«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2. Күрделі жеке ұғымдар. Олар географиялық
объектінің бірнеше
ерекшеліктері негізінде қалыптасады: бедер пішіні, аймақтағы өзендердің
ерекшеліктері, климат, топырақ, өсімдік, популяция және олардың
айналысатын шаруашылығы және т.б. ерекшеліетер негізіндегі ұғымдар 3.
Оқшауландырылған ұғымдар географиялық ортаға тән құбылыс. Мұндай
ұғымдар тек география ғана емес, басқа ғылымдарға және географияға
қатысты ақпарат қамтуы мүмкін(«табиғи жағдайлар», «шикізат көзі» және
т.б.)
Географиялық атаулар географияның өзіндік тілі болып табылады және
олардың көбі жалпы атауға айналып,
географиялық терминологияға
айналып кетті: исланд минимумы, әлпілік қатпарлық, карст үдерісі және
т.б. Кейде топонимдерде көрсетілген бірыңғай географиялық ұғымдар кең
мағынаға ие болып, топоним негізінде географиялық терминдер пайда
болуы мүмкін.
Мысалы: Карст үстірті және карст (Карст құбылысы), Вулкано тауы
және вулкан (вулкандық құбылыстар), Гейзер бұлағы және гейзер,
Меандрас өзені және ирелең және т.б.
Жиі атаудың өзі объектіні
сипаттайды (Рудный қаласы, Верхнее өзені және т.б.) Топонимдер көбінесе
бірыңғай географиялық ұғымдарды білдіретіндіктен, оларды географиялық
ғылымнан тыс зерттеудің маңызы жоқ екені анық.
Географияның бір бөлігі болып табылатын картография үшін де
географиялық атаулар өте маңызды. Бұл жерде В.А. Казакевичтің сөзі өте
орынды: «Кез-келген елдің картасы әрдайым ауданның орографиялық және
гидрографиялық жағдайларын нақты көрсете білуі тиіс, сондай-ақ барлық
географиялық атауларды картаға дұрыс түсірілуі қажет.
Географиялық атаулар көрсетілмеген карта мылқау болып келеді, және
оны қолданған адам көптеген қателіктер жібереді». Географиялық карта
бізге алуан-түрлі ақпарат береді. Картаның мазмұны тек градустық тормен
немесе тек дәстүрлі белгілермен ғана емес, көптеген атаулармен де
көрсетілген. Бұл атаулар тек қана бағдар ретінде ғана емес,
қосымша
ақпарат көздері ретінде де қызмет етеді.
Картадағы орынды анықтаған кезде, атауларды градустық тор қарағанда
жиі қолданамыз және «Мәскеуден солтүстікке қарай», «Оралдан тыс» және
т.б. жиі қолданылады. Карта тек қаланың тек орналасуын ғана көрсетеді,
бірақ ол туралы басқа ақпарат бермейді. Географиялық атаулардан
айырылған карта өзінің құндылығын жоғалтады. Демек, мылқау карта тек
оқуға ғана қиындық тудырмайды, ол өзінің көптеген мүмкіндіктерін
жоғалтады. Сондықтан, географиялық номенклатураның белгілі бір
минимумын игерместейінше, картаны зерттеу мүмкін емес.
14