«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
жайлауларға ат қойып келсе, әрбір облыс
тұрғындары отырықшы өмірге
бой ұрған соң, елді мекендер мен колхоз, совхоздарға,
фермалар мен
учаскелерге жаңаша ат қойып, айдар тағып отырды.
Жергілікті географиялық терминдер (ЖГТ) немесе апеллятивтер табиғи
объектілерді белгілеу ретінде пайдаланылады да, жер-су аттарын жасауда
негізгі ұйытқы болады.
Сонғы жылдары географиялық терминдер туралы КСРО
топонимистерінің біраз зерттеулері жарық көрді. Қазақтың халықтық
географиялық терминдері Ғ.Қоңқашпаев, А.Әбдірахманов, В.Н.Попова,
Е.Қойшыбаев, О.Сұлтаньяев еңбектерінде лингвистикалық тұрғыдан жан-
жақты зерттелді. Солтүстік
Қазақстан, Орталық Қазақстан облыстарына
тән микротопонимдер мен гидронимдердің құрамында географиялык,
термин (ЖГТ) мен апеллятивтердің кеңінен орын алғаны байқалады.
Мысалы, айрық, арқа, қыр, қоңыр, көн, өзек, сор, еспе, томар, дала, тау,
төбе, мұрын, адыр, тумсық, құдық, көл, өзен, бастау , бұлақ, сай, жал,
қағыл, тас, шағыл, қорық, қопа, шоқы, жар, ор т. б.
Қазақстан топонимдерінің стратиграфиясы бойынша этимологиялық
зерттеулер (лексикалық қабаттар).
Сонғы жылдары топонимикалық
зерттеулерде стратиграфия, немесе топонимдер стратиграфиясы, деген
термин пайда болды. Бұл терминнің анықтамасы мынадай:
Қазақстан территориясындағы, сол сияқты баска да аймақтардағы жер-
су аттарының көне формаларын, басқа тілден енгендерін т.б.
тарихи
құбылыстарды, топонимдердің этимологиясын комплексті зерттеу арқылы
ашуға болады.
Қазақстан топонимдерін осындай стратиграфиялық топтарға бөле келіп,
алтай, көне түркі замандарында жасалған топонимдерді, басқа тілдерден
ерте уақыттарда және орта ғасырларда енген топонимдерді с у б с т р а т т
ы топонимдер деп атайды.
46