Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет165/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   832
68-сурет. Өкпенің абсцесі. 


Нуржігіт Алтынбеков 
147
Флегмона
– іріңді қабынудың жайылмалы түрі; оның даму барысында іріңді 
экссудат диффузды жайыла отырып, тіндердің арасына сіңіп, ажыратып, 
жидітеді. Флегмонаның жұмсақ және қатты түрі бар. 
Жұмсақ
флегмонаның
құрамында өлі тін ошағы көзге түсерліктей көлемде 
бола қоймайды. 
Қатты
флегмонада
ірің жидітпеген өлі тін ошақтары 
сақталып, кейін ол өлі тін сыртқа бөлінеді. 
Себебі
. Іріңді қабынуды көбінесе іріңдеткіш микроорганизмдер (стафилококк, 
стрептококк, гонококк, менингокок), кейде Френкель диплокогы, іш сүзегінің 
таяқшасы, туберкулез микробактериясы, саңырақұлақтар, т.б дамытады. Іріңді 
қабыну кейбір химиялық заттардың әсерінен, яғни асептикалық (микробсыз) 
жағдайда да дамуы мүмкін. 
Ағымы
жедел немесе созылмалы. 
Жедел іріңді қабыну
абсцесс немесе 
флегмона түрінде дамып, жайылмалы сипат алуға бейім. Іріңдіктің қабығы 
жидісе, ірің өзімен тұстас қуысқа құйылуы мүмкін. Кейде іріңдік пен әлгі 
қуыстың арасында 
жыланкөздік
жолдар
пайда болып; 
эмпиема
қалыптасады. 
Абсцесс немесе флегмона кезіндегі іріңді үдеріс 
лимфагендік
немесе 
гематогендік
жолмен
жайылып, 
септикопиемияның
дамуына себеп болады 

Сепсисті
» 
қара
). 
Созылмалы іріңді қабыну
дамыса, іріңдік қабықпен шектеледі (инкапсуляция). 
Іріңдікті қоршаған тінде склероз өрістейді. Егер ірің тіндерді жидітіп, жол 
тапса, теріде қалыптасқан 
созылмалы жыланкөздік жолдар
, яғни 
фистулалар
арқылы сыртқа шығады. Жыланкөз сыртқа ашылмай, іріңді үдеріс жайыла 
берсе, кейде алғашқы іріңдіктен шалғайда жаңа іріңдік қалыптасады. Ол 
іріңдік 
ақпа
іріңдік, немесе 
ақпа
деп аталады. Ұзақ мерзімді іріңді қабыну жұмсақ 
тіндерді қуалай жайылып, өте ауқымды іріңді ақпалар түзеді; науқас адам 
уытты әсерден қатты жүдейді. Оқ жарақаты іріңдегенде, 
жарақаттық
жүдеулік
; яғни 
іріңді
-
резорбциялық
қалтырау
дамиды (Давыдовский И.В., 
1954). 
Ақыры.
Іріңді қабынудың ақыры үдерістің ауқымына, микробтың 
вируленттілігіне және организмнің ахуалына байланысты. Қолайсыз жағдайда 
қоздырушы бактериялар бүкіл организмге жайылып, сепсис дамуы ықтимал. 
Егер үдеріс шектелсе, абсцесс өздігінен немесе хирургиялық тәсілмен жарылып, 
іріңінен босаған қуыс қабысады. Абсцестің қуысын грануляциялық тін толық 
жайласа, ол тін жетіле келе, іріңдіктің орнын тыртық басады. Кейде ірің 
қойылып, некроздық өлексеге (детрит) айналып, ізбестене келе, тасқа айналады 
(петрификация). Ұзақ дамыған іріңдік көбіне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет