«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Рашид-ад-дин өзінің XIV ғ. жарық көрген әйгілі “Жылнамалар
жинағында” Шыңғыс ханның “ұлы қорығын” мыңдаған сарбаздар
қорғайтындығы туралы жазған. Орта Азия
мен Қазақстандағы ежелгі
қорықтарды арнайы зерттеген ғалым Р.Сәтімбеков қорықтық аумақтардың
негізінен өзен аңғарлары мен тауалды жазықтарындағы жануарлар
дүниесін қорғау мақсатында пайда болғандығын айтады. Ғалым
археологиялық зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып, қорық ұғымының
қола дәуірінің өзінде пайда болғандығы жөнінде қорытынды жасайды. Осы
мәліметтерге сәйкес, XIV ғасырда Қаратаудың солтүстік бөктерінде
Тобалық-Қорық деп аталған орасан зор аумақты алып жатқан,
арнайы
қорғалған аңшылық аудан орналасқан.
Қазақстандағы бұрынғы қорықтық аумақтардың орнын топонимдер
арқылы көруге болады. Мәселен, Бадам және Арыс өзендерінің
аралығында Қорық атты жер, Бөген және Шаян өзендері аралығында
Қорықащы жылғасы, Сырдария
бойында Қорықкелес деген жер, өзен
атаулары, Келес өзені бойында Қорықсай атты жер, ескі арна атаулары бар.
Олардың барлығы дерлік өзен аңғарларының бойында орналасқан.
Қорықсай топонимі – облыстағы қорық сөзімен байланысты айрықша
атаулар тобына енетін, ертеректе осы нысанның қорылатын (қорғалатын)
аумақ болғанынан хабар беретін атау. Жоғарыда аталған аудандар шөбі
шүйгін, шаруашылыққа қолайлы жерлер болып табылады. Осының
негізінде халық табиғаты көркем өңірлерді ғана емес, шаруашылық
маңызы зор аудандарды да қорғалатын аумақтар ретінде айрықша есепке
алған деуге болады.
Жалпы Қазақстан бойынша қорық сөзімен байланысты ондаған атаулар
кездеседі. ХХ ғасырдың басында Павлодар уезінде зерттеулер жүргізген
орыс ғалымдары таулардағы
оқшауланған жайылымдар мен
шабындықтарды қазақтар “қорық” деп атайтыны туралы жазады және
мұны осы жерлердің шаруашылық маңызымен түсіндіреді. П.П.Румянцев
басқарған ресейлік экспедиция өздерінің жолжазбаларында сол кезеңде
Лепсі уезіне қарасты болған қазіргі Шығыс Қазақстан облысының
оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан “көктемгі және күзгі жайылым
ретінде пайдаланылатын Қорық даласы” туралы мәлімет қалдырған.
50