Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет827/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   824   825   826   827   828   829   830   831   832
Қабыну үдерісінің сипатына
қарай, стоматит: катарлы, катарлы-
десквамациялы, катарлы-ойық жаралы, гангреналы, везикулалы, күлдіреуікті, 
афталы, паракератозды және гиперкератозды болады.
ІСІКАЛДЫЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
Жоғарыда сипатталған аурулардың (хейлит, глоссит, стоматит) созылмалы 
нысандарын ісікалдылық үдерістер тобына жатқызуға, яғни кейде ісікке 
айналатын ауру деп есептеуге болады («
Ісіктерді
» қара). 
Ісікалдылық 
үдерістерге
лейкоплакия, 
еріннің 
шектеулі 
гиперкератозы 
мен 
кератоакантомасы, Манганотти хейлиті жатады. 
Лейкоплакия
(грекше: 
leucos
– ақ; французша: 
plaque
– тәмсім, жұқа табақша) 
– ауыз қуысының шырышты қабықшасы эпителийінің ұзақ уақыт зақымдалып, 
дистрофияға ұшырап, қасаңдануы; ағымы созылмалы. Шырышты қабықшада 
алдымен ақ дақ пайда болып, кейін түйіншекке айналады. Дақ пен түйіншек 
көбіне тілдің, кейде ауыз қуысының шырышты қабықшасының әр жерінде 
қалыптасады. Түйіншек, әдетте шырышты қабықшаның үстін томпайтыңқырап 
тұрады; үсті бұдырлау, жарықшақты. Көбіне жас шамасы 30-50-лердегіде 
дамып, ерлерде әйелдерден бірнеше есе жиірек байқалады. Даму себебі 
мыналар: шырышты қабықшаны темекі шегіп немесе оны шайнап ұзақ уақыт 
тітіркендіру, протезбен немесе кариесті тіспен ұзақ жарақаттау (жергілікті 


Нуржігіт Алтынбеков 
648
факторлар); инфекциялық созылмалы ойық жаралар мен витамин А тапшылығы 
(жалпы факторлар). 
Лейкоплакияның екі нысаны бар: жайпақ лейкоплакия және сүйелді 
лейкоплакия. 
Жайпақ нысаны
дамыса, гистологиялық тәсілмен зерттегенде 
базал мембранасы мен түйіршікті қабаттары өсіп, паракератоз бен акантоз орын 
алғандықтан, көпқабатты жайпақ эпителийдің қалыңдағаны көрінеді. 
Акантозды жолақтар дермаға терең жайылып, олардың төңірегіне жұмыр 
жасушалар шоғырланады. 
Сүйелді нысаны
болса, эпителийдің негізінен базал 
қабаты көбейіп, қалыңдайды. Сондықтан да түйіншектердің үсті бұдырлы 
болады. Дермаға едәуір лимфоциттер мен плазмалы жасушалар жиналады. 
Лейкоплакия көп жылға созылады. Сүйелді нысаны карциномаға жиі 
ұласатындықтан (50%-дайы), лейкоплакия 
ракалдылық
аурулар
тобына жатады. 
ІСІКТЕР 
Ауыз қуысының ісіктері де эпителийлік, мезенхималық және меланинтүзетін 
тіндерден, шеткі жүйкелік жүйеден туындайды; тератомалар да байқалады. 
Олар қатерсіз де, қатерлі де болады («
Ісіктерді
» қара). Басты ерекшелігі – 
өмір 
үшін маңызды үдерістер
(тағамды шайнау, жұту, тынысалу) 
бұзылып

бетте 
косметикалық ақаулар
қалыптасады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   824   825   826   827   828   829   830   831   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет