Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет9/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
17
Үшінші басылымына алғы сөз 
1988 жылы осы оқулықты бірге жазған менің ұстазым А.И. Струков бақилық 
болып, үшінші басылымды жалғыз жазуға тура келді. Жаңа басылымда 
оқулықтың бұрынғы құрылымы сақталып, ол да жалпыпатологиялық анатомия 
(адамның жалпы патологиясы) және жеке аурулар патологиялық анатомиясы 
бөлімдерінен құрылған. Адамның жалпы патологиясы медицина ғылымының 
негізі, сондықтан оны медицина институттарындағы барлық факультеттердің 
студенттері оқуға тиісті. Ал адамның жеке ауруларының патологиялық 
анатомиясында баяндалған екінші бөлімнің басым бөлігі әр факультеттің 
студенттеріне арналып, сонымен қатар, ол бөлімде педиатрия, санитарлық-
гигиеналық және стоматология факультеттерінің студенттеріне ғана қажетті 
арнайы бөлімдер мен тараулар да берілген.
Жаңа басылым бірқатар соны деректермен де толықтырылған. Адамның 
жалпы патологиясына арналған бөлімге «Жасушалық патология», «Шок», 
«Склероз» және басқа да тақырыптар қосылып, жеке аурулар патологиялық 
анатомиясының көлемі «Тромбоцитпениялар мен тромбоцитпатиялар», «Ми 
тамырларының аурулары», «Васкулиттер», «Жедел бронхит», «Интерстицийлік 
нефрит», «Сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары», «Орталық жүйке жүйесінің 
аурулары», «ЖИТС)», «Иерсиниоз» сияқты жақа тараулар және тақырыптармен 
кеқейтілді. Оқулықтағы тараулардың көбі қайта өңделді. 
Адамның жалпы патологиясы мен аурулары этиологиялық, пато- және 
морфогенездік, морфологиялық тұрғыдан пайымдалып, биопсиялық деректер де 
кең қолданыс тапқан. Адам организмінде байқалатын патологиялық үдерістер 
мен аурулар түрлі құрылымдық деңгейде қамтылып, заманауи жаңа тәсілдер 
(гисто- және цитохимия, иммундық гистохимия, электрондық микроскоп, 
радиоавтография) арқылы дәйектелген. 
Оқулық патологиялық анатомияны оқытудың жаңа бағдарламасына 
негізделген. 
РФ МҒА-ның академигі 
В.В. Серов




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет