Нуржігіт Алтынбеков 114
VII тәсім. Қатайған қоңыр өкпенің морфогенезі Өкпенің идиопатиялық қоңыр қатаюы (өкпенің идиопатиялық, яғни эссенциалдық
гемосидерозы; пневмагеморрагиялық ремиттациялы анемия; Целен-Геллерстедт
синдромы) деп аталатын ауру да бар. Ол көбіне 3-8 жас аралығындағы балаларда
дамитын, сирек ауру. Эссенциалдық гемосидероз бен жоғарыда сипатталған салдарлық
гемосидероздың морфогенезінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Дегенмен, бейнесі
айқындау гемосидерозға көбінесе көптеген қанды дақтар қосарланады. Ол өкпе қан
тамырларының эластикалық негізі бірден дұрыс қалыптаспағандықтан дамитын сияқты;
сол себепті өкпе тамырларында аневризмалар қалыптасып, қан іркіліп, қанды дақтар
пайда болады. Инфекция мен уытты әсердің, аллергия мен аутоиммунданудың рөлі де
жоққа шығарылмайды.
Бүйрек веналық қан жалпы сипатта созылмалы іркілген кезде ұлғайып,
қатаяды, реңі көкшіл болады; бұл
бүйректің цианоздық индурациясы. Веналық
қан
, әсіресе оның милық заты мен аралық аймағына көп іркіледі. Веналық
іркілуге лимфостаз қосарланады. Гипоксия үдеген кезде нефронның негізгі
бөліміндегі нефроциттерде дистрофия дамып, склероз өрістейді, бірақ бұл
үдерістер онша айқын бола қоймайды.
Фибробластылар
жанданып,
пневмосклероз
дамиды
Плазмалық
белоктар шығып,
тіндерге сіңеді
Диапедездік
қанды дақтар -
гемосидероз
Лимфалық
жүйе
қызметінің
жеткіліксіздігі
қалыптасады
Веналық созылмалы толыққандылық,
өкпелік гипертензия, тіндік гипоксия
Өкпенің веналары мен артерияларының
құрылымдарында адаптациялық өзгерістер
дамиды
Өкпенің артерияларында склероз дамып,
адаптациялық үдерістер құлдырайды
күйреуі
Тіндерінде гипоксия үдейді
Капиллярлар қан
кернеп, кеңиді
Капиллярлар қан
кернеп, кеңиді
Қан тамырлары
қабырғасының
өткізгіштігі артады
Қан тамырлары
қабырғасының
өткізгіштігі артады