Нуржігіт Алтынбеков 18
Кіріспе ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Патологиялық анатомия — патологияның (грекше:
pathos — ауру) бір
бөлімі; ол биология мен медицинаның ауруларды әртүрлі қырынан зерттейтін
ауқымды саласы болып табылады. Патологиялық анатомия аурулардың
құрылымдық (материалдық) негізін зерттейді. Патологиялық анатомия
ғылыми және
қолданбалы пән болғандықтан, оның деректері медицинаның
теориясына да, клиникалық жұмысына да қызмет етеді. Паталогиялық
анатомияның теориялық және ғылыми маңызы жасушалық патологияның
жалпы даму заңдылықтарын, патологиялық үдерістерді және ауруларды, яғни
адамның жалпы патологиясын зерттеу барысында толық айқындала түседі
. Адамның жалпы патологиясы ең алдымен жасушалық патология мен
жалпыпатологиялық үдерістердің морфологиясын зерттейді, сондықтан ол
жалпы патологиялық анатомия курсының мазмұндық негізі болып
табылады. Патологиялық анатомияның клиникалық және қолданбалы мәні —
адамның алуан түрлі ауруларының, әр аурудың өзіндік ерекшеліктерінің
құрылымдық негізін зерттеу арқылы
ауру адамның анатомиясын, басқаша
атасақ,
клиникалық анатомияны қалыптастыруында
. Бұл бөлімге
жеке аурулар патологиялық анатомиясы деп аталатын курс арналған.
Жалпы және жеке аурулар патологиялық анатомиялары тығыз байланысты,
өйткені синдромдар мен адам ауруларының мазмұны жалпыпатологиялық
үдерістердің әр қилы сабақтастығына негізделген. Синдромдар мен аурулардың
құрылымдық негізі олардың клиникалық бейнесімен тығыз байланыстылықта
пайымдалады. Сондықтан отандық патологиялық анатомияның басты
ерекшелігі —