Нуржігіт Алтынбеков
3
Девитализациялаушы
құралдарды
әдетте
жергілікті
жансыздандырғыш
препараттарға аллергия болған жағдайда қолданылады.
Девитализациялаушы құралдардың салу техникасы.
Ұлпаны өліеттендіру үшін мышьяк қойырпағының аз дозасы керек – 0,0006-0,0008
г немесе оның мөлшері №1 шартәрізді бордың бастың көлеміндей болу тиіс. Оны қояр
алдында тісжегі қуысын егеп-тазалап (немесе жартылай егеп-тазалап,
себебі
жансыздандыру орындалмайды), тісжегі қуысының тіс қуысымен байланысы болмаса,
онда тіс қуысын бір нүктеде (әдетте ұлпа мүйізше тұсында) ашып алады (бұл кезде
пациенттің қатты ауру сезімі пайда болады және ұлпа қанай бастайды).
Девитализациялаушы құралды зондтың көмегімен жоғарыда
жазылған мөлшерімен
апарып,
ұлпа
бетіне
орналастырады,
сосын
үстіне
антисептикке
немесе
жансыздандырғыш сүйықтыққа шыланған кішкене мақта тампонды қалдырады. Кейін
қуысты суға аралыстырылған жасанды дентиннен жасалған уақытша пломбамен жабады.
Егер тісжегі қуысының тіс қуысымен байланысы болса,
онда девитализациялаушы
құралды тіс қуысының ашылған жеріне салады.
Қойылған уақытша пломба қуысты герметикалық толтырып, жабу қажет (мышьяк
немесе параформальдегидтік қойыртпақ пломба астынан ағып кетпеу керек!).
Біртүбірлі тістердің ұлпасын өліеттендіру үшін мышьяк қойыртпағы 24 сағатқа
қалдырылады, көртүбірлі тістердің – 48 сағатқа. Сонымен қатар, баяу әсер ететін мышьяк
қойырпақтар шығарылады. Олар біртүбірлі тістерге 1 аптаға, көптүбірлі тістерге – 2
аптаға дейін қойылады.
Егер девитализациялаушы құралдар ретінде параформальдегидтік қойыртпақ
қолданатын болса, онда оны біртүбірлі тістерде 1 аптаға, көптүбірлі тістерде – 2 аптаға
дейін қалдырады.
Достарыңызбен бөлісу: