Нуржігіт Алтынбеков
25
мен емдеуде жіберілген қателіктерді болдырмау шараларын талқылап, анықтау
үшін патологанатомдар
емгерлермен біріге отырып
клиника-анатомиялық
конференциялар
ұйымдастырады. Патологиялық анатомия бөлімдерінің
деректерін
қорытындылау
емгерлердің
(клиницист)
ғана
емес,
патологанатомдардың өздерінің де мамандығын үздіксіз
жетілдіріп отыруына
зор септігін тигізеді.
Патологанатомдардың күрделі де жауапты жұмысы РФ денсаулық сақтау
Министрлігінің бұйрықтары
мен ережелері арқылы реттеліп, елдің бас
патологанатомы қадағалап отырады.
Кеңестік патологанатомдар Бүкілодақтық
ғылыми қоғамға біріккен,
патологиялық анатомияның келелі мәселелеріне арналған Бүкілодақтық
конференциялар, пленумдар мен съездерді жүйелі түрде өткізіп отырады.
Патологанатомдардың 1935 жылдан бері шығарылып отыратын баспа органы
– «Архив патология» журналы бар; оның алғашқы редакторы А.И.
Абрикосов
болды. 1976 жылдан бері «Патологиялық анатомияның жалпы мәселелері» атты
реферативтік журнал да шыға бастады.