ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АТАУЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Қазақстан топонимиясының ұлттық-мәдени ерекшеліктерді көрсететін
қабатында осы өңірді мекен еткен халықтардың діни сенім-нанымдарына
байланысты қалыптасқан атаулар тобы ерекше көзге түседі. Жалпы қазақ
халқында айрықша табиғи нысандарды қорғау мақсатында олардың
атаулары арқылы тыйым салу дәстүрі болғандығын зерттеушілер атап
өткен болатын. Қазақстан өңірінде жергілікті халықтың табиғатты қорғау
дәстүрлерімен тығыз байланысты атаулар жүйесі қалыптасқан.
Исламға дейінгі кезеңде ежелгі түркілер отқа, Күнге, Айға, табиғи
нысандар мен табиғат күштеріне сиынып, табынған. Түркі халықтарының
әртүрлі діни сенім-нанымдары мен әдет-ғұрыптары өзін қоршаған табиғат
ортасын, ондағы жер мен суды, тау мен бұлақты пір тұтуынан айқын
көрінеді. Оның негізінде табиғатқа табыну ғана емес, оны қорғауға
бағытталған іс-әрекет жатыр. Түркі халықтарының барлығының тілінде де
жергілікті табиғат ерекшеліктерін бейнелейтін географиялық терминология
күшті дамыған. Табиғатпен етене байланыс әсіресе әртүрлі сенім-
нанымдарда табиғи ортаны пір тұту арқылы оны қорғауға бағытталған
элементтерді байқау қиынға соқпайды. Түркі халықтарында “тірі” ағашты
кесу, шөптерді тамырымен жұлу, су иесін ашуландырмау үшін “ағып
жатқан суды” ластауға тиым салынған. Қазақ халқы ежелгі түркілерден
туған жерді, атамекенді құрметтеу дәстүрін еншіледі.
Ш.Уәлиханов шаманизм аталатын бұл сенім-нанымның пайда болуының
өзі табиғатқа деген шексіз махаббат, оны қадір тұтып, қастерлеуден келіп
туындаған.
Ата-бабалардың қасиетті атамекенін пір тұтудың және жер-суды
дәріптейтін ежелгі ”ғаламдық сакрализацияның” нәтижесінде ерекше
атаулар қалыптасты. Көшпенді қоғамда кез келген ақпар кеңістік бойынша
ауызша таратылып, келесі ұрпақтарға ауызша жеткізілетіндіктен, қорғалуға
тиіс табиғат ескерткіштері өзіндік атауларға ие болуы қажет болатын.
Мұндай географиялық нысандарды олардың атауларында “әулие” деп
жариялаған халық өз жеріндегі сирек ағаш қорын, өзен мен көлді, тау мен
бұлақты, ежелгі сәулет өнерінің ескерткіштерін ғасырлар бойы қорғауға
алып келген. “Әулие” атаулар көбінесе үңгірлерге, жапан даладағы жалғыз
бұлаққа, жеке ағаш шоқтары өсіп тұрған шөлді аудандарға қойылады.
47
«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Тотемдік сипатқа ие болған фитотопонимдер қатарына Жиделіәулие,
Жыңғылдыәулие, Қарағашәулие, Шеңгелдіата жатады.
Оңтүстік өңірде ата-баба рухына табыну, аруақтарды құрметтеу дәстүрі
айрықша маңызға ие болған. Қазақтардың дәстүрлі мәдениетіндегі
аруақтарды құрметтеу, ол аудандардың табиғатына зиян келтіретін,
ластайтын, бүлдіретін жасауға тиым салу негізінде ата-бабалар, ерекше
қабілетімен танылған әулие адамдар жерленген жерлер қасиетті деп
танылған. Олардың басына тәу етуге бару үшін рухани және дене
тазалығын сақтауға тырысқан. Ондай жерлердің топырағы да, өсімдігі де,
аң-құсы да қасиетті деп есептелген.
Жер-су аттарында кездесетін “ата”, “мола”, “мазар”, “баба/бап” сөздері
халықтың жергілікті жердегі табиғат нысандарын қорғауға бағытталған
осы әрекетінің нәтижесі болып табылады. Облыс аумағында мазар, мола
сөзімен байланысты Қауынбаймола, Мазартөбе, Үркімбаймола,
Шыныбекмола оронимдері, Кемпірмоласай ойконимі тіркелді. Бұл
тұрғыда Ш.Уәлиханов жазбаларында мынадай деректер бар: “Сахараның
өн бойында көптеген көне әрі жаңа молалар… бытырап жатыр. Қазақ
тұрмысының бұл тілсіз ескерткіштері тарихи тұрғыдан гөрі географиялық
жағынан анағұрлым маңызды, себебі жерленген адамдар аттары ел аузында
мәңгілік сақталып қалады да, қазақ өзінің жол бағдарын осы молалардың
тұсына қарап айқындайды”.
Оңтүстік Қазақстан облысында әсіресе ата және баба компоненттерінің
қатысуымен жасалған атаулардың басқа аудандарға қарағанда жиі
кездесетінін атап өткіміз келеді. Қырғыз – орыс сөздігін құрастырушы
ғалым К.К.Юдахин географиялық атаулар құрамындағыата сөзі сол жердің
“қасиеттілігін” білдіретін компонент екендігін атап көрсеткен. Әдетте бұл
атаулар нақты адамдардың жерленген жерін көрсетеді, топонимикада
мұндай атаулар агиотопонимдер деп аталады. Олардың көпшілігі ерекше,
кейде емдік маңызы бар табиғат нысандарының атаулары болып табылады.
Облыс аумағында біз Арыстанбап, Артықата, Әкімата, Бабата, Ғайыпата,
Дәубаба, Жүсіп ата, Жылағаната, Жыңғылдыата, Ибата, Көктондыата,
Қауғаната, Қошқарата, Қоянбаба, Құмтиыната, Құмшықата, Құрышханата,
Лайқората, Леңгірата, Мұқымата, Сүзіката, Үйреката, Шеңгелдіата және
т.б. агиотопонимдерді тіркедік. Бұлардан басқа, Найынсабата, Садырбаб
ойконимдерін анықтадық.
Облыс аумағында әулие жерлер деп танылған нысандардың атауларында
ата компоненті жиі кездесетіні туралы айттық.
Солардың бірі – Жылаған ата үңгірі. Түркістан қаласынан 80 км жерде
Қаратаудың осы аттас шатқалында орналасқан.
48
|