Нуржігіт Алтынбеков 22
ХІХ ғасырда патологиялық анатомия өзінің медицинадағы түбегейлі орнын
тапты. Берлинде, Парижде, Венада, Мәскеуде, Петерборда патологиялық
анатомия кафедралары ашыла бастады. Вена ғылыми мектебінің өкілі К.
Рокитанский (1804-1878) өзінің өте зор тәжрибесіне негізделген патологиялық
анатомияның заманындағы ең көрнекті жетекші кітапті ұсынды. К. Рокитанский
ғасырлар бойы басым болған
адам патологиясы гуморальдық теориясының соңғы өкілі болды.
Бұл теорияның ғылыми негізі жоқ еді.
Патологиялық анатомияның өркендеуіне табиғат зерттеудегі табыстар мен
ғылыми зерттеу жұмысына микроскопты қолдану, неміс ғалымдары Шлейден
мен Шванның организмнің жасушалық құрылымын ашуы қолайлы жағдай
туғызды. Р. Вирхов (1821-1902) аурулардың бейнесін табиғат зерттеу
ғылымының сол кездегі табыстарына сүйене отырып түсіндірген. Патологиялық
анатомияны дамытуға Р. Вирховтың қосқан еңбегі ерен. Шлейден мен
Шванның ашқан жаңалығының негізінде ол патологияның
материалдық
субстраты жасуша болып табылады деген тұжырымға келіп, 1855 жылы
патологияның жасушалық теориясын жасады. Дүниежүзінің Вирховқа
замандас патологанатомдары мен клиника мамандары патологияның
жасушалық теориясын ғылымды өркендететін тұжырым деп танып, оны
медицинаның ғылыми және методологиялық негізі ретінде кең қолдады.
Дегенмен, организмде дамитын күрделі патологиялық үдерістерді жасушалық
теория негізінде ғана түсіндіру мүмкін емес-тін. Сондықтан жасушалық
патологияға организмдегі нейрогуморальдық және гормондық реттегіш
жүйелерге басты мән берген ілім қарсы тұрып, медицинада жаңа бағыт
–
функциялық бағыт –
қалыптасты. Жоғарыда организмді зерттеу үшін
жасушалық және субжасушалық деңгейлерді зерттеудің зор маңызы аталған еді.
Бүгінгі таңда жасуша мен оның құрамдық элементтері (ультрақұрылымдары)
нейрогуморальдық және гормондық жүйелердің үздіксіз әсері мен бақылауында
болатын организмнің интегралдық (біріктіретін) құрам бөлігі деп қаралады.
Патологиялық анатомия әсіресе ХХ ғасырда қарқынды дами бастады; ол
өзінің алдындағы келелі міндеттердің шешімін табу мақсатында биохимия мен
биофизиканың, иммунология мен генетиканың, молекулалық биологияның
және электроника мен информатиканың заманауи жетістіктерін кең қолданды.
Көптеген елдерде патология институттары жасақталып, патологиялық
анатомияның іргелі жетекші кітаптары мен журналдары жарық көрді,
патологанатомдардың Халықаралық, Еуропалық және ұлттық ғылыми
қоғамдары жұмыс істейтін болды.
Ресейде мәйітті зерттеу тәсілі алғаш рет 1706 жылы І Петр медициналық
госпиталь мектептерін ұйымдастыруға нұсқау берген кезден жүзеге асырыла
бастады. Бірақ та Ресейде медицина қызметін алғаш ұйымдастырған Р.
Бидлооға, И. Фишерге, П. Кондоидиге діни адамдардың адам мәйітін зерттеуге
қарсы табан тірескен қарсылығынан өтуге тура келді. 1755 жылы Мәскеу
университетінде медицина факультеті ашылғаннан кейін ғана мәйітті зерттеу
жиірек жүзеге аса бастады.
Клиникаларды басқарған Ф.Ф. Керестури, Е.О. Мухин, А.И. Овер, ж.б.
–
алғашқы Ресей патологанатомдары.