайларда эхозондтаудың кейбір әдістерін (мысалға, кәдімгі ультрадыбыстық
зерттеу) томографияға жатқызып қателеседі, бұл терминологиялық тұрғыдан дұрыс емес.
Ультрадыбыстық зерттеулерде де кейбір қималардың бейнелерінің алуына қарамастан
(томос) – оны алудың әдісі томографиялық болып саналмайды, себебі қиылысушы
бағыттарда көп қырлы түсірілімінің болмауы және ең негізгісі кері томографиялық
тапсырмалар шешімінің болмауы.
Ультрадыбыстық сурет алу үшін ешқандай математикалық ерекше алдын ала
өңдеудің қажеті жоқ. Ультрадыбыстың түрлендіргіш (негізінде кішкентай ультрадыбыстық
түрлендіргіштер жиынтығы) ультрадыбыстық толқынды (ультрадыбыстық шоғыр) біртекті
емес ортаға жібереді, ол оның шекарасынан белгілі бір мөлшерде шағылысады да
ультрадыбыстық түрлендіргішке қайта оралады, осы жерде тіркеледі. Суретті алу
принципінің қарапайым формасын келесі түрде көрсетуге болады: бір оске жеке
түрлендіргіштер номерлері салынады да (бағыты), екінші оске – ауытқудың (қашықтық)
уақытша тежелуі, жарықталыну – ауытқу қарқындылығы салынады.