Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Ағымы, әдетте жедел, кейде созылмалы (мыс., сірі қабықшалардың  туберкулезі) болады.  Ақыры



Pdf көрінісі
бет164/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   832
Ағымы,
әдетте жедел, кейде созылмалы (мыс., сірі қабықшалардың 
туберкулезі) болады. 
Ақыры
әртүрлі. Кілегейлі қабықша мен сірі қабықшада дамыған фибринді 
қабынуда айырмашылық байқалады. Фибринді қабыршық жидіп, сыдырылған 
кезде кілегейлі қабықша ойылып, жара пайда болады. Крупті қабынудан кейінгі 
ойық жара терең болмайды, ал дифтеритті қабынудың ойық жарасы, әдетте 
терең, кейін оны тыртықтық дәнекер тін жайлайды. Сірі қабықшадағы фибринді 
экссудат толық тарап кетуі мүмкін. Дегенмен, фибрин беріштеніп, плевраның, 
құрсақ қуысының, үлпершектің сірі қабықшасында бірікпелер жиі қалыптасады. 
Фибринді қабынудың ақырында дәнекер тін жайлаған ішкі қуыстар толық 
бітелуі (
облитерация
) мүмкін. 
Маңызы
өте зор. Фибринді қабыну бірқатар аурулардан (дифтерия, 
дизентерия), уремия мен басқа да уытты себептерден дамитын үдерістердің 
морфологиялық негізі. Көмейде, кеңірдекте түзілген фибринді қабыршық 
тұншығу қаупін туғызса, ішектегі фибринді қабыршық сыдырылғанда пайда 
болған ойық жарадан қан кетуі мүмкін. Фибринді қабыну кейде ұзақ уақыт 
жазылмай, ақырында тыртықтанған ойық жаралар қалдырады. 
Іріңді қабыну.
Қабынудың бұл түріне тән экссудатты негізінен нейтрофилдер 
құрайды. 
Ірің
денешіктері
деп аталатын өлі нейтрофилдер экссудаттың сұйық 
бөліміне араласып, ірің түзеді. Сонымен іріңнің негізі – нейтрофилдер. Іріңнің 
құрамында лимфоциттер, макрофагтар, өлі тін мен микробтар да болады. Ірің – 
түсі сарғыш жасылдау, қоймалжыңдау сұйықтық. Лейкоцитте протеолиздік 
ферменттер көп, сондықтан іріңді қабынудың негізгі ерекшелігі – 
гистолиз

яғни тінді жидіту. Іріңді қабыну дамымайтын тін де, мүше де жоқ. 
Морфологиялық бейнесі
. Іріңді қабыну қамтыған ауқымына қарай, абсцесс 
немесе флегмона түрінде дамиды. 
Абсцесс (іріңдік)
– іріңді қабынудың ошақты түрі; ол ішіне ірің жиналған 
қуыс қалыптастырады (68-сурет). Айналасында біртіндеп грануляциялық тін 
жолағы пайда болып, құрамындағы капиллярлардан лейкоциттер шығып, кейін 
іріңдіктік қабықша шектейді. Бұл қабықшаның зақымдалмаған тіндермен 
шектес сыртқы қабатын дәнекер тін 
талшықтары құраса, ішкі қабатын үнемі ірің 
түзіп тұратын грануляциялық тін түзеді. 
Іріңдіктің ірің түзіп тұратын ішкі қабаты 
пиогендік
(ірің түзетін) 
мембрана
деп 
аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет